• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
04 Қараша, 2011

Сүт пен майың, қаймақ, шайың...

357 рет
көрсетілді

Жуырда Астанда Қазақстан Сүт одағы «Сүт өнімдерінің са­пасы» атты байқау көрмесін өт­кізді. Оған еліміздің осы сала­дағы өнім өндіретін онға тарта кәсіпорындары қатысып, өз тауарларын тұтынушыларына та­ғы бір көрсетті. Аталмыш шара республика­мыздағы сүт өнімдерінен өнді­рілетін түрлі тағам түрлерін жаңа сапада жасап, тұтынушы­лар тарапынан тек жақсы деген бағалар алу мақсатында орай­лас­тырылса, саладағы түйткіл­ді мәселелер де жиын бары­сында мамандар мен ғалымдар та­рапынан айтылмай қалмады. – Азық-түлік тағамдарына тұтынушылыр талабы жыл өт­кен сайын артып келеді. Сүт өнім­дерін өндірушілер сенімге ие болу және оны тұрақты түрде ұстап тұру үшін бүгінгі озық менеджмент жүйесін, сон­дай-ақ сапаны бақылау шарала­рын өн­ді­ріс­ке енгізе отырып, тұрақты түрде өнімнің қауіп­сіздігі мен сапасы төңірегіндегі мәселе­лерді жүйелі шешуі керек. Кейбір қайта өңдеушілер халық­аралық озық тәжірибелер негізіндегі инновациялық техно­ло­гия­­ларды өндіріске енгізе оты­рып, техникалық қайта құру ша­рала­рын жүзеге асырулары қа­жет. Сонымен қатар, шикізат­тың сапа­лық көрсеткіштері де ма­ңызды. Осыған байланысты са­палы отан­дық шикізаттарды қажетті кө­лемде жеткізу мәсе­леле­рін шешу үшін жеке мен­шік мал шаруашы­лығы базасын дамытуға да барынша көңіл бөл­ген абзал, – деді жиында Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников. Ал, елорда­дағы «Әді­лет» тұтыну­шы­лар құ­қын қорғау қоғам­дық бірлестігінің директоры Қабыкен Закарьянов сауылатын сиырлардың денсау­лығы мен жем-шөп база­сын қа­лыптастыру жайында бірқатар ұсыныстарын білдірді. Ғалымдар атынан сөз салған профессор Мариям Али­марда­нованың салаға қатысты пікірлері де көпшілік көңі­лінен шықты. Малдың генетикалық әлеуеті төмендігі осы басқосуда тағы да айтылды. «Бұл тұрғыда Сүт ода­ғының мамандары мал шаруа­шылығын жетілдіру жөніндегі шаралар шаруашылықтарды ірілендіру және малдың өнімділігін арттыру жұмыстарымен бірге жүргізілуге тиіс. Бүгінде бір­қатар мемлекеттік мекемелердің көме­гімен заманауи мал шаруа­шы­лығы кешендерінің құры­лысын салу жөніндегі арнайы бағдар­лама жүзеге асырылуда. Бұл кешендер жоғары өнім беретін мал басымен толықтырылып, халық­аралық деңгейде жарақтан­дырылуы керек», – дейді аталған одақтың атқарушы директоры В.Кожевников. Байқауға отандық ғалымдар­дың арнайы келуі саладағы кемшін тұстар мен жетістіктерді са­ралауға және ортақ тәжірибелер алмасуға негіз болды. Кәсіп­орын­дарға өндірісте тә­жіри­бе жүзінде қолдану үшін жаңа инновациялық жобалар қа­жет десек, оның біз­дің елімізге отандық рынок­тағы басымдықты сақтап қалу­мен бірге, әсі­ресе, ұлт­тық қазақстандық өнімнің экс­порттық үлесін артты­руда да маңызы үлкен. Осы ретте бүгіндері дү­кендер­ден са­тып алатын сүттің 80 пайызы елімізде өндіріледі. Бұл біздің өнім­деріміздің тұ­рақты түрде сапасын жақсар­тып, тек қана өзіміздің рынокта ғана емес, басқа жерлерде де сұ­ранысқа ие бола­тындығының тамаша көрсеткіші екендігін алға тартады мамандар. Жиын қорытындысында үздік деген тауар өндірушілер арнайы сертификаттармен марапатталды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Суреттерді түсірген  Орынбай БАЛМҰРАТ.