• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Шілде, 2017

Астана процесінің бесінші кезеңі өтуде

89 рет
көрсетілді

Кеше елордада Сирия мәселелерін реттеу бойынша халықаралық келіссөздердің 5-раунды басталды. Екі күнге созылады деп жоспарланған келіссөздер процесіне қатысушы делегациялар кезекті мәрте бас қосып отыр.

Еліміздің Сыртқы істер ми­нистрлігінен хабарланғандай, ке­­­ліссөзге қатысушы деле­га­­­ция­лар­­дың қатарында тоғыз адам­­нан құралған Сирия қарулы оппо­зи­­ция­сының өкілдері де келген. Астана процесінің алғашқы ке­зе­ңі­нен бастап форумға белсене қа­ты­сып келе жатқан БҰҰ Бас хат­шы­сының Сирия мәселелері жө­нін­дегі арнаулы өкілі Стаффан де Мис­тура да бар.  Осы халықаралық шараға орай кеше БАҚ өкілдерінің сауалына Қазақстан Республикасы сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов Астана процесінің бесінші рау­н­ды­ның күн тәртібі туралы жау­ап берген болатын. Министр айтып өткендей, кездесу барысында Ресей, Түркия және Иран секілді кепіл елдер қол қойған 4 де­эскалация аумағын құру тура­лы меморандумды қалай жү­зеге асыру жоспарында атал­ған аумақтардың шекараларын анық­тау, сонымен қатар, деэскалация ау­мақтарында бақылау жүргізу жол­дарын айқындау және оны жү­зе­ге асыру сынды мәселелер үлкен маңызға ие. – Естеріңізде болса, аталған меморандумда деэскалация ау­ма­­ғының шекарасы бойынша бақылау-өткізу пункттерін жә­не бақылау пункттерін орнату ти­істілігі айтылған еді,– деді Қайрат Әбдірахманов. Министр айт­қан­дай, бүгінгі таңда Сирия ау­мағында тараптардың әскери іс-қимылдарын тоқтату және бітімге ке­лу режіміне 65 қарулы оппо­зи­циялық топ қосылған.  Сонымен қатар, Астанадағы жи­ында ЮНЕСКО-ның қор­ғау­ына алынған, аталған халық­ара­лық ұйымның дүниежүзілік мәдени мұраларының тізіміне енген Си­рия­дағы мәдени нысандарды миналар­дан тазарту мәселесін де егжей-тегжейлі талқылау жос­парланып отыр екен.  Кеше күннің алғашқы жарты­сында тараптардың «жабық есік» жағдайында кездесулері өт­ті. Күннің екінші жартысында кез­­десулер кеңейтілген формат­та жал­­­ғасын тапты.  Бүгін пле­нар­лық оты­рыс өткізіледі деп жос­пар­­ланып отыр.  Ресей Федерациясы прези­де­н­ті­нің Сирия мәселелері бойын­ша арнаулы өкілі Александр Лав­рентьевтің айтуынша, ке­ше Ресей, Иран және Түркия ел­де­рі­­нің өкілдері үшжақты кездесу өт­кізген.  – Мақсатымыз – деэскалация аймақтарын құру. Бір ай бұ­рын­ғы кездесуде аймақтарды құ­ру т­у­ралы келіскен болатынбыз. Бір­лескен жұмыс топтары кез­десу­лер өткізді, мәселе жан-жақ­­ты қа­растырылды. Қазір ер­тең­гі кездесу­де қабылдануға ти­іс құ­жаттың түрлі бөліктерін қа­рас­ты­рып жатырмыз,– деді ол.  А.Лаврентьев айтып өт­кен­дей, бұл мәселе бүгін шеші­мін табуға тиіс.  – Барлық делегацияның, оның ішін­де кепіл мемлекеттердің ұм­ты­лыстары жақсы, нақты нә­ти­же­ге қол жеткізуге барлы­ғы­мыз мүд­деліміз. Иордания тара­пы­ның, Аме­риканың жоғары дең­гей­лі де­легациясының қолдауы бай­қа­ла­ды,– деді А.Лаврентьев.  Биылғы жылы 3-4 мамыр күндері елордада Сирия мә­се­лелерін рет­теу бойынша ха­лық­аралық кез­десулердің төр­тін­ші раунды өт­кені белгілі. Атал­ған жиынға Ресей, Иран, Түркия елдерінің, Сирия үкі­ме­­ті­­нің, Сирия қарулы оппо­зи­­циясының делегациялары кел­­ген болатын. Сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының Сирия мә­­с­е­лелері жөніндегі арнаулы ел­­шісі Стаффан де Мистура, Ио­р­дания Сыртқы істер ми­ни­стрі­нің кеңесшісі Науаф Уасфи Тель, АҚШ Мемлекеттік хат­шы­­сының көмекшісі Стюарт Джонс қатысқанын айта кетейік. Төртінші раунд қорытындысы бойынша кепіл мемлекеттер Сирия Араб Республикасында де­­­эскалация аймақтарын құру ту­ралы меморандумға қол қой­ға­­ны келіссөз процесінің үлкен же­­тістіктерінің бірі ретінде бағалан­ған.  Төртінші раунд қорытындысы бойынша Ресей, Иран және Түркия елдері бірлескен құжат қа­былдап, жоғары деңгейдегі бе­сін­ші кездесуді Астанада 2017 жыл­дың шілде айында өткізу ту­ралы шешім қабылдады. Олар Қазақстан Республикасының Пре­­зи­дентіне Сирия мәселелері бой­­­ынша халықаралық кездесу­лер өткізгені үшін алғыс біл­дір­ге­нін де айта кетейік.  Әуел бастан бейбіт бітімге ке­луді қолдайтынын ашық біл­діріп, бей­тарап ұстанымын аң­ғартқан Қазақстан алқалы жи­­ынға алаң ұсынумен ғана шектеледі. Бұған дейін еліміздің сыр­­тқы саясат ве­домствосы мә­лім­дегендей, рес­ми Астана­ның ұстанымы – Сирия мәсе­ле­сінің шешімін табуына, тарап­та­рдың өзара мәмілеге келуіне, бе­й­біт халықтың азап шегуін тоқтатуға үлес қосу. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»