• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2011

Әпкенің кәусар күлкісі

461 рет
көрсетілді

Зейнеп Рысбекова әпкемізді соң­ғы рет бұдан бір жыл бұрын ре­дак­цияның ауласында өткен наурыз мерекесінде көріп едік. «Оңтүстіктің» жас жігіттері мен қыздары қолты­ғы­нан демеп, мә­шинеден түсіріп алды. Сол бая­ғы әдетінше елжірей қарап, әде­мі жымиятын қалпымен «Рахмет, айналайындар!» деді. Басы­на жеңіл ғана орай салған ақ шәйі орамалы онсыз да нұрлы жүзіне ақ сәуле төгіп тұрғандай. Ақ жібекпен өрнектелген ұлт­тық оюы бар көкшіл қыжым кам­золы өзіне жараса қалыпты. Денесі ауыр тартып, қолындағы таяғына сал­мақ сала әзер жүріп келіп дастархан басына жайғас­ты. Жақсы адам­ды жұрт сағы­нады. Бәріміз жапа-тармағай, бетінен сүйіп амандастық. Кезінде корректорлар бюросының пат­ша­йымы болған Қатша мен Қа­лампыр келді аққудай қоса­қ­таса, шәйі көйлектері сусылдап. Олар­ды көргенде Зейнеп апамыз сол баяғы сексенінші жыл­дар­дағы қалпымен сылқылдап кеп күлді. Сөйтетіндей де жөні бар. Өйт­кені бұл екі кор­рек­торыңыз бірі бастап, екіншісі қош­тап қай-қай­дағы мен жай-жайдағы әң­гіме­лер­ді келістіріп, жігін жа­тыс­ты­рып, қиыннан қиыстырып айт­қан­­да күлкіден ішегіңіз тү­йіліп қала жаздайды ғой. Олар қағазға неше түрлі оюларды, әшекей­лер­ді, қыздар мен жігіт­тердің суретін салып, ал­дыңа лақтырып жібергенде шеберлігіне таңданға­ны­мыз соншалық, ай­тар­ға сөз таппай, аузымыз ашылған күйі тіліміз байланып қалатын. Қайран, ибалы да ұяң, пейілі кең, жүрегі таза, аңғал да, аңқау асыл әпкем-ай! Сол жолы біздің дәстүрлі наурыз басқосуымызға соңғы рет келіп тұрғанын қай­дан білейік. «Келесі наурызда жолықтыруға жазсын!» дегенбіз қоштасарда. Сонда жүзін мұң торлап, қабағы кіртиіңкіреп: «Қай­­­дам-ай, мына аурудың беті жаман. Әй, келе алмаспын», – деп еді. Жүрегі құрғыр сездірген екен ғой... «Оңтүстік Қзақстанда» жи­ыр­ма екі жыл еңбек еткен әпке­мізбен біраз жыл сол кездегі га­зеттердің басты бө­лімі болып са­налатын партия тұр­мысы бө­лі­мінде бірге қызмет етіп, бір кабинетте отырдық. Жазған ма­қа­ла­ла­рынан партияның ресми, сеңдей сірескен тіркестерін ұғы­нықты, жү­рек­ке жылылау, еркіндеу тәсілмен ба­ян­дамаққа маңыз беретіні аңға­ры­латын. Жина­лыс­­тардан жазылатын есепте­рінің өзі коммунистердің аш­ық, ба­тыл пікірлеріне, ұйым пробле­ма­ла­ры­на құрылып, оқырман­дарын қызық­ты­рып, баурап тұ­ратын. Зейнеп Қой­лыбайқызы Рысбеко­ваның Қа­зақ уни­вер­си­тетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейінгі ең­бек жолын сол кездегі «Социалистік Қазақ­стан­нан» бастап, онда то­ғыз жыл қызмет еткенін, журна­листердің республикалық, Бү­кілодақтық съез­де­ріне делегат болып, КСРО Журналистер ода­ғы бас­қарма­сы­на мүше­лік­ке сайланға­нын білетінбіз. Қалам саптауынан аға газеттің стилін сезетінбіз, әпке­міз­ден үйренуге ұмты­ла­тынбыз. Көркем шығармалар да жа­зып тұ­ратын. Әңгімелерін, но­вел­­ла­ларын оқып, жазушылық қабі­летін таны­дық, бірге қызмет етіп жүргенімізге мақтандық. Көр­кем шығарма­лары­нан, сөз саптау­ла­рынан, кейіпкер­ле­рі­нің образын ашудағы ерен еңбегі­нен әпке­міз­дің жан сарайы аңға­ры­лып тұр­ғандай еді. Бірге қызмет етіп жүрген тұста әпкеміздің жұртты қайран қалдырған аңқаулығы әлі есімнен кетпейді. Ол жөнінде кезінде «Қаламгерлер қал­жы­ңы» ат­ты кітабымда жазғанмын. Теледидардан атақты «Рабыня Изаура» фильмі жүріп жатқан. Сол кино жайлы жиі әңгіме-дүкен құрып тұ­ру­шы едік. Бірде қала бойынша электр жарығы болмай қалып, ертеңгісін «Изаураны» көре алмай қалғаны­мыз­ды өкіне айтып отырғанымызда Мұх­тар Шерімов келді де: – Біз ол киноны көрдік, – деді. – Сендер жақта свет өшкен жоқ па?– деді Зейнеп әпке. – Өшуін өшті ғой. Бірақ майшам жақтық та көре бердік! – Япыр-ай, ә! Ол біздің ойымызға келмепті, – деді аңқау Зейнеп әпке шы­­нымен таңыр­қап. Артынша ал­дан­ға­нын біліп, сылқылдап кеп күліп еді-ау. Жездеміз Қалтай Рысбеков те жа­ны, көңілі таза, аңқылдақ, әп­ке­мізге сай етіп құдай бере сал­ған жан. Мереке күндері кеудесі медаль, төс­бел­гі, тағы бас­қа ма­рапаттауларға сықа толған полковник шеніндегі әскери фор­ма­сын киіп шығады. Онысы сып­тай мүсініне құйып қойған­дай әдемі жарасып тұрады. «Ол ма­рапаттау­лар­дың жартысы Зей­неп әпкеміздің үш бала, төрт бала туғанда алған медальдары ғой», деп әзілдейді Мархабат аға­мыз. Аңқылдақ жездеміз еш нәрсені көңіліне алмай: «Әй, қу қайындарым-ай, қайдағыны ай­та­­сың­­дар», деп басын шайқап күле береді. Қалекеңмен кездесе қалсаң бол­ды, үйіне қарай сүйрелейді. Бар­ма­саң «Дәмнен үлкенсің бе?» деп өк­пе­лейді. Содан да барып Қалекең мен Зәкеңнің шаңыра­ғында жиі болып тұратынбыз. Осындай бір басқосуда Қалтай жездеміздің қызықты әңгі­ме­лерін тыңдап отыр едік, бізден сәл әріректе әпкемен бірге фо­то­аль­бом­ды ақтарып жатқан көрші кемпір: – Мынау кім? – деді бір суретті көрсетіп. – Менің жас кезім ғой, – деді Зейнеп әпке. – Өл-ә-ә, жас кезіңде сен де мен сияқты сұлу болған екенсің ғой, – деді анау таң қалып. Сонда бір рахаттана, ашыла күл­ге­ні естен шықпайды. Өзіне тән ға­жайып күлкі еді. Айна­ла­ны қуаныш пен шаттыққа бөле­ген сол табиғи, әдемі күлкіні, әпкеміздің нұрлы жү­зін сағын­дық. Жер қозғалса да са­быр­лы кейпінен танбайтын са­бырлы мінезі бар, кәусар күлкісінен бұлт түріліп, әлем жадыраған асыл әпкем-ай! Слам НҰРМАҒАНБЕТҰЛЫ.