• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2011

Cіз не дейсіз?

333 рет
көрсетілді

СІБІР ЖАРАСЫ АУЫЛДЫ ӘБІГЕРГЕ САЛЫП ЕДІ... Былтырғы жылғы осы уа­қыт­та Ақсу қаласы аума­ғына қарасты Жолқұдық, Рев­ровка, Қаракөл ауылда­рын­дағы мал сібір жарасы індетіне ұшырап, адам өлімі де орын алып, об­лыс­ты біраз дүрліктірген бо­ла­тын. Біраз басшы қызмет­те­рі­нен кеткен еді. Қазір, міне, жер қара, күн жылынды. Мал өріс­ке шықты. Былтырғы жағ­дай­дан секем алып қалған бізге ха­барласқан осы ауылдың тұр­­ғын­дары күнделікті ішіп-жемі етпен, сүтпен байла­ныс­ты бол­ғандықтан, мал­дың саулы­ғы – адамның саулы­ғы деп отыр. Ал қорадағы малдарын сібір жа­расы індеті шарпып өткен осы ауылдарда қазір қандай сақтық шара­лары жасалуда, әкім­дік­тегілер былтырғы оқиғадан қандай сабақ алған екен? «Егемен Қазақстанның» Павлодар облысындағы тілшісі Фарида Бықай Ақсу қалалық ветеринария бөлімінің бастығы Асанбек Ысқақовқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Қазір жағдай бақылауда. Яғни, бүгінде барлық ауылдық аумақтар әкімдіктерінде ветеринар дәрі­гер­лер бар. Мал дә­рі­герлері ар­найы аттестаттаудан өтті. Өткен жыл­дың оқи­ғасына жол бермеу үшін қазіргі күндері сібір жара­сы індетіне қарсы 10,6 мың ірі қара мал, 2,6 мың бас ұсақ мал, 814 жылқы, 1185 шошқа егілді. Алдағы уақытта есепке алынған барлық ауылдың мал­дарын егу жалғасатын болады. Дәрі-дәр­мек­тер жеткізілуде. Бруцеллез ау­руына қарсы малдан қан сы­на­малары алынуда. Қалаға қарасты ауылдарда қасапханалар жұмыс істейді. Мал өлігі көмілетін 13 көмбе, 11 биотермиялық шұңқыр жасалуда. Қала әкімі Оразгелді Қайыргелді ветеринария бөлі­мі­не бұрындары індет ошағы тіркелген орындарды нақты­лау және мал басын анықтау шара­ла­рын қысқа мерзімнің ішінде аяқтау туралы тапсыр­ма берді. – Әр ауылда бір лицензиат-мал дәрігері эпизоотияларға қар­сы жұмыстарды жүргізуде. Олар­дың барлығы биылғы жылы Ақсу қаласының ветеринария бөлімін­де тіркеліп, келі­сім-шарт жасал­ды. Эпизоотия­ға қарсы көктемгі іс-шаралар­дың сібір жарасы індетіне қарсы төрт түлік малдың бар­лығын егу мен қара малды қан алу арқылы бруцеллезге тексеруді, аллергиялық әдіспен туберкулезге тексеру және 4 жасқа толмаған қара малды қарасан ау­руына қарсы егудің орындалуын және малдың жаңа бағдарлама бойынша бірдейлендірілуін, мал­дың барлығын компьютерлік ба­за­ға енгізуді аяқтадық. Мал жаз­ғы жайылымда алаңсыз жайы­лады, ауылдықтар көңілі тыныш болады деп ойлаймыз. Қауіпті аурулардың алдын алуда негізгі шаралардың бірі – малдың сойы­луын реттеп, қадағалау қатаң түрде тексеріледі. Сонымен қатар, Достық ауы­лында шошқа өсіретін кешен мен Қызылжар құс фаб­ри­ка­сын­да құс сою цехтары жұмыс істеуде. Павлодар облысы.