• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2011

Алтайдың аясында көп ауыл бар

564 рет
көрсетілді

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ Өр Алтайдың төріндегі Ка­тон­қарағай ауданының тұрғын­дары көктем келе қарбалас ша­руаларға ден қойып, тайлы-тұя­ғы­мен ау­ла­ларды тазалау, тас­қын судың ал­дын алу, басқа да істерге назар аударады. Бұл өңірге көктем кеш келеді, ауа райы жылы қабақ танытып, биік тау беткейлеріндегі қалың қар төмен қарай бұлақ бо­лып, бұлақ­ты қойып сарқырап өзен болып аққанда асау Бұқ­тырма бұл­қы­нып, арнасынан асып кей жыл­дары бірнеше ауылдарды су ба­сып қалған шақ болған. Телегей теңіз Бұқтырманың мол суын көргенде еріксіз тітіркендік. Катонқарағай ауданының әкімі Арман Бекбосынов бізді жылы қарсы алды. – Жыл сайын Бұқтырма та­сып, мінез танытқан кезде аудан халқы әбігерге түсе бастайды. Сенное ауылын екі жыл бұрын су басқан кезде облыс басшысы Б.Сапарбаев к­е­ліп, нақты көмек көр­­сеткен. Жа­ға­лауды бекіту үшін миллиондаған теңге қаржы бөлін­ді. Енді, міне соның нәтижесін кө­­ріп отырмыз. Сол кездегі аудан әкімі Серік Зай­нулдин тас­қын судың алдын алуда көп ең­бек сіңірді. Ал биыл да көктемгі су тасқынының салдары­нан кө­лік жолдарының жекелеген учаскелері бүлінді. Жолды қал­пы­на келтіру үшін сметалық есептеулер жүргіздік. Аудандық бюд­жет­тің есебінен Новополяковка-Ульяновка, Новохайрузовка-Құндызды, Жаңаүлгі-Жамбыл-Берел, Ақма­рал, Шұбарағаш, Коробиха ауыл­дары­ның кіреберісі қалпына келтірілді. Облыстық «Парыз» қоры­нан бөлін­ген қаражат есебінен «Со­горное-Барлық-Ақсу» бойын­дағы 27-39 ша­қырым жолға орташа жөндеу жүр­гізілді, – деп аудан әкімі біраз жайлардан мағұлмат бере кетті. Бұдан кейін аудан әкімі жергілікті тұрғындар үшін аса маңызды жаңалықты хабардар етті. – Жаңа ғана біз республикалық аса маңыз­ды «Өскемен-Зырян-Үлкен На­рын-Катонқарағай-Рахман қай­на­ры» тас жолының жобасын жасай­тын мамандармен жолығып, пікір алмастық. Олар 110 миллион тең­ге­ге жобаны жасап беретін болды. Ар жағында Өрелден әрі қарай атақты шипажайға дейін асфальт төселетін мәселе шешімін табатын шығар. Егер Өрелден Рахман қайнарына дейін тақтайдай тегіс жол салынса, халықтың алғысын алар едік. Еліміздің түкпір-түкпі­рі­нен, шетелдерден туристер Мұз­тауға, Рахман қайнарына ағылар еді. Сосын Үлкен Нарын-Свин­чат­ка Күршімге 23 шақырым асфальт төсеу басталды, – деп аудан басшы­сы ағынан жарылды. Аудан әкімінің айтуынша, Ел­басының Үкімет пен барлық дең­гей­дегі әкімдерге берген тапсыр­ма­сына сәйкес ауданда экономи­ка­ны тұрақ­тандыру аясында айтар­лық­тай істер тындырылуда. Өткен жылы қаржы­лан­дырудың барлық көздері есе­бінен негізгі капиталға жалпы со­масы 1 миллиард 783,9 мил­лион тең­ге инвестиция тартыл­ған. Өндірістік өнім өн­діру көлемі был­тыр 1799,3 миллион тең­гені құраған. Ал ауыл шаруашы­лы­­ғы­ның жалпы өнімі 8 мил­лиард 794 миллион теңге болып, есептік мер­­зімде ауданда 12564 тонна ет, 42257 тонна сүт, 188,9 тонна жүн жә­не 8635,5 мың дана жұмыртқа өнді­ріл­­ген. Ауданда 12 мал борда­қы­лау алаңы бар, оларда 167 тонна ет өн­дірі­ліп, 13,4 милион теңге жәрдем­ақы иге­рілді. Мал басы жыл сайын көбе­йіп келеді, бесінші түлік марал мен теңбіл бұғы бір кездері күрт азайып кетсе, енді санын көбейту амалдары қарастырылуда. 9 марал шаруашылы­ғын­да 6280 бұғы мен марал бар. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев марал мен бұғыға был­тыр – 25, биыл 40 мил­лион тең­ге субсидия бөлді. «Ақсу-Дэен» серіктестігі шөп­тен жасалған отыз­дан астам дәрі-дәр­мек, панты мен бал өндіреді. Та­би­ғаты тамылжыған ғажайып өңірде туризмді дамыту мәселесіне өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлы ерекше көңіл бөліп отыр. Ол жайлы өздеріңіз хабардар боласыз­дар, – деген Арман Бекбо­сынов бізді жаңа Хайрузовка ауылына қарай бастады. «CАМАЙ-ТРАНСТЫҢ» БАСТАМАСЫ ҚУАНТАДЫ Тоғыз жылдың торабына тұрған Новохайрузовка ауылына кіре сала тазалықты байқадық. Ағаштар енді ғана бүр жара бастаған, аулаларын тазалап, қүл-қоқыс шығарып өртеп жатқан тұрғындарда тыным жоқ. – Ауыл әкімі Ержан Бегімханов қазір іссапарда жүр. Тындырымды, іскер аза­мат. Өзіне де, жұртқа да маза бермейді. Көріп тұр­сыз­дар, мына бірнеше дүкен сырланды, іші де, сырты да әдемі. Өзі ізденгіш, жаңадан бой көтерген мәдениет үйін­де қазір күн са­йын кино көр­сетіліп, түрлі ойындар, дискотекалар өтіп жа­тады. Ал жаңа мәдениет үйін салып, оны өздері қар­жыландырып, жұмысшы­ла­ры­на жалақы тө­леп отырған «Самай-транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, – деді аудан әкімі Арман Бекбосынов. Ауылдың ажарын ашып тұрған мәдениет үйіне кірдік. Екі қабатты ғимарат іші жаңа жиһазға толы. Бұл жерде душ, массаж бөлмесі, бильярд, кино көр­се­тетін үлкен зал бар екен. Бал­аларға арналған кино – 50, ал ересектерге 70 теңгеден көрсетіледі. Жаңа жыл, Наурыз мерекесінде ауыл тұрғын­дары­ның қа­тысуымен бал өткізі­ліп­ті. Шахмат, дойбы жарыстары тұ­рақ­ты өтіп тұрады, ән, би үйірме­лерінің жетекшілері Қадыш Рамазанова, Полина Брух, Мария Минор, меңгеруші Елена Юрьева ауыл жас­тарының бос уақыттарын мәнді де сәнді өту­леріне көңіл бөледі, – дейді  «Са­май-транстың» атқарушы дирек­торы Мәлік Садуев. Айта кету керек, «Самай-транс» серіктестігі­нің өкі­леттігі Алматыда. Оның жетекшісі Мұрат Зиядаұлы жетекшілік ететін холдингте екі мыңнан астам адам еңбек етеді. Садуев­тер­дің үл­ке­ні Бауыржан Зиядаұлының ос­ын­да шаруа қожалығы бар. «Ту­ған жерге тағ­зым» акциясы ая­сын­да ел мен жерге қызмет істеп жат­қан азамат­тар­ға ал­ғыстан басқа ай­тарымыз жоқ. – Мәдениет үйінің құны 36 миллион теңге. Оның 14 миллионын ғана аудандық бюджет көтеріп алды. Ал қалғанын Садуевтер отбасы бөлді. Мәдениет үйіндегі қызметкерлерге жалақы төлейді, өздері қаржы тауып, халық игілігіне жаратып жатыр. Аталмыш акция бойынша кіндік қаны тамған жеріне адалдық таны­тып, қаржыларын құйып, игілікті іс атқарып жатқан басқа азамат­тарға да алғысымыз шексіз, – дейді аудан әкімі Арман Бекбосынов. Олар кімдер дегенге келсек, Үш­бұлақ ауылының тумасы Қайрат Ахметов өз қаражаты есебінен (35 миллион теңгеге) ауылдық клубты са­лып берді. Жылу құбыры мен қазан­дықты да іске қосты. Облыстық мәс­лихаттың депутаты Темірбек Исабаев Катон­қа­рағай ауылында «Баян» шипа­жа­йын салды, қазір онда жыл көле­мін­де жүз­деген адам демалып, ден­сау­лықтарын түзейді, пантымен емделеді. Осы өңір­дің тумасы, соңғы бес-ал­ты жыл­да облыста жеті мектепті сапа­лы етіп салып берген «Құрмет» орденді Ержан Сқақов деген азамат Күр­шімде тұрып жатса да ауылына қарай бет түзеп, кіндік қаны тамған Ең­бек ауы­лына 40 миллион теңгеге үлкен спорт кешенін салып беруді қолға алды. – Алматы, Астана мен Өске­менд­е тұратын «Қызыл жұлдыз» ауылының бір топ іскер азаматтары Астана қаласының туған күніне орай үлкен мешіт құрылысын аяқтауда межелеп отыр. Ал Солоновка ауылының тума­сы Арғын Исабаев деген азамат мешіт пен спорт кешенін тұрғызбақ. Ұлық­бек Тумашев деген жерлесіміз Үлкен Нарында бір шақырым 200 метр жолды асфальттап, көшеге жарық орнатқызды. Оған 15 миллион теңге қаржысын салды, – дейді бізбен бірге жүрген аудандық әкімдік­тің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Қайыржан Садуев. ЖАСТАРДЫҢ ҚОНЫС ТОЙЫ Жаңа Хайрузовка ауылдық округінің бас маманы Ләззат Ма­мырханова ауылда май цехының жұ­мыс істеп тұрғанын айтты. Орта мектеп, балабақша жұмыс істеп тұр. Қазір әкімдік қарамағында екі мың­нан астам ірі қара, он мыңдай қой, жылқы бар. Жақында аудан­дық, ауылдық әкімдік және шаруа қожалықтары төрағалары үш жақ­ты келісімге отырып, азық-түлік, мал өнімдерін арзан бағамен өткізу жөнінде үшжақты шартқа отырған. Атап айтқанда, Н. Гутман 365 мың теңге, Бауыржан Садуев 7 миллион 464 мың, ал Қа­сымбай Мұхамет­қайыровтың қо­жалығы 540 мың теңгеге қайы­рымдылық шараларын жасамақ. Тамаша дәстүр! Үлкен Нарын ауылына келдік. Мұнда да көшелер жөнделіп, ағаш көшеттері отырғызылуда. Апта сайын сенбілік өткізіледі екен. Аудан әкімі А.Бекбосынов аудан ор­талығында салынған 16 пәтер­лік екі қабатты тұрғын үйге бастады. Пәтерлер көшіп келген ағайын­дарға, жас мамандарға бөлініпті. Үлкен Нарын ауылындағы ор­талық мешітті осыдан бірнеше жыл бұрын осы өңірдің тумасы Марат Татаев өз қаржысына сал­ып берген. Мараттың әкесі Қабды­ғали қария туған жеріне еңбегі сіңген, Ұлы Отан соғысының ардагері. Бұдан төрт жыл бұрын дү­ниеден озған қария атындағы мешіттен ауыл тұр­ғындары үзіл­мейді, қайырым­дылық шара­лары өтіп тұрады. Бұдан кейін Солоновка ауылдық округіне атбасын тіредік. Ауыл әкі­мі Бердібек Ережепов «Туған жерге тағзым» акциясы аясында атқары­лып жатқан шаралармен таныстыра кетті. «Құрмет» орденді «Жас қа­нат» және «Кіші Нарын» серіктес­ті­гі­нің иесі Анатолий Матасов аза­маттық жасап, бұрынғы балабақша мен мәдениет үйінің ғимараттарын тегін қайтарып беріпті. Балабақ­ша­да елуге тарта бүлдіршін тәр­бие­ле­ніп жатса, мәдениет үйі тұрғын­дар­дың жиі бас қосатын орнына ай­налған. Осы акция бойынша Дархан Біткімбаев та бір ғимаратты ауыл­дас­тарына сыйға тартыпты. – Бізде 68 шаруа қожалығы бар. Үш серіктестік, бір өндірістік кооператив те егін егіп, мал өсіреді. А. Матасов, Қ. Мырзашев, Н. Қараталов деген қожалық иелері жүздеген адамға жұмыс тауып беріп отыр. Күнбағыс майын шығаратын шағын цех, наубайхана жұмыс істеп тұр. А. Матасов өз жұмысшыларына нанды 25 теңгеден береді. Жемшөп, көмірді де екі есе арзан бағамен түсіріп береді. Мал басы өсіп келеді, өткен жылы егіннен жақсы өнім алдық, – деді ауыл әкімі Бердібек Ережепов. Мәдениет үйінің директоры Бек­нияз Серікбаев осында түрлі мәдени шаралардың өтіп тұраты­нын айтты. Бұдан кейін ауылдағы фельдшерлік-акушерлік қосынға кірдік. Оның меңгерушісі Нұрғай­ни Қырқым­басо­ва дәрігер болып 40 жыл бойы жемісті қызмет атқарып келеді. Акушерка Гүлжан Көкенова, медбике Люба Тұрды­баева үшеуі 1200 адамға дәрігер­лік қызмет көрсетеді. Алтайдың аясында көп ауыл бар. Өрел, Шыңғыстай, басқа да ауылдарда да көп игілікті істер атқарылып жатыр. Иә, одан әрі де атқарыла бермек. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы.