• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2016

Жарқын болашақтың кепілі

705 рет
көрсетілді

Үлкендердің өмірінің мәні – баланы қуанту. Бала шаттанса шын көңілімен шаттанып, мұңайса бар пейілімен мұңая қалады емес пе? Ата-ананың да бар пейілі баласында, қайтсем жүзіндегі кірбіңді жоямын, қандай сыйлық жасаймын, қалай қуантамын деумен күн кешеді. Міне, әне-міне дегенше жаңа жыл да келіп қалды. Балалар үшін нағыз күтпеген сый не болуы мүмкін? Әрине, үлкен әрі маңызды сыйлық – оның болашағына салынған инвестиция. Осы жылдың, яғни, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін балаңыздың атына білім депозитін ашыңыз. 2018 жылдың қаңтарында банктің 14 пайыздық сыйақы мөлшерлемесіне қоса, мемлекет төлейтін 5-7 пайыздық жыл сайынғы алғашқы сыйлықақыға да ие боласыз. Мемлекеттік білім беру жи­нақ­­тау жүйесі туралы осы күні көп­­теген ата-ана БАҚ арқылы мол ақпарат алды деп есептей­міз. Сол ақпараттарда Мемлекет­тік білім беру жинақтау жүйе­сі­нің артықшылықтарына, ерек­ше­ліктеріне баса назар аударылады. Көпшіліктің ол туралы хабардар болуына мүдделілік басым. Себебі, тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр енді толған мем­ле­кетіміздің алдына қойып отырған ірі мақсатының бірі – дамыған отыз елдің қатарына қо­сылу. Ол үшін аға ұрпақтың ақы­лы мен білімін, тәжірибесі мен ру­­хани әлеуетін пайдаланумен бір­ге өркениет же­тіс­тігін түгел мең­­герген, өркениетке үлес қоса ала­тын білімді ұрпақ өсіру қа­жет. Ес­теріңізде болса, 1997 жылы Ел­ба­сымыз халыққа Жолдауында тұң­ғыш рет «Қазақстан-2030» стра­тегиялық бағ­дарламасын жария­лаған еді. Ондағы көзделген мақ­сат – ұлттық бірлікке, әлеумет­тік әділеттілікке, бүкіл жұртшы­лық­тың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуел­­сіз, гүлденген, саяси тұрақты Қа­­зақ­­стан мемлекетін орнатумен бір­ге әлемнің ең дамыған жиырма елі­нің қатарына кіру болатын. Бұл біз­дің қоғамдық өмі­ріміздегі ең құн­ды құжаттардың бірі екені ақи­­қат. Өткен ғасырдың 90-шы жыл­­дарындағы экономикалық қиын­шы­лықтарға, енді ғана тәуел­сіз­дік алған жас мемлекеттің сая­си­ тәжірибесінің кемшіндігіне қа­­­рамай алға үлкен мақсат қоя білу, дамыған елдердің қатарына қо­сылу, мықты мемлекет құру ту­ра­­лы идея айта білу Елбасының көрегендігін көрсететін қасиет. Бұл құжаттың құндылығы алыс бо­лашаққа жоспар құруында, сол жолдағы негізгі бағыттарды ай­қын­дауында. Әрине, одан бері де қоғамдық өмірімізде талай стра­те­гиялар жасалып, талай құжаттар қабылданып жатыр емес пе? Бірақ «Қазақстан-2030» стра­тегиялық бағдарламасы көпшіліктің көкейі­не үміт сәулесін құйған, «бола­шақта өзі­міз болмасақ та, ұрпа­ғымыз мықты мемлекетте өмір сүреді екен-ау» деген ойға жете­­ле­ген алғашқы құнды құжат бо­латын. Осы тұрғыдан келгенде көп­шілігіміздің миы­мызда мықты мем­лекетте өмір сүру үшін саналы, білімді ұрпақ өсіру керек деген идея­ның кодталып қалғаны да жасырын емес. Иә, саналы да білімді ұрпақты қалай тәрбиелейміз? Оларға қоғамға, елге қыз­мет жасауды қалай үйретеміз? Жыл өткен сайын жоғары оқу орындарында оқытудың қиыншылықтары сезілу үстінде. Мемлекеттен бөлінетін грант саны да шектеулі. Бірақ мемлекетіміздің қол қусырып қарап отырмағаны да түсінікті. Өйткені, заманына сай білім алу, кәсіп меңгеру қай қоғамда да өзекті. Сол үшін білім саласын реформалау, ол реформада білім беру жүйесін барынша заманауи ортаға, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкестендіріп реттеп отыру мемлекеттің шаруасы. Бұл тұрғыда мемлекетіміздің халықтың жарқын болашағы үшін атқарып жатқан шаруасының бірі – жас ұрпақтың білім алуына жағдай жасауы, сол үшін жүйе қалыптастыруы. Және ол жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін мүдделілік танытып, жарнамалап, қадағалап, әрдайым жаңа деректерді алға тартуы да келешекке салынатын инвестицияның игілікті әрі мол болуын көздеуден туындаған әрекет деп түсіну керек. Несін жасырайық, келешекке салынатын инвестицияның мол болуы, яғни, балалардың атына ашылатын есепшоттар санының күннен-күнге артуы – біздің жарқын болашағымыздың кепілі емес пе? Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі ар­қылы әрбір ата-ана өзінің болашақтағы шығындарын азайтатыны анық. Мектеп бітірген балаға, дұрысы, ақылы оқуда оқитын студентке жыл сайын не әрбір семестр кезінде ірі көлемде ақша төлеп тұр­ған­нан гөрі сол ақшаны ерте бастан жинап, оның үстіне банк пен мемлекеттің сый­ақысын алып, болашақты кепілдендіру әл­деқайда дұрыс екенін көптеген елдердің тә­жірибесі көрсетіп отыр. Біздің елімізде бұл жүйенің жұмыс істей бастағанына үш жылдың жүзі болды. 2013 жылдың қаңтар айында «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заң қабылданып, мұның аясында Білім және ғылым министрлігінің жанындағы «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы өзінің үйлестірушілік, бақылау және қадағалаушылық жұмысын бастап кеткен. Жүйенің кереметтігі – жоғары білім алуға жұмсалатын қаражатты 30 пайыздан 70 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінінде, қаржылық түсімінің жоғарылығында. Ал жинақтау салымының немесе депозитінің бірегейлігі – мұнда жыл сайынғы банктің 19-21 пайыздың сыйақысына қоса 5-7 пайызға дейінгі сыйлықақының мемлекет тарапынан үстемеленетіндігі. Бұл орайда, «Қаржы орталығы» АҚ тарапынан өте белсенді жұмыстар жүргізілуде. Ең алдымен, банк-қатысушыларды тарту жоғары деңгейде жүруде. Бүгінде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушы банктер ретінде «Халық банкі», «Нұрбанк», «Цеснабанк» акционерлік қоғамдарын атай аламыз. 2016 жылдың 1 желтоқсандағы деректері бойынша, 15 937 жинақтаушының 7,8 миллиард теңге салым салғаны белгілі болды. Ал 2015 жылдың ақпан айында мемлекеттің алғашқы 4,7 млн теңге көлеміндегі сый­лық­ақысы, 2016 жылы – 325,6 млн теңге кө­леміндегі сыйлықақысы бөлінді. Білім алу­шылар туралы мағлұматтарға қанық болу үшін «Қаржы орталығы» АҚ осы уақытқа дейін ЖОО-лармен 103 келісім, колледждермен 510 келісім жасасқан. Қазіргі таңда Қазақстандағы оқу орын­дарында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында келісім жасасқан 214 салымшы білім алуда. Осы жүйе үшін ең бір айта қаларлықтай оқиға – бір мезетте 7 700 балалар үйінің тәрбиеленушілерінің атына «Бөбек» қоры тарапынан салым ашылуы. Одан бөлек, 2015 жылы «Нұр Отан» партиясының бірлесіп ата-ана қамқорлығынан тыс қалған 2 мыңнан аса балаға салым ашылған. Осылайша тағдыр талқысына түскен он мыңнан аса баланың атына салым ашылды. Олардың келешекте жақсы білім алуы, азамат қатарына қосылуы мақсатты түрде кепілдендірілді. Бұл орайда, «Өзіңнен баста» қайырымдылық акциясының да депутаттар корпусы мен спорт-бизнес қауымдастықтары, мемлекеттік органдар тарапынан қолдау көргенін айту ләзім. Нәтижесі жаман емес сияқты. Өткенде ғана Олимпиада чемпионы Василий Левиттің балалар үйінің тәрбиеленушісі Алтынбек Бәйгебергеновтің атына салым ашуы соның айғағы. Міне, «Қаржы орталығы» АҚ-та, түс­теп ­айтқанда, Мемлекеттік білім беру жүйе­с­інде жасалып жатқан жұмыстардың реті осындай. Орталық қатысушы банктерді көбейтуді, жылына бес мыңға дейін са­лымшы тартуды жоспарлап отыр. Ондағы мақсаты – әлеуметтік жағдайды жақсартып, ғылым мен техниканы дамытып, қоғамның тұрақтылығын, береке-бірлігін қамтамасыз ету және дамыған мемлекеттердің қата­рына қосылу үшін білімді ұрпақты кө­бей­туге атсалысу. Құрметті ата-аналар, өз ұрпағыңыздың келешекте бақуатты да са­палы ғұмыр кешуі үшін сіздер де осы жүйеге қатысыңыздар!  Дәурен СӘДУАҚАСОВ