• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2011

34 көше атауы бір күнде өзгеріп еді

441 рет
көрсетілді

ПАРЛАМЕНТ «Егемен Қазақстанның» арнаулы беті

Алдағы аптада Астанада Ба­тыс Қазақстан облысының күн­де­рі өтеді. Осыған орай, Орал қала­сында жүзеге асқан мына бір жа­ғым­ды жәйт туралы әңгімеле­ген­ді жөн көріп отырмын. Жалпы­сын­да, тек бір қала ауқымында ғана емес, республика жұртшы­лы­ғы арасында үлкен жаңғырық туғыз­ған бұл қуанышты оқиға­ның орын­далғанына да алтыншы жыл­ға ауысып барады. Мен ол кезде Орал қаласы әкімінің орын­ба­са­ры, сонымен қатар, қалалық оно­мастикалық комиссияның төр­аға­­сы едім. Тәуелсіздік алғаны­мызға 14 жыл өтсе де, қала көше­лері­нің коммунистік-тоталитар­лық ба­ғыт­­та­ғы атаулары мызғы­май сіресіп тұрған болатын.

Тұрғындар мен қоғамдық ұйым­дардан оны тәуелсіздік та­лап­тарына қарай өзгерту, ыңғай­лау жөнінде комиссия атына ұсы­ныстар мен пікірлер үздіксіз түсіп жатты. Оны аяқсыз қалдыру еш мүмкін емес еді. Комиссия төр­аға­сы ретінде бұл жауапты істің негізгі жобасын өзім жасауға тура келетінін терең түйсіндім. Сөйтіп, іске кірістім. Оны көше атау­лары­на талдаулар жасаудан бастадым. Қалада халқымыздың танымал тұл­ғалары мен ұлты қазақ Кеңес Одағы батырларының бір де біріне көше атаулары берілмеген бо­лып шықты.

Соның бәрін жүйеге түсірген кезде ең алғашқы кезекте 34 кө­ше­нің атауын шұғыл ауыстыруға тура келетіні белгілі болды. Содан соң комиссия мүшелерімен кеңесе отырып Құрманғазы, Мұ­хит, Дина секілді халқы­мыз­дың біртуар талант иелері бір бағыт­тағы параллель көшелерге орна­лас­қаны орынды деген тоқтам жасадық. Ерліктің қос қана­тын­дай Мәншүк пен Әлия атындағы даңғылдарды да бір-бірімен жа­рыс­тыра қатар қоюды ұйғардық.

Сонымен бірге, қазақ хал­қы­ның тарихына тікелей қатысы бар, оның қайғысы мен мұңына ортақтаса білген Мирзоян, Савичев, Иванов секілді тарихи тұл­ға­ларға да көше атаулары берілгені орынды деп табылды. Орал қала­сында XVIII ғасырдың аяғында өмір сүрген Карев деген көпес болыпты. Сол кездегі оның Оралда тұрғызған еңселі ғимараттары сәулет өнерінің қайталанбас үлгі­сіндей көрінетін. Бұл орындарда бүгінде облыстық филармония мен кітапхана орналасқан. Келешекке қалдырған осындай өшпес ізі үшін Каревтің атында да Оралда бір көшенің болғаны әділетті деп есептедік.

Осылайша әр көше жөнінде тү­йін­демелер мен анықтамалар және қабырғалық материалдар жинақ­та­лып, қалалық мәслихат депутат­тары­­ның назарына ұсы­ныл­ды. Әрі комиссия отырысында түсінбестік туғызған барлық сұ­рақ­тарға терең де жан-жақты жауаптар қайтарыл­ды. Көшелердің атауын алмастыру жөніндегі түсі­нік жұмыстарына Болат Жек­сенғалиев, Жаңабек Жақ­сы­ғалиев секілді филолог ғалым­дар тар­тыл­ды. Сөйтіп, Орал қала­сын­да 34 көшенің атауын бір мезгілде өзгерту жөніндегі мәселе Орал қалалық мәслихаты қарайтын мәселелердің қатарына енгізілді.

Сессия болатын күн де келіп жетті. Көңілде алаңдаушылық та жоқ емес. Не болар екен деп сессия залында елеңдеп-ақ отырмыз. Құрамы бойынша алғанда қазағы­нан гөрі өзге ұлт өкілдері әлде­қай­да басым қалалық мәслихат депу­тат­тарының бәрі де бұл шешімді жақтап дауыс берді. Әрине, сол күнгі қуанышымызда шек бол­­ған жоқ. Тек сессия үстінде қалалық мәслихат депутаты Александр Потиченко ғана: «Сүн­дет­қали Ес­қалиев кім еді?» деген сауал қой­ды. Оған толыққанды жауап берілді. Яғни, Сүндетқали Ес­қалиев 1924 жылы Батыс Қазақ­стан об­лы­сының Шыңғырлау ау­данында дү­ниеге келген. 1942 жы­лы со­ғыс­қа аттанып, он сегізінде от кеш­кен. 1944 жылы Бело­рус­сия­ның Могилев облысын­дағы қиян-кескі шай­қас­тардың бірінде Александр Мат­росовтың ер­лігін қайта­лап, күр­кі­реп, аузы­нан от пен оқ жау­дырып тұрған пулеметті кеудесімен көм­керіп ерлікпен қаза тап­қаны, сол жылы оған осы ерлігі үшін Кеңес Ода­ғы­ның Батыры атағының берілгені айтылды. Міне, Сүндет­қали Ес­қалиев кім еді деген депутат сауалына осындай жауап қайта­рыл­­ды. Ол бұған қанағатта­на­ты­нын айтып басқа сұрақ берген жоқ.

Сөз жоқ, халқымыздың рухын биіктетуге әсері мол мұндай өз­герістер тек тәуелсіздіктің арқа­сын­да мүмкін болып отырғаны белгілі. Осы ұлық мерекеміздің 20 жылдығы қарсаңында респуб­ликаның батыстағы қақпасы – Орал қаласында бір күнде атауы өзгерген 34 көше жөніндегі осы бір толғанысымды бас басылым оқырмандарының назарына бергенді жөн көрдім.

Ерболат МҰҚАЕВ, Сенат депутаты.