• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Шілде, 2011

Жоба және жол

387 рет
көрсетілді

“Батыс Қытай – Батыс Еуропа” көлік дәлізі – ғасырлық жоба. Тран­с­құрлықтық көлік дәлізінен мемлекет қана емес, жұрттың да күтіп отыр­ға­ны көп. Ені тар, көрінісі нашар, бұқ­па-бұқпа сайлармен қуа­лап кете бара­тын жолдардан көлік жүр­гізушілер әбден зәрезап болып бітті. Жол бо­йында автоапаттан қай­тыс болған­дар­ға орнатылған бел­­­­гілер кө­бейіп кетті. Мұның өзі жо­лаушы­лар­ды қарадай шошытады. Оңтүстік Қазақстан облысы­ның аумағындағы көлік дәлізінің ұзын­дығы 454 шақырым ғана. Бір қызығы, мәшинемен Жам­был, Қызылорда облыстарына жо­лау­шы­лап шықсаң, қайнаған жұ­мыстарды көресің. Мердігерлер тех­ника, құрал-жабдықтарын бір жерге топтап, халық­аралық талап­тарға сай жол салып жатыр. Бір бұдыры жоқ асфальт жолға табаны іліккен мә­шине желмен жары­сып кетеді. Кешігіп жатқан Оңтүстік. Әш­ейінде, пайдалы шаруаны реттеуге келгенде жылдамдылығымен, пы­сық­­тығымен ерекшеленетін Оң­түс­тіктің іскер азаматтары: “Жолға қа­жетті техника, цемент, битум, ша­ғыл тас, құм, бетондар өзімізде бар, дөң­ге­летіп әкетеміз”, деп ала­қан­дарын ысқылаған еді. Әзірге жер тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыста сапалы жол салудан ал­дыңғы қатарда жүрген “Береке А” корпорация­сы­ның президенті Рәш­күл Оспанәлиева: “Бізді халық­аралық жол салуға тәжі­ри­бе­лерің жоқ” деп тендерге қатыс­тыр­мады. Ал, шетелдік мерді­гер­лер­дің ара­сы­нан ши шығып жа­тыр. Тіпті, техникасы жоқ, жол салудың не екенін білмейтін жергілікті мер­ді­гер­лердің тендерде жеңгенін көр­дік. Осыны бақы­лай­тын аумақтық автомобиль жол­да­ры департаменті қайда қарап отыр?” деп күйінеді. Біреудің қорасы өртеніп жатса көршісі сойылған қой басын жа­лын­ға ұстап, “тегін отқа үйтіп ал­ай­ыншы” депті дейді. Сол си­яқты жол үстіне түскен ескі албар, құ­ла­ғалы тұрған қо­ра­сының құнын ат ба­сындай ал­тынға баға­лап, мем­лекет ұсынған қар­жыны қомсынып, жұ­мысты тоқтатып қойғаны қаншама. Осындай жағдайда Оңтүстікке Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев келді. Об­лыс­тық әкім­дікте өткен мәжілісте то­пырақ карьерлерін рәсімдеу, жер телімдерін сатып алу және жо­баны жүзеге асыру бары­сын тал­қылаған келелі кеңес өтті. Кеңесті Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы­ның әкімі Асқар Мырзах­ме­тов жүр­гізіп отырды. Оған өңір­де­гі жоба­ны іске асырып жатқан мердігерлік ком­паниялардың бас­шылары қатысты. Кеңесте Оңтүстік Қазақстан об­лысындағы «Батыс Қытай – Ба­тыс Еу­­­­ропа» көлік дәлізін қайта салу учас­келеріндегі жұмыс барысы қаралды. Көлік ведомствосының бас­шы­сы Б.Камалиев өз баяндамасында 24 мау­сымда Премьер-Министр К.Мәсімов­тің төрағалығымен эко­но­миканы мо­дернизациялауға бай­ланысты Мемлекеттік комиссия­ның отырысы өткен­дігін еске сал­ды. Онда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жо­басын іске асыру ба­рысы тың­дал­ды. Бүгінгі күні автожол салы­натын жер телімдерін са­тып алу және то­пы­рақ карьерлерін рәсімдеу мәселе­лері өзекті болып отыр. Бүгін­ге облыс бойынша 886 учаске сатып алынбаған. Жұмыс жүр­гізіліп жат­қан жолдарда 847 жер учаскесінен 150 учаске сатып алын­б­а­ған, оның ішінде, 30 – сот­тық тәр­тіп­пен алынуға тиіс. Осы­ған орай, жергілікті ат­қа­ру­шы органдар тара­пы­нан белсенділік та­нытылу қажет. Және бір ма­ңызды мәселе – топырақ карьерлеріне жер қойнауларын пайдалану құ­қы­­ғын рәсімдеу ұзақтығы. Қазіргі таң­да, дәліздің іске асыры­лып жат­қан уч­ас­келерінде 194 карьер­ге жер қой­нау­ын пайдалану құ­қығын рә­сім­деу қажет. Соның ішін­де, 152 карьерлік процедуралар 2010 жыл­дан бері жүзеге асы­ры­лу­да. Бүгінгі күні тек 18 карьер бо­йынша ке­лі­сілудің қорытынды про­­це­дурасы жүр­гі­зі­луде. Іс-шара­лар­ға сәйкес топырақ карьерлеріне жер қой­нау­ларын пай­далану құқы­ғын рә­­сім­деу мерзімін мемлекеттік ор­ган­­да­р­ы 3 күн­нен 10 күнге дейін уа­қыт­та қарауға тиіс. Алайда, Қор­ша­ған ортаны қорғау, Төтенше жағ­дай­­лар минис­тр­ліктері­нің аумақтық құ­рылым­дары және Индустрия жә­не жаңа технологиялар минис­тр­лі­гінің Геология және жер қой­науы комитеті, сондай-ақ, облыс­тық әкімдіктің құ­рылымдық бө­лім­шелері тарапы­нан келісілгеннен кейін бір айға дейін кешіктіру кездесуде. Осы мәселелер бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауы комитеті мен жаңа технологиялар және өңіраралық де­пар­таментінің өкілдері түсінікте­мелер берді. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жобасын іске асыру жөнінде Қа­зақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төр­ағасы Замир Сағынов баяндады. Содан соң Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы әкімінің орынбасары Болатбек Әлиев­тің баяндамасы тың­далды. Ол жо­­ғарыда келтірілген мәлімет­тер­ге бай­­­ла­нысты түсінік берді. Жұ­мыс жүр­гі­зіліп жатқан жолдар­дағы 847 жер учас­кесінен сатып алын­ба­ғаны 130 еке­­нін еске салды. Регламент бо­йынша жер қой­нау­ларын түгендеуге 18 ай бө­ліну керек болса 22 осындай істің екі айда орын­дал­ғандығын айт­ты. Яғни, әкім­дік өз саласы бойынша тиянақ­ты жұ­мыс істеп жатыр. Қалған жер учаскелері бойынша іс сотқа өт­кізілген. Заң та­ла­бы бой­ынша оған біршама уақыт қа­жет. Даулы істен әкімдік басын осы­лай­­ша арашалап алды. Жиын ба­ры­сын­да жұмысты ба­қылауға тиісті ау­мақтық автомобиль жолдары де­пар­­та­ментінің күші жетпейтіндігі анық­тал­ды. Енді оған об­лыс­тық жолау­шы­лар кө­лігі және автомобиль жолдары бас­қар­­масы кө­мекке келетін болады. Ағым­­дағы жыл­­дың аяғына дейін бір бағытта 140 ша­қы­рым жол салу жоспарлануда. Тексеру барысында корейлік «Кудонг» мердігерлік компа­ния­сы­ның 1 айдан артық өндіріс кестесінен қалып қою жағдайы бай­қал­ды. Осыған орай, жоба басшысы ауыс­тырылды. Қазіргі кезде, компания кес­теден қалып қою­ды жою мәсе­ле­сін қайта қарастыруда. Бақтияр ТАЙЖАН. Оңтүстік Қазақстан облысы. Суретті түсірген Хусан Азизов.