• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Шілде, 2017

2018-2020 жылдары G20 саммитін өткізетін үш мемлекет белгілі болды

119 рет
көрсетілді

2018-2020 жылдары G20 саммитін Аргентина, Жапония, Сауд Арабиясы өткізеді.

Елдер саммиттің қорытынды декларациясы қабылданғанда таңдалды. Оны Германияның канцлері Ангела Меркель баспасөз маслихатында мәлімдеді.

2018 жылы «Үлкен жиырмалық» Аргентина елінде өтеді. G20 саммиті тарихта алғаш рет Оңтүстік Америкадағы Аргентина астанасы Буэнос-Айресте болады. Ал 2019 жылы Жапонияда өтеді. 2020 жылы қонақтарды Сауд Арабиясының Корольдігі қабылдайды.

Естеріңізге сала кетсек, биыл G20 саммиті немістің Гамбург қаласында өтті.