• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Шілде, 2017

6 шілдеде елдің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық болады

273 рет
көрсетілді

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, күндіз Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында жел тұрады, жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Күндіз Кызылорда, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында аптап ыстық. Сондай-ақ, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында да өте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.