• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Ауыр атлетикадан ел құрамасына жаңа жаттықтырушы келді

148 рет
көрсетілді

Қазақстанның ауыр атлетикадан бас бапкері қызметіне Юрий Мельников келді, деп хабарлады Vesti.kz. Мұндай шешім Қызылордада 2 желтоқсанда Федерацияның жаттықтырушыларымен болған кеңесінде қабылданды. 59 жастағы маман Шымкент қаласында дүниеге келген. Мельников 1992-2002 жылдары Қазақстан құрамасының, 2000-2002 жылдары әйелдер құрамасының жаттықтырушы қызметін атқарған. Ал соңғы жылдары Шымкенттегі спорт мектептерінде жұмыс істеген. Айта кетейік, 25 қарашада осыған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінде болған Алексей Ни қызметінен кеткен болатын.