• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

Достығымыз жарасқан

1407 рет
көрсетілді

Еуразияның жүрегінде бас қала­сы Астана аққудай сыланып, тотыдай тара­нып бой көтеріп келе жатқан Қазақстан – ұлтаралық қатынас­тар­дың жоғары мәртебесін түсінген, құрметтеген ел. Тағдырдың жазуымен геогра­фия­­лық, демографиялық және мә­дени тұрғыдан да Еуропа мен Азияның ор­тасынан орын тепкендіктен Қазақ­стан көне заманнан бері-ақ әртүрлі діндер мен тарихи дәстүр­лердің Отаны болып та­бы­лады. Халқымыздың тарихи жолы және дүрбелеңге толы ХХ ғасырдың рухани ұлағаты жаһандану мен ұлттық бірегейлікке ұмтылу үдері­сі­нің өзара ұшырасуында адам­дар­дың, олардың дүниетанымдары мен мәдениет­тері­нің өзара түсіністік табуы қажеттігін әр уақытта еске салады. Қазіргі уа­қытта жаңа биіктерге көтерілу үшін өрке­ниеттер, этностар, ұлттар, конфессиялар, мемлекеттер арасындағы үн қаты­су­дың, халық пен билік, қоғамды да­мы­тудағы модернизм мен дәстүр­лер­дің өзара кірігуі – өте ма­ңыз­ды фактор. Көп ұлтты Қазақстан жағ­дайында осындай мәселелерді ше­шу­­дің және іске асырудың пәрменді тетіктерінің бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Аталған қоғамдық ұйым елімізде өмір сүріп, тіршілік етіп отыр­ған барша азаматтардың ұлтына, нәсіліне, тіліне, діліне қарамастан еркіндігін, құқы­ғын, бостандығын қамтамасыз етуді іске асырудың кепілі болып табылады. Отырарда отыз баб, Түркі­стан­да тү­мен баб, Сайрамдағы сансыз баб, ең үлкені Арыстанбаб деп дә­ріптеген, қа­сиетті Оңтүстік Қазақ­станда 108 ұлт­тың өкілі тұрады. Қазір біздің өлкеде 22 ұлттық мәдени орталық жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы өз ұлттары­н­ың тілін, салт-дәстүрін жан-жақты насихаттап, адамдардың рухани баюына ықпал етуде. Әсіресе, жас ұрпақтың тәр­биесіне тигізері ық­палы көп. Облыстағы іргелі оқу орындары­ның бірі – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде де 31 ұлт­тың өкілі білім алуда. Университет рек­торы­ның тікелей араласуымен 2003 жылы студенттердің кіші Ас­сам­блеясы құрылған. Ол заңды тіркеуден өткен, өзінің жарғысы мен ережелері бар. Бұл студенттік Ассамблеяның негізгі мақсаты – ұлтына, діни наны­мы­на қа­рамастан тең құқықты және рухани бірлік жағдайында студент­тер­дің сапа­лы білім алуына ықпал ету, әртүрлі ұлттар мен этностардың өкілдерін қа­зақ тілі мен ұлттық құндылықтарының ұйытқысын сақ­тай отырып, қазақ­стан­дық патриотизм және азаматтық, мә­дени-рухани негізде біртұтас дамыту, жетілдіру өрке­ниет­тік, демократиялық бастау­ларға сү­йе­не отырып, студент­тер­дің этникалық және саяси мәде­ние­тін қа­лыптастыру. Олар Тәуелсіздікті ны­ғайтудың негізгі шарты – әрбір Қа­зақ­стан азаматының қа­т­ар­дағы қо­ғам мүшесі деңгейінен мем­ле­кеттің сана­лы әрі белсенді азаматы, әрі өз Отаны­­ның, халқының нағыз патрио­ты дәре­жесіне көтерілуі деп ұғынады. Ал, отансүйгіштік – азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. Аза­мат­тық сана – біліммен ішкі дүние­сін, қуатын жетілдірген, аға ұрпақ­тың інжу-мар­жанын бойына сіңірген, туған жері мен елінің рухани-ма­те­риалдық, мәдени құн­дылық­тарын жан-жақты игерген, же­ке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен жас ұрпақ ал­дын­дағы парызбен ұш­тастыра білетін ұлт­жанды адам болуды талап ететін құбылыс. Ұлтжанды азамат бір күнде, бір сәтте туа салмайды. Оның қалып­тасуы­на, пісіп-жетілуіне қоғамдағы көптеген тетіктер өзара ұшыраса, байланыса отырып, ықпал етеді. Ассамблея мүшелері мұны өте жақсы түсінеді. Әрқайсысы өзі өкілі бо­лып отырған ұлттың мәдениетін, әлеу­меттік тәжірибесін, адамаралық қаты­нас­тардағы шеберлігін, сонымен қатар, өнерін, бітім-болмыстық ерекшеліктерін басқаларға таныстыруға тырысады. Әртүрлі халықтардың салт-дәс­түрін және тарихын облыс көлемін­де, университет аясында дөңгелек үстел­дер, пікірталастар, демалыс кештерінде таныстырумен, насихаттаумен ай­налысады. Әсіресе, мемлекеттік тілде поэти­ка­лық шығармалар жазу кон­курсын­да көптеген өзге ұлт сту­денттерінің қа­зақ тілін жақсы мең­гергендігі бай­қал­ды. Осы бағыт­тағы «Тілге құр­мет – елге құрмет» деген іс-шара­л­ардың тәр­бие­лік жә­не танымдық маңызы өте зор бол­ды. ОҚМУ-дің студенті Юрикова Анна «Қазақстан» телеар­на­сында «Тіл мен дін» деген хабарға қаты­сып, қазақ тілінде көріністер бейнеледі. Университетте студенттік Ас­сам­­блея­­­ның студенттері қатысқан «Бұл біз­дің әнұран» тақырыпты патриот­тық ак­циясы, жыл сайын Қазақстан халық­тары­ның достығы мерекесі қарсаңында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» деп аталатын демалыс кештері студенттерді бұ­рынғыдан да ортақ бір іске жұмыл­ды­ра түсті.. Мұны бәрі патрио­тизм­нің те­реңдеп, ұлттар ара­сын­дағы достық кө­ңіл мен жарастық­тың дамуына жол ашады. ОҚМУ-дің студенттік кіші Ас­сам­блеясы славян, татар-ингуш этно-мә­дени, «Ынтымақ» мәдени орталы­ғы­мен, Тілдерді дамыту, Әділет департаменттерімен тығыз байланыс орнатқан. Күні кеше Шымкентте қала тұр­ғын­дарының демалып, көңіл көтеруі­­не жағдай жасалып, жаңа демалыс орны пайда болды. Оның ашылу сал­танатына Елбасы Н.Назарбаев қатыс­ты. Осы салтанатты іс-шараның ба­сы-қасында ОҚМУ-дың студенттік Ассамблеясының жүруі біз үшін үлкен мәртебе бол­ды. Олар өнер көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді. Әртүрлі ұлтты, халықты біріктіретін ортақ мақсат – ол Қазақстан Рес­пуб­ликасының экономикалық, мә­дени, рухани тұрғыдан дамуы, жетілуі және гүл­денуі. Осыны өте жақ­сы түсінетін сту­дент­тердің кіші Ас­сам­блеясының мү­ше­лері Қазақ­стан Тәуел­сіздігінің жиыр­ма жыл­ды­ғын жақсы оқу, өне­гелі тәртіп, күнделікті жақсылыққа ұмты­лыс­тары мен ла­йықты қарсы алуға дайындық жасауда. «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір» жастары­мыз­дың әлі талай игі істердің ұйыт­қы­сы боларына университет ұжымы сенеді. Назгүл МҰСАЕВА, философия ғы­лым­дары­ның докторы, профессор,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мем­лекеттік университетінің кафедра меңгерушісі. Шымкент.