• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 10 Шілде, 2017

Көрме тыныштығын күзетеді

156 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде 800-ге жуық жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Шараға жас сарбаз­дардың 3500-дей жақындары мен туыстары келді.

Айта кетерлігі, биылғы шақырылымның сарбаздары – еліміздің барлық өңірінің өкілдері, олар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады. Салтанатты шара барысында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен еліміздің Әнұраны орындалып, көк туымыз жоғары көтерілді. Әскери бөлім командирінің құттықтауынан кейін, сарбаздар бірінен кейін бірі саптық алаңға шығып, салтанатты түрде әскери ант қабылдады. «Биыл жауынгерлерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Олар елорданың көшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өтетін бұқаралық шаралардың тыныштығын күзетуге атсалысады. Әскери ант қабылдаған сарбаздар артылған үлкен сенімді ақтайды деп білемін», дейді 5573 әскери бөлімінің командирі, полковник Сәкентай Шекарбеков.