• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

3 желтоқсанға арналған ауа райы

174 рет
көрсетілді

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты, ал оңтүстік-шығыста және солтүстік-шығыста ауа райы ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күндіз 15-20, екпіні 25 м/с, кей уақыттарда 30 м/с күшейеді.  Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерде жел  15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде  бұрқасын, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан  облысының  кей жерлерінде  түнде тұман, күндіз көктайғақ,  жел 15-20 м/с  күшейеді. Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде  тұман түсіп, бұрқасындатады, жел  15-20 м/с күшейеді. Алматы  облысының  Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді.