• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2011

Жұлдызды жиырма күн

631 рет
көрсетілді

Үшінші күн (28 қараша ):

АТА ЗАҢ

Конституцияның қа­­­­зақ­­ша Ата Заң деген бей­­нелі бала­ма­сы бар. Ме­нің­ше, бұл өте дұ­рыс теңеу. Біз­дің бар­лық заң­дары­мыз­дың ата­сы – Конституция»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

 

ЗАҢ – ЗАМАНА ЗЕРДЕСІ

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «Мемлекетте қуатты, беделді тәртіп болмаса, ол күйрейді». --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Аристотель: «Әлемді заң билеуі керек». ------------------------------------------------------ Сенека: «Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан да қатаңырақ». --------------------------------------------------------------------------------------------------  Г.Фуллер: «Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады». -------------------------------------------------------------------------------------------------- Дж.Гарфиллд: «Көндіре алатын күші болмаса, заң заң болудан қалады». ------------------------------------------------------------------------------------------------ Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды».

«ХАЛЫҚ – БИЛІКТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ, КОНСТИТУЦИЯ – КӨПТІҢ КИЕЛІ СӨЗІ»

– 1995 жылғы Консти­ту­цияның 1993 жылғы Конституциядан қандай қағидатты ерекшеліктері бар дер едіңіз? – Ең алдымен түбегейлі қа­ғи­даттар ретінде қоғамдық та­тулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көз­дейтін экономикалық даму, қазақ­стан­дық патриотизм, мемлекет өмі­рінің аса маңызды мәселелерін демократия әдістерімен, со­ның ішінде, рес­публикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу қарас­тырылды. Бұрынғы Конституцияда мұн­дай қағидаттар атымен белгіленбеген еді, соның өзі-ақ мемлекет саясатын болжап-білуі қиын нәрсеге айналдыратын. Әу баста таңдаған жолдан бола­шақта ауытқып кетпеуімізге көмек­тесетін бағыт-бағдарлар ретінде белгіленген түбегейлі қағи­даттар Негізгі Заңның ру­хын танытып тұрды. Жаңа Конституция Қазақ­стан­ды президенттік республика деп жариялады. Басқарудың нақ осы нысаны Қазақстан жағдайында оңтайлы болып табылатынын жә­не қоғамның саяси, экономи­калық жүйелерін ойдағыдай ре­формалауға барынша қолайлы жағдай жасайтынын уақыт көр­сетіп берді. Біраздан кейін, елдегі қоғамдық институттар тиісінше күшейген кезде мен өз өкілет­тіктерімнің біразын Парламентке бергенімді, сөйтіп іс жүзінде Қазақстанды президенттік-парламенттік республикаға айналды­руға қадам жасағанымды халық біледі. Жаңа Конституция Парламентті қос палаталы етіп бекітті. Ол жөніндегі ұсынысымды 1993 жылғы Конституцияда өткізе алмағанымды жаңа айттым. Тағы бір маңызды мәселе – Парла­менттің міндеті заң шығару­шылық қызметке жұмылу екендігі нақты белгіленгені. Сонымен бірге, мемлекеттік бюджетті бекіту, Үкіметтің іс-қимыл бағдар­ламасын мақұлдау немесе қабыл­дамай тастау, Премьер-Министрді тағайындауға келісім беру, Үкі­мет­ке сенімсіздік көрсету, оның мүшелерінің есептерін тыңдау деген сияқты құзыреттердің бар­лығы да Парламентке бекітілді. Конституция жобасын бүкіл халық болып қалай талқылаға­нымызды айтып жатпай-ақ қоя­йын. Референдумда халықтың жа­ңа Конституцияға қандайлық қол­дау көрсеткені де белгілі. Референдум нәтижелері шыққан сәтте менің бойымды ерекше қуаныш сезімі биледі. Мен бүкіл халықтың жеңісі үшін қуандым. Ойға алған мақсатқа жеткеніміз, біздің ісімізді қазақстандық­тар­дың соншама қол­да­ғаны қатты қуантты. Қазіргі таңда Қазақстандағы өркенді өзгерістердің бәрі Ата Заңның аясында жүзеге асып келеді. Еліміздің өркендеуі мен өрлеуінің негізі – Конституция. Мемлекетіміздегі экономикалық қуаттылық пен саяси тұрақ­тылықтың негізі де – Конституция. Конституцияның орнықты­лығы – елдің орнықтылығының кепілі. Сондықтан оның әрбір әрпіне құрметпен қарауымыз керек. Қит етсе Конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынып шыға келетіндер Ата Заңның қадір-қасиетін жете ескермейтіндер демеске амалың жоқ. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында біздің кемел келе­шегіміздің кепіліне айналатын баянды Конституция үшін күрес жеңісті болғанына бәріміз де куәміз. Жиырма жылдық мерейлі мерекеміздің қарсаңында, Конституция күнінде өткізілген парадта: «Халық – биліктің қайнар көзі, Конституция – көптің киелі сөзі» дегенім де сондықтан. (Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен журналист Сауытбек АБДРАХМАНОВТЫҢ сұхбат кітабынан).

* * *

ЖАСА, ҚАЗАҚСТАНЫМ! Басты алға азат ел – анамыз, Бастауда Нұрсұлтан данамыз. Гүлденді кең байтақ даламыз, Түрленді сәнді сан қаламыз.   Елдікке, бірлікке сенеміз, Ерлікке, тірлікке кененбіз. Қажырмен қарыштап келеміз, Болашақ бағына енеміз.   Басқарған Елбасы ұлы іс – Басталған жаңаша құрылыс. Баянды басталды бетбұрыс, Оңғарған ер көсем құрып іс.   Жаңаша дарыған білімім, Жараса дамыған ғылымым. Қазақтың өркенін өсірген Азат күн – бақытым – ұлы күн.   Құтты бақ төрінде той бүгін Құттықтап, құшағын жайды күн. Ақтарып туған жер байлығын, Мақтан қып, тойлаймыз айбынын. Әдібай ТАБЫЛДЫ.

* * *

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

• Қазақстан саяси тәуел­сіз­дік алғанға дейін үш рет Конституция қабылдаған бола­тын. Оның ең алғашқысы – 1926 жылғы нау­рыздағы Жал­пы­қазақ­стандық кеңес­тің Х съе­зінде бекітілген Қазақ КСР Конс­титуциясы, екіншісі – 1936 жылғы 5 желтоқсанда өмірге келген Ата Заңымыз, үшіншісі – 1977 жылғы 7 қа­зан­да Қазақстан Респуб­лика­сы Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессия­сын­да қабыл­данған Конституция. • 1993 жылы тәуелсіз еліміз­дің тұңғыш Консти­туциясы қабыл­данды. Мұнда елімізде Парламент­тің рөлін түбе­гейлі көтеруге ұм­тылыс жаса­лын­ды. Соған сәйкес 1995 жыл­ғы 30 тамызда жүргі­зілген ре­фе­рендумның (бүкіл­ха­лық­тық да­уыс беру) нәти­жесінде Қа­зақстан Республи­касының екін­ші Конститу­циясы қабыл­данды. Бұл жаңа Конституцияда биліксіздік құбы­лысын жеңу мақсатында парламент құқықтары елеулі шектеліп, президенттік билік күшей­тілді. Сөйтіп, атқа­рушы билік­тің тікелей Президентке бағы­нушылық тетіктері нығайтылды, оның заң шығарушы парламенттік билік алдындағы жауапкершілігі азайды. ________________________________ Айқарма беттің материалдарын ұйымдастырған Александр ТАСБОЛАТОВ.