• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2011

Баға қалай шарықтаған?

317 рет
көрсетілді

Біздің елімізде, жасыратыны жоқ, жылма жыл көктемгі егіс және күзгі орақ науқаны қарсаңында жанар-жа­ғармай «жыры» қоса басталады. Яғни, түрлі сұйық отын құны ша­рық­тап шыға келеді не болмаса жанар-жағар­май мүлде құриды. Бір ғажабы, оның не себептен екенін жұрттың бәрі біледі. Бірақ ешкім де жауапқа тар­тыл­майтын. Әйтеуір бұған Үкімет ара­ла­сып барып, жағдайды ушық­тыр­май басатын. Шыдамның да шегі бар дегендей, көзге көрініп тұрған кемшілікті жоймаса жағдайдың тіптен ас­қы­на­тынын сезген билік нақты ша­ра­ға көш­ті. Атап айтқанда, «ҚР бәсе­ке­лес­тікті қорғау агенттігінің Астана қала­сы, Ақмола, Қарағанды облыста­ры бойынша аймақаралық инспек­ция­сы» мемлекеттік мекемесі бір істі сотқа жол­дады. Сол арқылы сот, яғни Қазақ­стан Республикасының әкімші­лік құ­қық бұзушылықтар туралы ко­декстің 147-бабы, 2-бөлімімен қоз­ғал­ған әкім­шілік істі қарау барыс­ын­да жанар-жағармайды сатумен айна­лысқан бірнеше заңды тұлға өкілдерінің өзара сөз байласып, оның құнын негізсіз жо­ғ­арылатқандығын анықтады, дейді Жо­ғарғы Соттың ресми өкілі. Тек көлік жүргізушілерін ғана емес, жалпы жұртшылықты қызы­қ­тыр­ған іс Қарағанды қаласының ма­мандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Аталған іс материалдарына сай, «Star Oil 2030» ЖШС, жеке кәсіпкер Е., жеке кәсіпкер Б. 2011 жылдың маусым-шілде айларында өз­дерінің жанар-жағармайды сату стан­саларында дизель отыны, АИ-80, АИ-92, АИ-93 сияқты көпшілік тұты­натын бензин түрлерінің бағасын өз беттерінше жоғарылатқан екен. Дәл осы кезеңде бензин құны еліміздің барлық дерлік аймақтарында көте­ріліп, кейін Үкіметтің тікелей арала­суы­мен әупірімдеп реттелген бола­тын. Тексеру барысында жоғарыда аталған кезеңде сұйық отын өндіруші зауыттар, оны жеткізуші компаниялар жанар-жағармай бағасын көтерме­ген­дігі анықталды. Бір сөзбен айтқан­да, мемлекеттік органдар республика аумағында бензин құнының өсуіне тосқауыл қойып, оның тапшылығы секілді ушығып тұрған жағдайды қалыпқа келтіріп жатқанда, жоғарыда аталған заңды тұлғалар «етектен тар­тып» яғни осы күрделі кезеңді пай­да­ланып, тез арада артық табыс табуға әрекет жасаған. Ал жағдайды қадаға­лап отырған бәсекелестікті қорғау органдары мұндай құқық бұзушы­лық­қа барған кәсіпкерлерге қатысты шара қолданып, ақыр аяғында істі сотқа жеткізді. Сөйтіп «өзім қожа, өзім би» деп артық табыс табуды мақсат қылған заңды тұлғалар Қазақстан Респуб­ли­касының әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы кодекстің 147-бабы, 2-бө­лімі бойынша сот қаулысымен кінәлі деп танылып, оның ішінде «Star Oil 2030» ЖШС 1 миллион 754 мың теңге, жеке кәсіпкер «Билак» 226 мың 800 теңге және жеке кәсіпкер «Ермаков» 226 мың 800 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сонымен қатар олардың жоғарыда аталған кезеңдегі тапқан табысынан 563 133 теңге мемлекет пайдасына тәркіленді, дейді ресми өкіл. Осылайша қарапайым тұтыну­шы­ның арқасында қосымша пайда та­ба­мын деген тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Оған қоса қазіргі күні жа­нар-жағармайды сатумен айналы­са­тын тағы да бірнеше заңды тұлғаға қатысты осы сияқты әкімшілік істер қаралу үстінде. Александр ТАСБОЛАТОВ.