• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Сәуір, 2018

Бектұрғанов ойлап тапқан бионикалық буындар

1185 рет
көрсетілді

«Талаптың оты арындап» тұрған шағында бар жігерін білімге арнап, ғылымға ден қойған та­лантты жастардың кө­бейіп келе жатқаны көңіл қуа­нтады. Ойға алған мақ­сатын іске асырып, өз арманына қанат қаққан да­­рынды азаматтардың кей­бірі ел арасында зор жетістіктерімен танылып ж­үр.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Солардың бірі – Мем­лекет басшысының бас­­тамасымен қолға алын­­ған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы­на аты-жөні енген ал­ма­­тылық Мәулен Бек­тұр­ғанов.

Мәулен мектеп қабыр­ға­сын­­да жүрген кезінен-ақ ізде­нім­паз­дығымен дара­лан­ған. Әр­бір шы­ғар­машылық адамы үшін маңыз­ды саналатын бұл қа­сиет оны асқақ арманның би­ігіне жетелесе керек. Талмай оқы­ған талапты бала таңдау кезе­гі келгенде математикалық ба­ғытты тереңдеп оқуға ни­ет танытып, О.Жәутіков атын­­дағы физика-математи­ка мек­те­бін үздік бағамен бітір­ген. Онда оқи жүріп рес­пуб­л­и­калық деңгейдегі талай олим­пиадаларда бақ сынап, би­ік нәтижелерден көрінген. Ақ­па­раттық технология­ларды те­реңнен меңгеруге талап­тан­ған зерделі жас Халықара­лық ақпараттық технология­лар уни­верситетіне оқуға тү­седі.

Мәулен үшін аталған бі­лім ошағына (ІТ уни­вер­си­теті) оқуға түскеннен кей­ін ғылыммен айналысуға жар­­қын жол ашылыпты. Зама­на­уи тех­но­логиялармен жаб­дық­талған лаборатория ойға ал­ған істерді тәжірибеге айнал­ды­ру­ға сеп болады. Адам мен тех­­никаның байланысы өзін үне­мі қызықтыратын ол 2015 жылы адам бұлшық етінің көмегімен басқарылатын ерекше протез құрылғыны көрген сәт­те, неге осы бағытта өз ой­ым­­ды іске асырмасқа деген ойға қалады. Көп ұзамай бір ше­шімге келген Мәулен дип­лом­дық жұмысының аясында осы мақсатты табанды түрде қолға алады.

Ол ойлап тапқан электр­меха­никалы протез қолдағы бұл­шық ет тамырларымен бай­ланысу арқылы жұмыс істейді. Яғни бұл құрылғының көмегімен қалаған затыңызды ұс­тауға, алуға, қоюға және та­­­ғы басқа функцияларды жа­­­­­сауға болады. Жас ға­лым бо­­­лашақта тек қол емес, сон­­дай-ақ шынтақ, иық­тың қыз­ме­­­тін атқаратын элект­р-ме­ха­ни­калы протез жасап шы­ға­р­сам дейді.

– Неге екенін білмеймін, біз соңғы жаңалықтардың бәрі тек АҚШ-та бар деп ойлаймыз. Бұл қате пікір. Тіпті АҚШ-тың өзін­де жасанды бионикалық қол шы­ға­рылмайды. Әлемде жасан­ды қол шығаратын елдер өте аз. Германия, Ұлыбритания сияқ­ты мемлекеттерде бар бол­ғаны он шақты компания жұ­мыс істейді. Сондықтан мені осы сала қатты қызықтырды.

Алай­да шетелге шығып оқуға, үй­­рену­ге мүмкіндік болмады. Ға­лам­тор арқылы, тәжірибе ар­­қылы үйрендім. Екі жыл бо­йы жаса­ған жобамның нә­тижесінде MBionics компаниясын құрдым. Қазір қазақстандық нарықта атымызды қалыптастырып келеміз. Сұраныс күн санап артуда. Енді жасанды қол жасатқысы келетін ІІІ топтағы мүгедектер шетелге бармай-ақ отандық бионикалық протез-қолдың иесі атана алады. Біздің компания өздері өндіретін жасанды қолға кепілдік береді. Біз бірінші кезекте ақша үшін емес, ғылым мен тәжірибе үшін жұмыс істейміз, дейді Мәулен Бектұрғанов.

Кейіпкеріміздің айтуынша, алғаш бионикалық протез жасау ісіне ден қойғанда аналогы бар қолды не үшін жасап жатырсың деп сын айтатындар көп болған. Отан­дас­тарымыздың осындай про­тездерді шетелдерден тым қым­бат бағаға сатып алуға мәж­бүр екені жас ғалымды қат­ты қынжылтыпты. Қыруар ақ­­шаға бұл құрылғыны алу­­ға кез келгеннің шамасы жоқ. Оны іздеп табуға да мүм­кіндіктері аз. Сондықтан қол­жетімді бағадағы сапалы отан­дық өнім шығаруға бел бу­ған жалынды жас арманын ақиқатқа айналдырды. 2017 жылдың мамыр айын- да «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бастау алғанын естіген Мәуленнің достары талантты замандастарының есімі осы тізімге лайық деп танып, өтінім жіберген. Арнайы жұмыс тобы мен сарапшы комиссия онлайн дауыс беру нәтижесінде көпшіліктің қол­дауына ие болған Мәу­лен Бектұрғановтың еңбе­гін жоғары бағалады. Ақы­лы мен білімін қатар ұштас­тыр­ған қар­шадай қазақ бала­сы елі­мізде мүлде жолға қойы­л­маған ма­ңызды істе тың тал­пыныс жаса­ды. Тәуелсіз Қа­зақ­станның да­муы­на елеулі үлес қосқан «100 жаңа есім» жо­басында оның аты алтын әріп­термен жа­зылды.

Былтыр желтоқсан айында өз жобасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында таныс­тыр­ған сәтінде Мәулен жас­тардың ғылыммен айналысуы- на зор қолдау танытып отыр­ғаны үшін Мемлекет басшы­сына алғысын білдіріп, бұл бағыттағы жұмыстарын жандандыра беретінін жеткізген еді. Қазіргі уақытта ІТ универ­си­теттің магистратурасында білім алатын жас ізденуші, аталмыш университеттің лабо­ра­ториясында талантты жас­тар тобымен бірге өз идеясын одан әрі жетілдіру үстінде. Соң­ғы уақыттары мүмкіндігі шек­теулі балаларға арналған элек­троникасыз функционалды протездер жасауды қолға алған. Бұл протездер қолдары жыл сайын өсіп келе жатқан балдырғандар үшін барынша тиімді. Ең бастысы, басқа қымбат протездер сияқты ата-аналардың қалтасына салмақ салмайтын көрінеді.

«Әр саланың, әр адамның формуласы әртүрлі болады. Маған қол жеткізген же­тіс­тігім емес, соған жету жолында атқарылған жұмыс­та­рым­ қызықты. Адам алды­на үл­кен мақсат қояды. Со­ған қол жеткізген соң әрі қа­рай қай­да барарын білмей қа­ла­ды. Миллионерлердің көп­ші­­лігінің өмір тарихын қа­ра­­­саңыз, осыны байқайсыз. Сон­дықтан мақсат неғұрлым би­ік бол­ған сайын, құлшыныс та, күн­делікті процесс те соғұр­лым қызықты болады. Оңай кел­­ген нәрсенің қадірі болмай­ды. Жұмыс процесінен ләз­зат алуға тырысу керек. Адам өзі­нің сүйікті ісімен айна­лыс­қан­да ғана нәтижеге қол жет­кізе ала­ды», дейді ол.

Әрбір технологиялық өз­геріс­­тер мен жаңа жетістіктер мем­ле­кеттің экономикалық да­муына серпіліс әкеледі. Ал ғылыми жаңа­шылдық кө­ші­не ілесе алма­ған кез келген мемлекет эконо­микалық да­му барысында қандай да бір қиынд­ыққа тап болатынын әлем­дік тәжірибе дәлелдеп отыр. «Рухани жаңғыру» бағ­дар­­ламасының бір тармағы са­налға­н «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы ғылыммен ай­налысатын жастарды қа­нат­тандырған бірегей озық алаң­ға айналды деу­ге не­гіз бар. Талантты халық­тың іші­нен Мәулен сияқты талапты азамат­тарды тауып жұртшы­лық­қа таныту және олардың шығар­машылығын шыңдай түсу жоба­ның жемісі деп білуіміз керек.

Мәулен өзінің бір сұх­ба­тын­да: «Қазақстан жаста­ры­ның ойы мен қиялы, пікіріне шек қойыл­май­ды. Қоғамда көп­шілік батыс мәдениетіне елік­теушілікті қате деп таниды. Алайда әр нәр­се­нің жақсы тұс­тары болатынын ұмытпаған жөн. Еуропада адам­дар еркін ойлай­д­ы, адам­ның мүмкіндігін шек­сіз деп бағалайды. Осының арқасында олардың экономикасы да, әлеуеті де қарыштап дамуда. Бізге де еркіндік қажет. Ой еркіндігі, пікір еркіндігі. Арманыңды іске асырудан қы­сыл­мау керек» деп ойын біл­ді­ріпті.

Аты «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне енген Мәулен сынды бірқатар жастар елімізде бұрын соңды болмаған ерекше құрылғыларды жасап шығарды. Бұл олардың ұшқ­ыр ойы мен қиялының, ар­ман-мақсатының жемісі, Тәуелсіздігіміздің жеңісі. Ол жобалардың барлығы кеңге қанат жайып ел игілігіне жарап жатса, айқын мақсаттың орындалғаны сол емес пе!

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»