• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Шілде, 2017

Мәңгілік елдің – Жерұйығы

477 рет
көрсетілді

Осы жылғы 20 қазанда елі­міздің астанасын бүгінгі ел­ор­даға ауыстыру туралы Пре­зи­дент жарлығының шық­қа­нына 20 жыл толғалы отыр. Бұ­ның Тәу­елсіз Қазақстан та­ри­хын­да­ғы тағдыршешті шешім­дер­дің бірі болғаны анық. Арада шамалы уақыт өткеннен кей­ін, 1998 жылдың 6 мамырында ­Ел­басы Н.Ә. Назарбаев «Ақ­мо­ла қа­ласының Қазақстан Рес­пуб­ли­касының ас­тана­сы – Астана қаласы болып өз­гертілгені туралы» жарлыққа қол қойған болатын.

Міне, сол күннен бастап тарих сахнасында Астана атауымен жаңа қала пайда болды. Артынша, 1999 жылы Астана ЮНЕСКО ше­шімімен «Әлем қаласы» ата­ғын еншіледі. 2008 жылғы 24 мау­сымдағы Заңмен 6 шілде – Астана күні мемлекеттік ме­реке болып белгіленді. Содан бе­рі әсем де көрікті Астанамыздың кү­нін мемлекеттік мереке ретінде атап өту дәстүрге айналып келеді.  Астана туралы асқақ ойлар да, жүрекжарды пікірлер де аз ай­тылып жүрген жоқ. Астананы қазір әлем жұрты бейбітшілік пен татулықтың ордасы ретін­де та­ни­ды. Сарыарқаның кін­ді­гінде ор­наласқан елордамыз бүгінде ба­бала­рымыз сан ғасыр аңсап өткен тәуелсіздіктің алтын бесі­гіне, қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған ғаламдық деңгейдегі салиқалы жиындар мен келелі кеңестер өтетін іргелі ошаққа айналып отыр.  Біз – Жаратушымыз ел тари­хы­ның осы бір дәуірінің куәгері бо­­луды нәсіп еткен бақытты ұр­пақ­пыз. Қазақ халқы талай қиын-қыс­тау заманды басынан өткерді. Тәу­елсіздік халқымыздың мәң­гі­лік ар­маны болды. Кезінде Қа­зақ хан­дығы алғаш құрылғанда дала фи­лософы Асан қайғы ба­ба­мыз «Адамы жүзге келмей өлмейтін, ма­лы екі қайтара төл­дей­тін», жауы аяқ баса алмайтын, арман мекен – Жерұйықты із­деген болатын. Жерұйық – қа­зақ дүниетанымында қа­сиетті ұғым. Онда жарқын бо­лашақ, бей­біт өмір, қой үстіне боз­торғай жұ­мыр­тқалайтын заман жайлы х­алықтың арман-мұ­ра­ты жатыр. Ол – жер бетіндегі жұ­мақ­тың символы іспеттес. Алаш баласының басынан өткен ал­ма­ғайып заманда Асан атамыз Жер­­ұйығын таба алмай «қайғы» атанды. Содан бері Жерұйық қа­зақ елінің мәңгілік арманына айналған еді. Бабалар аңсап кеткен тәуел­сіз­­­дік­ке қол жеткіздік. Елдің ар­­маны­на айналған, сан ғасыр із­­деген Жер­ұй­ықты Елбасы ту­ған еліне сыйға тарт­ты. ХХІ ға­­­с­ырдағы Қазақ елі­нің Жер­ұй­ығы ол – Ас­тана! Астана – тәу­­ел­сіздіктің төл туынды­сы. Оны елі­не сыйға тар­т­қан Елбасы Асан қай­ғының ар­ма­нын орындаған тұлға!  «Күн тұрғанда тұратын, Жұрты сайран құратын. Қала болсын Астана, Осы – менің Мұратым», – деп оны өзінің де, туған елінің де асыл мұратына айналдыра білді.  Астананы Жерұйық деп та­ну­­ға дәлелді негіз бар. Бірі­н­ші­ден, Жерұйық ол Асан қайғы бабамыздың арманында елге ты­ныш, жанға жайлы мекен, жаңа құ­рылған хандықтың елордасы бо­латын. Екіншіден, Жер­ұй­ық қа­зақ философиясында бей­біт­ші­лік пен ба­қытты өмірдің ме­кені. Жер­ұй­ық­тың осы екі сипа­ты бүгінгі елорда­мыз Астанаға тән. Татулық пен бей­бітшіліктің ал­тын бесігі Астана Тәу­елсіздік Жер­ұйығына, Мәңгілік елдің Жер­ұйығына айналып отыр.  Кешегі «Ақтабан шұбы­рын­­­ды, ал­қакөл сұлама» зама­нындағы «Бы­лай барсаң Қоқан бар, қоқаң­даған әкең бар. Былай барсаң Қалмақ бар, күшіңді еппен алмақ бар. Былай барсаң орыс бар, балаңды берсең қоныс бар. Былай барсаң Қытай бар, бұтағыңды бұтай бар» деп зар кеш­кен дәуір бүгін келмес- ке кетті. Ел­басы­ның тікелей көрегендігі мен қа­тепті қара нардай қажырлы қай­ра­ты­ның арқасында біз көрші елдер­мен шекарамызды түгелдей заң­дас­тырып, бұл байлауы жоқ қи­ын істі мәңгілік тас түйін еттік. «Ар­тында – ор, алдында – көр, жан-жағы жау, дағдарған Алаш ен­ді қайда бармақ» деп Мағжан ақын жырлайтын заман артта қалды.  Бүгін елордамыз тәуел­сіз­ді­гі­міз­дің символына айналып отыр. Кешегі Алаш көсемі Әли­хан­ның «Қараөткелде университет салып, қазақтың баласын оқытсақ» деген арманының өтеуі бұл Астана. Бүгін қазақтың баласы әлемнің ең үздік деген оқу ордаларында білім алуда.  Тәуелсіздік жылдары өгіз­ді де өл­тірмей, арбаны да сындыр­май осы күнге жетіп отыр­ғанымыз үл­­кен жетістік, зор мәртебе. Біз ба­ба­лар арманын орындаған ел­міз. Ен­дігі мұрат – Мәңгілік елге ай­налу.  Қазір Астанамыз әлем жұрты таныған көзтартымды, көрікті шаһарға айналды. Осындай жас қала үшін әлемнің небәрі 35 қаласы ғана лайықты деп танылып келген ЭКСПО көрмесінің елордамыз Астанада өтуінің өзі Қазақ елінің тарихында алтын әріппен жазылып қалары сөзсіз. Бұл жас қаламыздың әлемдік көштің алдыңғы сапына қадам басқандығының тағы бір белгісі болса керек. 

Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ, философия ғылымдарының кандидаты