• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

Павлодарда 78 отбасыға пәтер кілті табысталды

113 рет
көрсетілді

Павлодардағы жаңа «Сарыарқа» шағын ауданында төртінші төрт қабатты үй пайдалануға берілді, деп хабарлады «ҚазАқпарат». ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында 78 отбасы, бұрынғы «Алюминстрой» кентіндегі  сүрілген екі қабатты үйдің тұрғындары жаңа үйден пәтер алды. «Қазіргі күні «Сарыарқа» шағын ауданында тағы да бір үйдің құрылысы аяқталуға таяу және тағы үш үйдің құрылысы басталып кетті. Алдағы уақытта қысқы маусымда сегізінші орамдағы екі қабатты үйлерді сүру көзделіп отыр. Олардың орнында алты көпқабатты үй бой көтереді», – деді Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов Айта кетейік, жаңа үй «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында үй салудың панельдік технологиясын қолдану арқылы салынған. Мұнда 51 екі бөлмелі, 24 үш бөлмелі және 3 төрт бөлмелі пәтер бар. Жалпы құрылысқа 756 млн теңге жұмсалды.