• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қараша, 2017

Экстремизммен күрестің басты құралы – ақпараттық түсіндіру

504 рет
көрсетілді

Астанада өңірлік ақпа­рат­тық-түсіндіру тобының мүше­­леріне арналған «Ха­лықтың дін­тану сауат­тылығын арттыру мә­се­лелері бойынша ақпа­рат­тық-түсіндіру жұмыс­тарының тиімділігі» тақы­рыбы бойынша екі күндік семинар өтті. Жиынды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті ұйымдастырды.

Шараға Дін істері және азамат­тық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің басшылығы, Білім және ғылым министрлігінің, Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Терро­ризмге қарсы күрес орталығының, Мәде­ниеттер мен діндердің халық­ара­лық орталығының, өңірлік дін істері басқармаларының өкіл­дері, ақ­параттық-түсіндіру тобы­ның мүше­лері, барлық өңір­ден ғалымдар, тео­логтер, дінтану­шы­лар қатысты.

Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Е.Оңғарбаев өз сөзін­де: «Экстремизммен күрестің бас­ты құралы ретінде ақпараттық түсін­діру топтары жұмыстарының тиімділігін арттыру қажет», деді. Ол семинарда алған білімді өңір­лердегі арнайы топтармен жұмыс жүргізуде пайдалануды ұсынды.

Сондай-ақ «Аңсар» кеңес беру-оңал­ту орталығының директоры А.Саб­дин сотталғандар мен деструктивті діни ағымдардың құрбандарын оңалту тақы­рыбында тренинг өткізді.

– Тренингте дерадикалдануды құраушы аргументтеу және контрар­гументтеу тақырыбы қозғал­ды. Аргу­менттеу дегеніміз – дәстүрлі діни танымымызды күшейтетін және қоға­мымызда басым болған құнды­лықтарды растайтын дәлелдер жинағын жасау. Ал контраргументтеу, бұл – теріс діни ағымдардың күмәнді идеяларына жауап беріп, оны жоққа шығару. Бұл екі әдіс ради­кал­ды секталардың жетегінде кет­­кен адамдарды оңалтудың не­гізгі әдістері. Осы ретте атал­ған сала­­дағы дінтанушы маман­дар және де сарапшылармен теориялық негіз­де бір­шама жұмыстар атқару керек деп санаймын, – деді А.Сабдин

Оның айтуынша әлем елдері үшін экстремизм қаупі толықтай сейіле қойған жоқ. Тіпті көптеген елдерде террорлық қауіп-қатер­лер күн санап артып келеді.

– Уақыт өткен сайын діни экст­­ре­мизм кеңінен қанат жаюда. Оған дәлел, жат ағымды наси­хат­таушы ұйымдар мен топтар­дың өз аумақтары, ресурстары қалыптасқан. Олар өз мақсаттары­на жету үшін заманауи технология­лар мен әлеуметтік желілерді қол­данады. Идеологияларын насихаттайтын әдістемелерін жетілдіріп, қысым жасауға шақырады. Бұл ретте саясаткерлер мен зерттеушілер лаң­кестікке қарсы соғыс тек уа­қыт ұзартқанын, оның пайдасына қарағанда зияны көбірек болғандығын мойындады. Осы орайда экстремистер мен діни ради­калдарға арналған дерадикалдану және әлеуметтік оңалту бағдарламасы қолға алынуда. Оның әлем деңгейінде нәтижесі де жоқ емес, ̶  деді сарапшы.

Бүгінде діннің қоғам алдын­дағы, өмірдегі рөлін белгілеп, нақтылау айтарлықтай  маңызға ие болып отыр. Бұл жөнінде Ал­маты облысы Алакөл ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Сүлей­менов: «Бәсекеге бәс тігіп, Қазақ­станның кемел келе­шегі мен баянды болашағын қалып­тастыруда Елбасының Жар­лығымен бекітілген, аса маңызды стратегиялық құжат саналатын «Қазақстан Республика­сы­ның дін саласындағы мемлекет­тік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аталған саланың дамуына темірқазық болмақ. Бұл құжат азаматтардың құқықтық ар-ождан бостанды­ғын қамтамасыз етіп, елімізде тіркел­ген діни бірлестіктердің алаң­сыз жұмыс істеуі үшін қолай­лы жағдай жасауда. Сондай-ақ мемлекет пен дін арасындағы жүйені қалып­тас­тырып, қарым-қатынастар мен көз­қарастарды айқындайды», деген ойын білдірді.

Жиынға қатысқан мешіт имамдары және дін істері бөлімінің ма­ман­­дары діни сауаттылықты арт­­тыру­ға бағыт­талған осындай шара­лар­дың берері мол екенін атап көрсетті.

Екі күндік семинар барысында ақпараттық-түсіндіру тобы қызметінің түйт­кілді мәселелері бойынша пікір ал­масулар өтті. Өзекті мәселелер анық­талды. Шара соңында дін істері және азамат­тық қоғам министрлігі атынан өңір­лік дін істері басқармаларының белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»