• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 05 Шілде, 2017

Көрермені көп «Нұр әлем»

261 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 қалашығындағы медиа орталық мамандары көрмені тамашалауға келіп жатқандар саны бойынша бір аптаның қорытындысын жариялады. Онда елорда төрінде өтіп жатқан халықаралық шараны соңғы бір аптада 217 мың адам тамашалағандығы жайында дерек бар.

26 маусым мен 2 шілде ара­лығында ЭКСПО-2017 ха­лықаралық көрмесіне 217 732 адам келген. Яғни, орташа есеп­пен күніне – 31 104 адам. Айта кетерлігі, алдыңғы ап­тада – 19-25 маусым ара­лы­ғында көрмеге 168 675 адам келген болатын, онда орташа есеппен күніне 24 096 адам кірген қалашыққа. 10 маусым мен 2 шілде аралығында көрмені тама­ша­лауға келгендердің жалпы саны 591 968 адамды құ­ра­ды. «Қонақтар жиі кіре­тін­ ны­сандар қатарында «Нұр Әлем» Қазақстан павильоны бірінші тұр. Екінші кезекте Тақырыптық павильонды тамашалаушылар көп. «Дю Со­лей» циркінің де кө­рер­мен­дері баршылық», дейді ма­мандар. Қауіпсіздік мәселесін де айта кетсек, көрме аумағында «Вокорд» жүйесі жұмыс іст­еп тұр. Соның көмегімен өт­кен аптада қалашыққа би­лет­сіз өтпек болған 12 адам анық­тал­ған. Бұдан бөлек дрон аппа­рат­тарын заңсыз ұшырмақ бол­ған 4 адамның әрекетіне тос­қауыл қойылды.

Топтаманы әзірлеген Асхат РАЙҚҰЛ,  Суреттерді түсіргендер Ерлан Омаров, Орынбай Балмұрат, «Егемен Қазақстан»