• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Ғасырмен үндес күй мұра

325 рет
көрсетілді

Қазақ өнеріндегі ерекше тұл­­ғаның бірі – ғасырға жуық жа­саған Шәкір Әбенов ақсақал. Үш дәуірдің куәгері, бір бойына ақындық, сазгерлік қасиет қатар дарыған, шежірешілік шеберлігі бір бөлек тұлғаның бертінде, еліміз Тәуелсіздік алған тұста Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевқа бата беруі де еліміз тарихында алтын әріптермен жазылып қалды. Тәуелсіздігіміздің тура ширек ғасы­рында Шәкір ақса­қал­дың да атының аталуы, «Шәкір Әбеновтің күй мұрасы» атты кітаптың жарыққа шығуы – заңды дүние. Жақында Ұлттық музейдің «Ха­лық қазынасы» ғылыми-зерт­теу институтының ұйымдас­тыруы­мен дөңгелек үстел өтіп, халық ақыны, фольклоршы, сазгер Шәкір Әбенов­тің күй мұрасы әңгіме арқауына айналды. Күйші Секен Тұрысбек Шә­кір атаның көзін көрген аза­мат ретінде оның өнеріне, өмі­ріне қатысты қызықты мәлі­меттермен бөлісті. 90-нан асқан шағында Елбасына бата берген қарияның сөзінің салмағын, батасының қасиетін әңгіме етті. Белгілі тұл­ғаның 15 әннің, 20 шақты күйдің авторы болғанын алға тартты. Белгілі мәдениеттанушы Зира Наурызбаева Шәкір тұлғасының феномені ретінде оның барлық азапты, яғни қоғамдық өмірдегі, жеке тағдырындағы жан ауыртар жағдайларды қайыспай көтере білуін, оған қоса, халықтың да еңсесін түсірмеуге ат салысуын атап өтті. Қазіргі жастардың осындай адам­дарды үлгі тұтуы ке­ректігіне мән берді. Филология ғылымдарының кан­дидаты Иманғазы Нұрахмет Шәкір Әбеновті үш ішекті домбыра мен соның күйін ХХ ғасырға жеткізген бірден-бір адам ретінде атады. Бұл тұрғыдан келгенде Ұлт­тық музейдің «Халық қазы­на­сы» ғылыми-зерттеу инс­ти­ту­тының қызметкері Рүс­тем Нұркен шығарған «Шәкір Әбеновтің күй мұрасы» атты кітабының үш ішекті домбыраға арналған, сондай-ақ, Шәкір Әбеновке арналған тұң­ғыш зерттеу екеніне тоқталды. Ал автордың өзі Шәкір Әбенов күй­лерінің ерекшелігі ретінде Еуропа музыкасында кездесетін са­рындардың молдығын келтірді. Кезінде атақты музыка зерттеушісі Б.Ерза­кович нотаға түсірген 9 күйді үш ішекті домбыраға лайықтап қайта нотаға түсіргенін, ізденістің нәтижесінде басқа да күйлерін айналымға енгізгенін, бұл күнде Шәкір Әбенов күйлерінің саны 19 болғанын айтты. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»