• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2011

Интеграцияны тереңдету – басты мақсат

350 рет
көрсетілді

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұха­мед­жанов кеше ресми сапармен әрі Қазақстан парламентшілері делегациясын бастап ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы ке­ңе­сінің отырысына қатысу үшін Беларусь Республикасының ас­танасы Минск қаласына келді. Минск әуежайында қазақ­стандық парламентшілер делегациясы ерекше құрметпен қарсы алынды. Орал Мұхамеджанов Беларусь Республикасы Ұлттық жи­на­лысы Өкілдер палатасының Төр­ағасы Владимир Андрейченкомен кездесті. Кездесу жылы рәуіште өткендігін айта кету керек. Мәжіліс Төрағасы әңгіме ба­рысында арнайы шақырып, жылы қабылдау білдірген тарапқа ри­за­шылығын жеткізе отырып, Қа­зақ­стандық-Беларусь ынтымақ­тас­­ты­ғы­ның маңызды мәсе­ле­ле­рін талқылауға мүмкіндік бар екендігін алға тартты. Қазақстан Беларусь Президенті А.Лукашен­ко­ның үстіміздегі жылдың ма­мырында Астанаға жасаған ресми сапарын жоғары бағалай­тын­дығын тілге тиек еткен Мәжіліс Төрағасы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру екіжақты ынтымақтас­тық­ты белсенді ете түсуге қо­сым­ша серпін беруі тиістігін баса айт­ты. Осы орайда Орал Бай­ғонысұлы «Известия» басылы­мы­ның 17 қазандағы санында жарық көрген А.Лукашенконың «Біздің инте­грациямыздың тағ­ды­ры туралы» мақаласымен мұ­қият танысып шыққандығын, Еур­азиялық одақ Біртұтас эко­но­микалық кеңістік негізінде өмірге жолдама алатын жаңа инте­гра­ция­лық құрылым­ның тең құқық­тық және өзара тиімді негізде құрылуы қажеттігі тұрғысында өрбіткен ойын қол­дайтындығын жеткізді. Сөз орайы келгенде О.Мұ­ха­меджанов Беларусь жағын ел Тәу­елсіздігінің 20 жылдығымен құт­т­ықтады. 1991 жылдың 25 та­мы­зында БССР Жоғарғы Кеңесі  Мемлекет тәуелсіздігі туралы де­к­ларациясын қабылдап, 19 қыр­күйекте ел Беларусь КСР атауын Беларусь Республикасы деп өз­герт­кені белгілі. Оның үстіне би­ыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығының 20 жылдығы аталып өтетін болса, оның өмірге келуіне Беларусь жеріндегі Беловежье орманында қабылданған тарихи шешім ықпал еткен-ді. Сөйтіп, 1991 жылдың 21 желтоқсанында Достастықтың жұмыс принципі мен мақсатын айқындап берген Алматы декларациясына қол қойылды. Осылайша, осыдан 20 жыл бұрын бұрынғы Кеңес одағы мемлекеттері біздің халықта­ры­мыздың достық қатынастарын ны­ғайтуға және сақтауға мүм­кіндік беретін таңдау жасады, деді О.Мұхамеджанов өз сөзінде. Бұ­ған қоса, ТМД Біртұтас эко­но­микалық кеңістік, Кеден одағы және Еуразиялық экономикалық қауымдастық сияқты жаңа инте­грациялық құрылымдардың құ­ры­луына және дамуына серпін берді. Владимир Андрейченко өз кезегінде Қазақстан достас ел екендігін айта келіп, Беларусьтің Қа­зақ­стан мен оның халқына ерекше ықыласпен қарайтындығын алға тартты. Ол сондай-ақ, Кеден ода­ғы жаңа мүмкіндіктерге жетелейтінін атап өтті. Кеден одағына қатысты барлық келісімдер заң­дық тұрғыдан бекітілгендігімен бөліскен Владимир Павлович Біртұтас экономикалық одаққа қатысты 17 келісімнің ратификациядан өткендігін жеткізді. Қазақстан мен Беларусь парламентшілері екіжақты, сондай-ақ парламентаралық бірлестік шең­­берінде белсенді ынтымақ­тас­тықты арттыруда. Атап айт­қанда, ТМД мен ЕурАзЭҚ Парламенттік Ассамблеяларында, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясында, Пар­ла­ментаралық одақта, ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассамблеясында және өзге де халықаралық ұйымдарда бірлесе әрекет етіп келеді. Қазақ­стан Парламенті Мәжілісінде құ­рамында 21 депутат бар Беларусь Парламентімен ынтымақтастық жө­ніндегі топ жұмыс істейді. Осы орайда Мәжіліс Төрағасы беларусьтік әріптестерімен кездесу екі­­жақты қатынастарды, соның іш­інде парламентаралық өзара ық­палдастықты арттыруға қо­сым­ша серпін береріне сенім білдірді. Сондай-ақ кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лісінің Төрағасы Орал Мұха­мед­жа­новтың Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Республика кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубиновпен кездесуі болып өтті. Оның барысында тараптар екі­жақты қарым-қатынастардың ар­ту­ына қанағаттанушылық сезімдерін білдіре отырып, ынты­мақ­тастықты тереңдете түсу жайын сөз етті. Әңгіме барысында ата­лып өткендей, Астана мен Минск арасындағы саяси үнқатысу, со­ны­мен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық бағытында да дамып келеді. А.Рубинов Қазақстанмен ара­дағы байланыстар жоғары дең­гей­де дамып келе жатқандығын айта келіп, әлі де ынтымақ­тас­тықты тереңдетуге барлық мүм­кіндіктер бар екендігіне назар аудартты. Біртұтас экономикалық кеңістік енгізілуіне байланысты сауда-экономикалық ынты­мақ­тас­тықпен шектеліп қалу аз екендігін алға тартты. Бүгін О.Мұхамеджановтың Бе­ларусь Президенті А.Лукашенкомен кездесуі болады деп күтілуде. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» – Минскіден.