• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Президент 06 Шілде, 2017

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

136 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президентін тағы да туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тілеп, жоғары мемлекеттік қызметте табыстарға жетуге ниеттестік білдірді.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, алдағы кездесулердің кестесі қаралды.