• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Құндылықтарды тарихи тұлғалар жасайды

151 рет
көрсетілді

«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ!» Өйткені тіл – ұлттың жан дүниесі. Мұны айтқан Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов! Бірақ, қазақ тілі ХХ ғасырда қандай күйге түсіп, солақай саясаттың салдарынан дәр­менсіз халге ұшырағанын аға ұр­пақ та, басқалар да жақсы біледі. Тек ел тәуелсіздігінің арқасында ғана қазақ тілі – мемлекеттік тіл бо­лып, саясат сахнасында, қоғам­дық орнын­да өз тұғырына қона бастады. Елбасы әлемде қазақ тілі мем­лекеттік тіл ретінде өмір сүре­тін, қызмет ететін бір ғана ел бар, ол – Қазақ­­стан, ал Қазақстанның мемлекеттік тіл сая­саты­­ның дұрыс жүргізілуі, ол елдігіміздің, ұлт­­тық дамуымыздың, болашағымыздың аса маңыз­ды мәселесі екенін шегелеп айтып, бар­ша қазақ­стандықтардың саяси ерік-жігеріне зор күш берді, мемлекеттік бағдарламалар­дың мәрте­бесін көтерді. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тіліміз – бәріміздің ана­мыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы!» деп айт­қан әрбір сөзі қазақ тілінің бағын ашып, байтақ елдің мәңгі тілі екенін көрсетті. Ел тәуелсіздігімен бірге ел мерейі ғасырға бергісіз биікке көтерілсе, соның бірі – мемлеке­ті­міздің мәртебелі тілі де төрге шықты. Ал Қазақстанның тұтастай қабырғалы мемлекет болуы үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Жаһандану заманында Қазақ елін осыншама өркениет биігіне жеткізген Елбасына әрбір қазақстандықтар шексіз алғысын білдіреді. Бір ғана мәселені айта кетейік. Н.Назарбаевтың жаһандық бастамалары, мәселен, ядролық қарудан бас тарту жөніндегі бас­тама­сы – әлемдік қауіпсіз­дік­ке қосқан зор үлесі. Қазір өз­дер­і­ңіз қараңыздар­шы, Қазақ­­стан өркениетара­лық диа­лог­­тың маңызды орталығы­на ай­нал­­ды. Бұл не деген сөз! Бұл – ха­лық­­аралық абырой-бедел, зор сенім мен құрмет деген­ді біл­ді­ре­ді. Мұндай дүние­жүзі­лік дең­гей бізде қашан болып еді? Жақында Тараз қаласында «Жаһандану заманындағы тіл және ономастикалық үрдіст­ер» деген тақырыпта респуб­ликалық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Бұл алқалы жиынға елімізге кеңінен танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, ел қамын, ұрпақ болашағын ойлаған даналар бұл мәселеге айрықша мән бергені, сол жолда күрескені айтылды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл екенін тағы бір мәрте еске түсірді. «Біздің еліміз тәуелсіздік жылдары қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі де, бірегейі де – қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы. Осы бір құнды игілікті сақтау – әрбір азаматтың асыл борышы» деген тоқтам жасады. Бұл – мемлекеттік тіл саясатының алтын діңгегі. Қай заманда болмасын, туған Отанымыз үшін баға жеткізгісіз құндылықтарды тарихи ұлы тұл­­ға­лар ғана жасай алатынына өзіміз куә­міз. Сон­­дық­тан, Ел мерейін бағалай білуіміз керек. Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты ТАРАЗ