• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2017

Өлшеуіш технология өнімдері

342 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Hexagon AB компаниясына қарасты Leica Geosystems AG бір­лесіп «Қазақстанның өл­шеуіш технологиялары сала­сындағы болашағы» атты көрме өткізді.

Көрме Қазақстандағы өлшеуіш технологиясының дамуы мен қалыптасуы, геологиялық аймақ мәліметтерінің талдауы, сандық технологияларды енгізу, өндірістік процесті автоматтандыру және оны мұнай-газ, тау-кен өндірісі, металлургия, архитектура, қала, жол құрылысы, қорғаныс, сон­дай-ақ, ғарыш, сейсмология, карто­графия сияқты салаларға енгізу істерінде қол жеткізілген табыстарға арналған.  Сонымен қатар, еліміздің швейцариялық Leica Geosystems AG компаниясының атсалысуымен соңғы 20 жыл ішінде қол жеткізген ғылыми-технологиялық жетістіктері де осы көрмеде ай­шық­тала түскендей. 

Көрмеде швейцариялық атал­­­мыш компанияның сан­дық тех­нология, геодезия, электрон­ды көшірме, 3D модельдеу, әсіресе жер қабаты астындағы коммуникация құрылғыларын тікелей картаға түсіру, ғимараттар мен құрылғылар мониторингі сияқты жұмыстармен қатар, тау-кен көлігін диспетчерлеу ісін­дегі соңғы жетістіктерге айрықша көңіл бөлініпті. 

Көрме коммуникация, құры­лыс және технология тарихына Мем­лекеттік орталық музейдің қор коллекциясынан алынған, жеке­лей алғанда, Қазақстанның кен орын­дарын ашу және игеру мен кәсіп­орындарының дамуы тари­хын бейнелейтін мынадай мате­риал­дар негізінде тарихи экскурс ұсынды.

Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ