• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2011

Қазақстан – Ресей: Салмақты да салиқалы ұстанымдар саясаты

382 рет
көрсетілді

Алматы қаласында бүгін, яғни 14 мамыр күні Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төр­аға­лығы аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Келіссөздерде қазақ­стан­дық делегацияны еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов басқарады. Ал кеше, 13 мамыр күні Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының Ресей Федера­ция­сының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуі болып өтті. Қазақстанға кезекті жұмыс са­па­рымен келген РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов кездесіп, бірқатар келіссөздер жүргізді. Екі мем­лекеттің бас дипло­мат­тары Қазақ­стан және Ресей президенттері берген тапсырма­лар­дың, аны­ғы­рақ айтқанда, 2011-2012 жыл­дарға арналған бір­лескен іс-қимыл жоспарының орындалу барысын жан-жақты қарастырды. Сонымен қа­тар, іргесі кең, көршілес орна­лас­қан екі мемлекет арасындағы сая­си, сауда-эко­номикалық, мәде­ни-гумани­тар­лық және өзге де салалардағы екі жақты ынтымақ­тас­тықтың бүгін­гі таңдағы ахуа­лы мен келешектегі талқыға салынды. Жүргізіл­ген ке­ліссөздер қорытындысы бой­ын­ша Қазақстан Республика­сы мен Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлері бірлескен коммюникеге қол қойды. Екі жақты кездесуде Қазақ­станның сыртқы саясат ведом­ство­сының басшысы ресейлік әріптесін биылғы 2011 жылдың 15 маусымында Астана қала­сын­да өтетін Шанхай ынтымақ­тас­тық ұйымының мерейтойлық сам­митіне қатысты жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарымен таныс­тырып өтті. Министр, сонымен қа­тар, өз әріптесіне Ислам Кон­фе­ренциясы Ұйымы Сыртқы істер ми­нистрлері кеңесіне елі­міз­дің ал­дағы төрағалығына қатысты бас­ты бағыттар төңірегінде ай­тып берді. Көпшілікке белгілі, Қазақстан мен Ресей бас­шы­лары – Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің саяси күш-жігері, игі ықпалды баста­малары мен қажырлы еңбектері пост­ке­ңестік кеңістікте көптеген ин­те­грациялық үдерістердің алға ба­суына септігін тигізуде. Кеңей­тіл­ген осы кездесуде интегра­ция­лық мәселелерге басты назар ауда­рылуы түсінікті жәйт. Бұл орайда Кеден одағының жұмы­сын бастауы, сонымен қатар, Қа­зақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасында біртұтас эконо­микалық кеңістіктің құқық­тық-ке­лісім-шарттық негіз қалып­тас­тыру бағытында атқарылған ауқым­ды іс-шаралар бірлескен тиімді де сапалы жұмыстардың ай­қын кепілі болатындығына дау жоқ. Қазақстан мен Ресей сыртқы саясат ведомстволарының бас­шы­ла­ры аймақаралық ынтымақ­тастықты одан әрі дамытуды тілге тиек етумен қатар, бүгінгі күн тәртібінде тұрған өзге  мәсе­ле­лерді де назардан тыс қалдыр­ма­ды. Мәселен, министрлер биыл­ғы жылғы күзде Астрахань қа­ла­сында өткізілуі жоспарланып отырған ҮІІІ аймақаралық ынты­мақтастық форумына дайындық мәселелерін талқылап, өз ой­ла­рын ортаға салды. Кездесу ба­ры­сында сыртқы саясат ведомство­ла­ры басшылары БҰҰ және оның құрамдас бөлімдері шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін қа­растырып, Орталық Азия өңірлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері мен Ауғанстан жайы туралы да ой қозғады. Ержан Қазыха­нов­тың пікірінше, ресейлік әріп­тесімен  келіссөздер іскер де сындарлы жағдайда өткен. – Бір құптарлығы, Қазақстан мен Ресей маңызды халықаралық проблемалар бойынша салмақты ұстанымымен ерекшеленуде. Екі мемлекет те сыртқы саясат сала­сында өзара ықпалдастықты арт­тырып, одан әрі жетілдіруде бір­қатар тиімді іс-шараларды жүзеге асыруда. Қазіргі кезеңде Кеден кодексі және Кеден одағының бір­тұтас кедендік аумағын іске енгізу бойынша қарқынды жұ­мыс жүргізілуде. Менің ойымша, мұндай маңызды іс-шарада ең бастысы алдын ала келісілген мер­зімді сақтау, – деді қазақстандық министр өз ойын ортаға салып. Ол, соны­мен қатар, бұл кездесудің Қазақ­стан мен Ресей арасындағы ын­ты­мақтастықты, өзара сенімділік пен әріптестік қатынастарды нығайт­а түсетіндігіне сенім білдірді. Баспасөз мәслихатында сөз алған  Сергей Лавров «Ресей мен Қазақстан арасын­дағы өзара түсіністік пен ынты­мақ­тастық деңгейінің жоға­ры екендігін» атап айтты. Оған Қазақстан мен Ресей мемлекеттері басшыларының ауқымды үлес қосып отырғандығы да назардан тыс қалмады. – Екі мемлекеттің, халық­та­рының арасындағы достық, тату-тәтті тір­шілік және барлық сала­дағы стратегиялық әріптестіктің бүгін­гі таңда да, келешекте де берері мол. Мұның өзі, сондай-ақ еур­азия­лық кеңістіктегі ынты­мақ­тас­тықты да нығайтып, тұ­рақ­тылық­қа қол жеткізуге ықпал етеді, – деді Сергей Лавров. Сонымен, бірлескен коммюникеде мемлекеттер арасындағы тату-тәтті көршілік, достық, ын­ты­мақ­тас­тық қарым-қатынастар және стра­­тегиялық әріптестік атап көрсе­тілді. Өйткені, мұның өзі сыртқы сая­си ықпалдастықты одан әрі жетілдіріп, оның ауқы­мын кеңейтуге қолайлы жағ­дайлар жасамақ. Бақыт БАЛҒАРИНА.