• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

УЕФА Кубогының «төрттік финалы» Алматыда өтеді

245 рет
көрсетілді

УЕФА Кубогының шағын футболдан 2016/17 маусымының «төрттік финалы» Алматыда өтеді. «Комитет мүшелері қазақстандық «Қайраттың» өтінішін қабыл алды. 2017 жылдың сәуір айының соңында «төрттік финал» Алматыда өтеді», – деді Ресей мини-футбол қауымдастығының басшысы, УЕФА футзал және жағажай футбол комитетінің мүшесі Эмиль Алиев. Айта кетейік, 27 қараша күні аталған турнирдің элиталық кезеңі аяқталып, жартылай финалда өнер көрсететін 4 команда анықталды. Ақтық ойындарда «Қайрат», испаниялық «Интер», лиссабондық «Спортинг» және ресейлік «Газпром-Югра» өнер көрсетеді.