• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Сәуір, 2018

Жаңарған ұлт өз даңғылын салады

441 рет
көрсетілді

Астана қаласы әкімдігі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті бірлесіп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінің бір жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік – сананы қалыптастыру негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. 

          Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұстаздар, ғалымдар қатысқан келелі жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде, елордамызда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, ұлт игілігіне айналған бағдарламаны болашақта тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.

«Бұл бағдарламаның қазақ өрке­ни­етінің дамуына қосқан үлесі ұшан-те­ңіз. Бұған тек зиялы қауым өкілдері ғана емес, экономикалық, әлеуметтік клас­тер әсіресе жастар қызу араласып бағ­дарламаның мән-мағынасын терең­дете түсті және қалыптасқан, анықталған, бел­гіленген әртүрлі бағдарлар да ұсы­ныл­ды. Астана қаласының әкімдігі осы бағдарламаның жүзеге асуына екі жүзден астам шара өткізді. Оның ішінде тәрбие-білім, «Қасиетті Астана» бағытында көптеген шаралар өтті. Біздің елордамыздың рухани өзектерін ашуға байланысты белгілі ғалымдар қатысқан конференциялар, ашық сабақтар, студенттермен кездесулер өтті. Соның ішінде баса айтқым келеді, Еуразиялық ұлттық университетінің ғалымдарымен қосылып, қаламыздағы студент қауымы бар, былтыр Бозоқ қалашығына ғылыми экспедиция жасадық. Биыл елордамыздың аумағында жатқан тарихымыздың әртүрлі кезеңдеріне жататын мәдени, тарихи ескерткіштерінің ж­и­ырмасын іріктеп, осы «Қасиетті Астана» деген айдармен кітаптар шыға­рып, мобильді қосымшаларды жасап жатыр­мыз.

Сәкен Сейфуллин, «Алжир» мұ­ра­­жайлары толықтырылып, соның ар­қа­сында мұражайға келетін адамдардың да саны артқан. Рухани жаңғыру ая­сын­да қаржы бөлініп, экспонаттар да кө­бей­ген. Сандық жүйедегі әртүрлі жа­ңа қон­дырғылар жасалып, қаладағы отыз аял­дамаға кітап қоры он мыңнан аса­тын пиар код арқылы жүктейтін кітап­ха­налар орнатылған. 

Елбасының тапсырмасымен 2000 жыл­дан бастап «Мәдени мұра» деген ір­гелі мемлекеттік бағдарлама қолға алын­ды. Бұл бағдарлама бойынша он алты секция құрылып, соның бір сала­сы әдебиет, өнер саласын басқаруға ма­ған тура келді. «Мәдени мұра» кезінде көп материал жиналды. Мұны неге айтып отырмын, Елбасының былтырғы ма­қа­ласына дейін алғышарттар жасалған бо­латын. Рухани жаңғыру – жаңару. Жаңа­р­ған ұлт өз даңғылын салады», деді академик Сейіт Қасқабасов.

Академиктің айтуы бойынша, 100 ба­тырлар жыры, 57 аштық туралы жыр, 65 діни дастан, 95 тарихи жыр, 47 ше­жірелік жыр, 10 аңыз жыр, 2 279 жұм­бақ, 12 277 мақал-мәтел, 6 675 шу­мақ қара өлең, 77 миф, 377 аңыз, 328 ше­жі­ре­лік аңыз, 612 тарихи аңыз, 356 күй аңы­зы, 198 ғұрыптық фольклор, 200 хи­каят, 1033 тұрмыстық әңгіме  түрі жи­нақ­талған.

Иә, рухани жаңғыру – жаңару. Осы жөнінде мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков: «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласы былтыр жарияланған кезде бәріміз бір-бірімізден сүйінші сұрасып, қуанған едік. Көптің көкейінде жүрген мәселелер кө­терілді. Содан бері біршама жұмыс атқарылды. Елбасы өзі қол қойып, ұлт­тық комиссия құрылды. Әр облыста руха­ни жаңғыру орталықтары жұмыс істей бастады. Рухани жаңғырудың мәні өте тереңде. Ол – сананың жаңғыруы.

Рухани жаңғыру – азаматтық сананың, тарихи, ұлттық сананың қайта түлеуіне, түрленуіне ықпал ететін табалдырық» деді Мырзатай Жолдасбеков.

Сонымен қоса философия ғылым­дарының докторы, академик Ғарифолла Есім «Рухани жаңғырудың теориясы мен прак­тикасы» деген пән енгізгенін айтты. Қазір Еуразия ұлттық университетінің сту­денттері оқып жатқан көрінеді. Мек­теп бағдарламасына арналған кітап та дайын екен. «Елбасы үш ұғым ұсынды. Мәң­гілік ел, Ұлы дала, Рухани жаңғыру – сана серпілісі. Осы үш ұғым қазақ болу­дың негізі. Осы туралы балаларға сі­ңімді әңгіме айтумыз керек», деді ака­демик.

Халық тамырында бүлкілдеп жат­қан ұлттық болмыстан айырылмау – қа­зақты сақтау. Тәуелсіздіктің баяны, мем­лекеттің бағы – азамат ісі. Елдіктің ежел­гі сүрлеуіне түскен қазақ милетінің күр­меуі мол күрес жолында жеңісі молы­нан болғай!

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»