• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Шілде, 2017

Бейжіңді бетке алды

252 рет
көрсетілді

Желаяқ марафоншы Дулат Иманқажы Қытайдың астанасына велосипедпен аттанды.

Қазақ елін әлемдік қоғамдас­тық алдында көрсету, Қазақстан-Қытай арасындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру және ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месін насихаттап, жас ұрпақ бойына патриоттық сезім ұялатуды мақсат еткен марафон Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситеті­нің алаңынан бастау алды. Марафоншы Астана­дан Бейжіңге дейін­гі 6200 шақырым жолды вело­сипедпен жүріп өтпек. Ол Астана – Новомарковка – Ерейментау – Шідерті – Төртқұдық – Ақсу – Қызылқоғам – Канонерка – Семей – Шар – Қалбатау – Көкпекті – Ақмектеп – Зайсан ар­қылы Майқапшағай кеден беке­тінен өтіп, Жеменей – Үрімжі –Шаньшиді басып, Қытайдың астанасы Бейжіңге жетуді көздейді.