• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Шілде, 2017

Қала күні мерекесі қарсаңында 38 жұп некелерін қиды

320 рет
көрсетілді

Астанада жыл сайын Қала күні мерекесі қарсаңында жас жұбайлардың неке қию рәсімін өткізу дәстүрге айналған. Бұл игі шараға биыл – 10 жыл.

Осы жылы неке қию салтанатына 38 жұп қатысты, олардың жас мөлшері 18-ден 40-қа дейін. Шара аясында жас жұбайлар арасында сыйлықтар мен жүлделер ойнатылды. Бас жүлде – Түркия мен Бурабайға жолдама және теледидар. Рәсім аспанға шарларды жіберумен, той вальсін билеумен және тәтті торттан дәм татумен басталды.

Мерейтойлық неке қию рәсімі ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуімен тұспа тұс келді. Осыған орай «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы шараның өтуіне қолдау білдіріп, көрме аумағында жас жұбайлар үшін фотосессия ұйымдастырды.

«Бірден 40 қалыңдық той көйлегін киіп, күйеужігіттердің қолынан алып, болашаққа қадам басқанын еш жерден көре алмайсың. Бұл шынымен өте әдемі, әсерлі. 10 жыл бұрын неке қиятын әр жұпқа рәсімнің қалай өтетінін түсіндіру қажет болса, бүгінде ондай қажеттелік жоқ», – деді Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Рыскүл Қауғабаева.