• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Қысқы Универсиаданың ресми тикет-кеңсесі ашылды

165 рет
көрсетілді

Алматыда 28-ші Дүниежүзілік қысқы 2017-Универсиадасының ресми тикет-кеңсесі ашылды, деп хабарлады Универсиада баспасөз қызметі. «Mega Alma-Ata» СОСО-да 28-ші Дүниежүзілік 2017 қысқы Универсиадасының тикет-кеңсесінің ашылуы өтті. Оның ерекшелігі - онда халықтың әлеуметтік қорғансыз тобына қызмет көрсетіледі. Ардагерлер, мүгедектер, балалар мен студенттер тобына арнайы тарифтер бойынша билеттер сатылады. Бұл жерде билеттерді алмастырып немесе кері қайтаруға, шот-фактура жазуға, ақшасыз есеп айырысу, пакеттік және корпоративтік сатылымдар жүргізуге болады. Қазіргі уақытта ерекше жартылай финал, финалдарды қоса алғанда Универсиаданың барлық жарыстарына билеттер сатылуда. Алматы  (Б. Шолақ атындағы спорт сарайы, Республика сарайы,  «Меломан» мемлекеттік циркі) мен Астана (Хат шатырдағы «Меломан», «Керуен» СО,   «Мечта»,   «My Town» компаниясының кеңсесі) кассаларына билеттер түсті.  Онлайн сатылымда да бар. Универсиаданың  www.almaty2017.com сайтында, Kassir.kz, Ticketon.kz, Bilet.meloman.kz, Biletiastana.kz және Koncertyastany.kz билет операторларының виртуалдық  платформаларында билетке тапсырыс беруге болады.