• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

Театр өзгерістерден тысқары тұрмайды

304 рет
көрсетілді

Ұлттық театр өнерінің көшін алға сүйреп, сахна сайып­қырандарының талай буынын тәрбиелеп шығарған М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылаудан тыс қалмады. Театр директоры, Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері Ерлан Біләлов Ел­басы­ның биылғы Жол­дауы­ның маңыз­дылығына тоқта­лып, Пре­зидент ұсынған биыл­­ғы Жол­даудың негізі бо­­лып отырған «100 нақты қадам» Ұлт жос­парының әрбір тар­ма­ғын тал­дай отырып, со­ған сәйкес нақты театр өнері тара­­пы­нан жасалатын істерді бай­ланыс­тыра көрсетіп, ұжым алдында баяндама жасады. Жолдауда барлық сала­­дағы жаң­ғыру, цифрлық техно­ло­гия­­ларға көшу мәселесі баса айтылғ­ан. Театрда да осы жаңа тех­но­ло­гиялар спек­такль қою бары­сын­да кеңінен пайда­ланы­лып келеді. Айталық, «Ақ­тас­тағы Ахико», «Бақыт кілті» спек­такльдерінде IT тех­­­но­­ло­­гия­­лар­дың жетістігі қол­­­да­нылды. Бұл бағыттағы жұ­­мыс алдағы уақыт­­та да жүр­гізі­летін болады. Cон­­дайақ, Жол­дауда әлеуметтік сала, халық­тың тұрмыс-тіршілігін одан әрі жақсарту бұрынғыдай мем­лекеттің басты назарында бола­ты­ны, соның дәлеліндей зей­­нетақының 20 пайызға өсірі­летіні айтылған. Білім беру, ден­­­сау­­лық сақтау салаларына қа­тыс­­­ты нақты атқарылатын жұ­мыс­­­тар да көрсетілген. Мұ­ның театр өнері­не қызмет етіп жүр­­ген әртістер қауымын айна­лып өт­­пей­тіні рас. Өнер адамы­ның үнемі өзін өзі жетіл­діріп, білі­мін толықтырып отыруы, ден­сау­лығына мұқият көңіл бөлу қа­жет­­тілігі – ак­терлік қыз­мет та­лап ететін басты дүние­лер. Сон­­дық­тан да Жол­дау­дағы білім беру мен денсау­лық сақ­тау мәселелері­не қатыс­ты нақ­ты әрі даму жол­дары­ның ашып көр­сетілуі театр қыз­мет­керлерінің де көңілін қуантады. Театрдың көркемдік жетек­шісі, КСРО халық әртісі Асан­әлі Әшімов Жолдауда айтыл­ған басымдықтарды жүзе­ге асыруда сырт қала алмай­тынын, ел мен жердің жаңа уақыт талабына сай дамуы үшін әркім өз еңбегімен үлес қосуы керектігіне тоқталды. «Жолдауда айтылған дүние­лерге біз де өз үлесімізді қоса­мыз. Біз­дің қосар үлесіміз, ол – заман талабына жауап бере­тін жаңа спектакльдер қою, театр­дың репертуарын байыту, шығар­машылық ұжымның жан-жақты толысып, өсуі, сапалы жұмыс. Сол арқылы елдің өнерін шетелге шығарып, өзге елдерге көрсету, насихаттау» екенін еске салып, үлкен-кіші әріптес әртістерді өз өнерін шыңдай түсуге, замана көшінен қалмауға шақырды. Өнердің өміршеңдігі мен халық­шылдық сипатын Жол­да­у­­мен байланысты қарас­­тырған Қазақстанның халық әрті­сі Есмұхан Обаев Прези­дент белгі­леп берген басым­дық­тар­­­дың мазмұны мен жаңа­лы­ғын түсіндіре келе, «Пре­зидент­­тің билік тармақ­­тары­ның өкі­леттіліктерін бөлу сая­сатын өте дұрыс шешім әрі демократияның нақты көрі­­ні­сі» деп бағалады. Үкімет орын­­дау­шы рөлін атқарып оты­ра бе­рмей, Президент билік өкі­­лет­тілігін бөлгеннен кейін жауап­кер­шілігін арттырып, өз ісіне жауап беруі керек. Сол сияқ­­ты кез келген саладағы бас­­шы­­­лар Прези­денттен үлгі алып, бар­л­ық істе бір өзі жауап­кер­­шілік ала беру­ден босап, өкілет­тілік­терін бөлісуі тиіс. Өзгеріп бара жатқан әлем шарайнасындағы Қазақстан келбетінің де жаңаруы, сол өз­геріс­терге қарай икемделуі, іс жүр­гізуі – уақыт талабы. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ