• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Өнер 05 Мамыр, 2011

Қазақстандық шеберлер көрмесі

3202 рет
көрсетілді

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Президенттік мәдениет орталығында «Шеберлер ауылы» бірлестігінің ұйымдас­тыруы­мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Әр ұлт мәдениетін тоғыстырған көрме халық биі «Қара жорғамен» ашылды.

Көрмеге Қазақстанның әр облысынан келген 30-дан аса шеберлер қатысты десек, Амангелді Мұқажанов, Серікқали Көкенов, Кәлімхан Рахмет­байқызы, Лилия Ким, Мирлан Мамбета­құнов және басқа да ше­белердің киізден жасал­ған киім­дері, ағаштан ойылған ыдыс-аяқтар, табиғи тастардан жа­салған моншақтар мен түрлі әше­кей бұйымдары көпшілік көңі­лінен шықты.

Көрменің мақсаты – қолөнер шеберлерін қолдау, оларды бір-бірінен үлгі алып, тәжірибе ал­мастырту, сонымен қатар, халық мұрасын ұлық­тап, қайталанбас мәдениетті дәріптеу.

Сол секілді, біздің тағы бір көзде­гені­міз, өз бұйымдарымызды жаңа заман талаптарына сай етіп тұ­тынушыларға ұсыну десек, біздің бұйым­дарымыздың ден­сау­лыққа залалы жоқ таза өнім екенін, бағасының да аса қымбат еместігін айта кеткен абзал – дейді «Шеберлер ауылы» бірлес­тігінің директоры Нұрлан Айтбай.

Майгүл СҰЛТАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің 4-курс студенті.