• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2011

«Терең тамырлар» тұсаукесері

486 рет
көрсетілді

Жуырда К.Байсейітова атын­дағы Опера және балет театры сахнасында ас­таналық Қалибек Қуанышбаев атын­дағы қазақ музыкалық драма театры ел тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына арнап «Терең тамырлар» алле­гориялық дра­ма­сы­ның премье­ра­сын қойды. Драманың бас кейіпкеріне Ел­басы бейнесі алынған. Қойылым­ның оқиға желісі Президенттің Ас­тана­ның жасыл белдеуін ара­лауы­нан бас­талады. Жоспарсыз, аяқ астынан елор­да маңайындағы орманға соға кетуді жөн көрген Президент осы ор­манға бас-көз боп жүрген ғалым­мен, күтіп-бап­тап аялап өсіріп жүрген Жайнақ орманшымен кездеседі. Ел­ба­сы­ны орманшының іс-әрекеті таң қал­дырады. Орман директоры Жай­нақ шалдың кей ағаштарды баладай мәпелеуіне алса, енді бірін жайқа­лып тұрғанына қара­мас­тан бал­тамен шауып тастайтынын «жұ­қалап» жеткізеді. Ал орман­шы болса, оның мә­нін түсіну үшін Президентке орман­ға түнде жалғыз келуін сұрайды. Жанын­дағылардың қар­сылығына қа­ра­­мас­тан түнде Азаматпен бірге жай­қалған ор­ман­ға келген Ел­ба­сы ағаштарға жан бітіп, олардың адамша сөй­ле­генін көреді. Олар­дың әрбірі бүгінгі қоғамда болып жатқан оқиғаға өз рең-бояуын бере отырып, Елбасымен пікірлеседі. Ағаштар мен оларды күтіп-бақ­қан ор­маншы қарт арқылы тәуел­сіздікті алу, оны нығайту жолында Елбасыны қол­даушылар да, аяқтан шалу­шылар да бар екендігін көре­міз. Өткенді көк­се­ген ескі қарағаш, елесінің өзі көмескіленген ке­ңес­тік туыс­тық­ты аңсаған заржақтармен әңгіме-дүкен құрып, оларға кеткен уа­қыт­ты зая кетті деп есептемей, тұщымды жауап қайтарады. Өз­дерін ерекше күтімге алып, бап­тап-сақ­тауын міндетсіген қарағаш өз заманының өткенін байқамай да қалғанға ұқсайды. Прези­дент­тің «нағыз болмай бара жатса, көш­ке берген тайын қайтып ал­сын» деген жауабына әзер тоқ­тайды. Алайда, санасы уланған, өз­ге ағаштардың мәпеленгенін көре алмай көкіре­гін­де қызғаныш оты бық­сыған кейбір ағаштардың әңгімесі мұнымен бітпейді. Ор­ман­ға неғұрлым те­реңірек енген сайын Елбасы олардың пейілімен таныса бастайды. Жанын­да­ғы­­лар­дың тынысын тарылтып, бұ­тақ­­тары­мен қысқан, қыңыр біткен ағаштарды Елбасы­ның бастама­сы­мен, тәуелсіздік таңында отыр­ғы­зыл­ғандығын айтқан Жайнақ шал олардың отын ретінде де пайдасы бар екендігін ескертеді. Алайда, ізгілік пен оларға жасал­ған қайы­рым­дылық оларды өзгер­теді деген ойға бекінген Президент оларға күтім жасауды тапсырады. Түн қойнауында, орман ішінде өтетін қойылым желісі бүгінгі күн­нің шынайы кел­­бетін ашып көр­сеткен. Сахнадағы көрі­ністі бақы­лай отырып, «әр ағаштың өз тыл­сым сыры» бар екендігін ұғасың. Алғаш рет тәуелсіздік тақырыбы, бүгінгі қоғам мәселе­лері, Президенттің сах­на­лық об­ра­зы қазақ театр сахна­сын­да көркем бейне ретінде жасал­ған. Жаңа туын­дының авторы Еркін Жуасбек, ал қоюшы режиссері Нұрлан Жұма­ниязов. Басты рөл­дердегі орманшы шал Жайнақты Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­рат­кері Ақыш Омар, ал Елбасын Қуандық Қыстықбаев, оның көмек­ші­сін Сырым Қашқабаев ойнап шық­ты. Спектакль премье­ра­сына сахна тарланы Асанәлі Әшімов келді. Ол қойылымнан ал­ған әсері­мен «Егемен Қазақстанмен» бөліс­ті. – Қуанышбаев атындағы театр­дың да­рын­­ды ұжымының өнеріне тәнті болдым. Бұл ұжым актер­лары­ның ойы­ны маған ұнайды. Тәуел­сіздік мейрамына орай, қала күні қар­са­ңында ұсынылып отыр­ған драма­тур­гия­лық дүние жап-жақсы деп ой­лаймын. Президент рөлі де жақсы шық­ты. Халыққа керек тақырып. Мен де жылы қабыл­дадым, – деді ол. Жайнақ шал­дың бейнесін шынайы алып шыққан Ақыш Омар да қойылымды көруге келген халықтың ойынан шыққан­дығына сенімін білдірді. «Өйткені, менің образым халықтың жиынтық образы. Қарапайым халықтың егемендік алып, тәуелсіз болғанына, өз аузына өзі қол жеткеніне қуа­нышын бейнелейді. Өз рөлімді сом­дауға барынша дайындалдым». Спектакль күзгі маусымнан бастап ха­лық назарына ұсыны­лад­ы. Ал репер­туар­ға енген жаңа спектакль премьерасы астана­лық көрермендер көңілінен шықты. Венера ТҮГЕЛБАЙ. Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.