• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Маман емес, алдымен адам тәрбиелеуіміз керек

155 рет
көрсетілді

Кеше Алматыда «Бөбек» Ұлттық Орталығында «Бөбек» қорының Президенті Сара Назарбаеваның қатысуымен «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша IX республикалық кеңес өтті. Білім және ғылым министр­лігінің ұйым­дас­ты­руымен өткен кеңес жұмысына ЖОО ректор­лары, «Өзін өзі тану» РАБ бойынша Рес­публикалық кеңестің мүшелері, мем­лекеттік органдардың, үкімет­тік емес ұйымдар мен педа­го­ги­ка­лық қоғамның өкілдері қа­ты­сып, аталған бағдарламаны жү­зе­ге асы­рудағы ұйымдастыру-бас­қа­ру және ғылыми-әдістемелік не­гіз­дерін жетілдіру мәселелерін тал­қылады. Баршаға мәлім, «Өзін өзі та­ну» жалпыға мін­детті пәні – елі­міздің мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесіне, сондай-ақ педагогтар даярлаудың білім беру бағдарламасына 2010 жыл­дан бастап енгізілді. Ондағы мақ­сат – жас ұрпақтың құндылық бағ­дарларының қалыптасуында ма­ң­ызды рөл атқарып, өсіп келе жат­қан тұлғаның рухани дүниесі бай, же­тіс­тікке қол жеткізе алатын, өз өмі­рі­не жауапкершілігі жоғары адам болуға үйрету. Отырыстың модераторы, Рес­пуб­ликалық ке­ңестің төрайымы – Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиева өз сөзінде «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағ­дар­ла­масының маңызы, оның іске асырылуы және бірыңғай білім беру кеңестігінде «Өзін өзі тану» РАБ бағдарламасын енгізетін қанатқақты білім беру ұйымдары жүйесін ұлғайту мәсе­лесіне кеңінен тоқталды. Сон­дай-ақ, Ақтөбе облыстық бі­лім беру басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова педагог үшін ең маңызды мәселе – алдыңдағы оқушының әлеуетін ашуға көмек­тесу, оны өмірде, тәжірибеде қол­дануға, сөйтіп, баланың алдымен өзін, ортасын түсінуге мүмкіндік беру керектігін айта келе, бүгінде облыс­та бес білім беру мекемесінде бұл бағдарламаның тереңдетілген моделінің оқытылып жатқанын тілге тиек етті. Ал Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Серік Пірәлиев бұл пән­нің педагогикалық ЖОО оқы­тылу барысында студент жа­с­тар­дың адамгершілік сапала­ры мен қабілеттерін кеңінен ашу­ға мүмкіндік беретініне, гу­манистік дүниетаным не­гіздері қаланатындығына тоқталды. Сон­дай-ақ, 2010 жылдан бері университетті 2 мыңға жуық жас маман бітіріп шыққанын, арнайы жабдықталған «Өзін өзі тану» оқу кабинеті ашылып, студент-волонтерлердің ұсынысымен «Мейірім» клубының жұмыс жасайты­нын, алты жылдан бері өзін өзі тану кафедрасының күшімен монография, әдістемелер, оқу құралдары жазылғанын, алдағы жаңа оқу жылында магистратура, докторантура ашуды ойластырып жатқандарын ортаға салды. Жиынды «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім бе­ру бағдарламасының авторы С.Назарбаева қорытпас бұ­рын, атал­мыш бағдарламаның қоғам­дағы, адамның жеке басындағы маңызына тоқталып, он жылдан бері өзімен бірге осы жобаның жүзеге асуына атсалысып келе жатқан әріптестерімен емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып, бүгінде ат­қарылып жатқан жұмыстарға ж­о­ғары баға берді. – «Жалғыз ағаш орман емес» деген, егер сіздер менің осы бағ­дарламама қолдау көрсетіп, кө­мек­теспегенде жалғыз өзім осын­шам­а істі бітірер ме едім. Менің бұл бағдарламадағы басты айта­рым, адамзаттың әуел бастан бірін­ші парызы – өмірге адам бо­лып келген соң, адам болып қалу. Адам деген ұлағатты атқа лай­ықты болу. Байқадыңыздар ма, осы пәнді оқыған оқушылардың, студенттердің жүзінен бір жылы­лы­қ­ты байқайсыз. Өйткені, жылылық адам­ның ішкі жан дүниесінің та­залығынан хабар береді. Ендеше, бүгінгідей қиын заманда біз алдымен маман емес, адам тәрбиелеуіміз керек, – деді Сара Алпысқызы. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»