• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Қайқылардан қалған саз әуеледі

273 рет
көрсетілді

Маңғыстау – қалыптасқан ән мен жыр, күй мектебі бар өңір. Әсіресе, Маңғыстау десе халықтың көкейіне, алдымен жеті қырдан ән асырған жеті қайқының есімі оралады. Әнші Күріш Тасболатов – өзіндік орындау мәнері бар жеті қайқының мұрасын жалғап, ұрпақ жадына сіңіріп келе жатқан аға буын өкілдерінің бірі. Әнші еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ақсақалдық жасқа жеткен болатын. Қос мере­кені негізге алған Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы ІІ Республикалық «Қай­қылардан қалған саз» деген атпен Маңғыстаудың дәстүрлі әндерін орындаушылардың байқауын өткізді. Ғасырлар бойы сан буын ұрпақ­тың жете алмай кеткен арманына айналған егемендіктің қадір-қасиетін ұғындыру, ширек ғасырда Қазақстанның жет­­кен жетістіктерін дәріптеу және Маңғыстаудың дәстүрлі ән­шілік мектебінің, әсіресе, жеті қайқының қазақтың музыкалық мәдениетіндегі тарихи рөлін рес­публика көлемінде айқындап, рухани мұраларын жас орындау­шылар арасында кеңінен насихаттау мақсатындағы байқауға республикамыздың түкпір-түк­пірінен Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маң­ғыстау облыстары мен Алматы қаласынан 22 талапкер қатысты. – Еліміздің барлық өңірі ән мен жырға өте бай және әр өңір өзіне тән мақаммен, мәнермен қазақ өнерін дамыта өркендетіп келеді. Әр өңірдің өнердегі ерекшелігін тек сол аймақтың өзінде қал­дырмай, бүкіл республика бойынша насихаттауға, ұлттық өнерімізді ортақ мәдени құндылық ре­тінде жастарға үйретуге тәу­елсіздік алған соң қол жетті. Байқауда біз Маңғыстаудың, жеті қайқының әндерін жатсынбай, нақышына келтіре орындаған еліміздің түкпір-түк­пірінен келген жастардың талантына тәнті болдық, – дейді Маң­ғыстау облыстық ғылыми-әдіс­темелік және мәдени қызмет көрсету орталығының директоры А.Зейілова. Қазақ дәстүрлі ән өнерінің өкілдері – желкілдеген жастардың домбыраны шебер меңгеріп, әуелете ән салып, тәуелсіздікке тарту жасауы көңіл көтерді. Жас­тар жалынды, ұлттық мұраға мұқият болса, мәдени мұралардың мұқалмасы белгілі. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы