• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2010

ІЗГІЛЕНДІРУ ІСІНДЕГІ ІЛГЕРІЛЕУШІЛІК

1025 рет
көрсетілді

Астанада Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен және Орта­лық Азиядағы халықаралық түрме реформасының өкілеттігі, БҰҰ-ның адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бойынша халықаралық бюро­сы­ның еліміздегі өкілеттігі, елордадағы ЕҚЫҰ орталығы, Ұлыбри­та­ния мен Германияның Қазақстандағы елшілік­терінің қолдау көр­сетуі­мен “Азаптауға қарсы тұжырымдамадағы факуль­тативтік анық­тама: Қазақстан Республикасында азаптауды қолданудың алдын алу меха­низмдерін заң түрінде бекіту” атты халықаралық конференция өтті. Конференция Азаптауға және жазалаудың қатыгездік, адамгер­шілік, ар-намысты аяққа басатын басқа да түрлеріне қарсы тұжырым­даманың факультативтік хаттама­сына орай азаптаудың алдын алу мәселелерін талқылауға арналды. Оның жұмы­сына Пре­зи­дент Әкім­ші­лігі, Консти­туциялық кеңес, Бас прокуратура, Сыртқы істер, Ішкі істер, Білім және ғы­лым, Денсаулық сақтау министр­лік­тері, Ұлттық қауіпсіздік коми­теті, адвокатура, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен БҰҰ-ның азаптаудың алдын алу жөніндегі комитетінің мүшелері Зденек Хайек пен Мария Дефинис-Гоянович бастаған бірқатар шетел сарап­шылары қатысып, күн тәр­тібіндегі мәселе бойынша өз пікір­лерін ортаға салды. Жалпы, елімізде мұндай бас­қосуларды өткізу өткен жылдан бері дәстүрге айналып отыр. Оның ең алғашқысы былтыр 25-26 ақпан күндері Астанада өтті. Сол кезде өткізілген халықаралық конферен­ция “Қазақстан Республикасында азаптауды қолданудың алдын алу: пікірталастан іске кірісу” атты тақы­рыппен ұйымдастырылды. Содан кейін өткен жылдың 27 маусым күні Алматы қаласында осы жолғы елордадағы басқосуды өткізуге ұйытқы болған барлық мекемелер­дің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіл­ді. Онда “Азаптауға қарсы тұжы­рым­даманың факуль­татив­ті хатта­масы аясында Қазақ­стан Рес­пуб­ликасында абақтыларды инвен­тари­зациялау” атты жалпы құжат пен “Бас бостандығынан айыру орындарын бақылау меха­низмдері мен олардың тұжырым­даманың факультативтік хатта­масы­на сәйкес келуі” атты сарап­тамалық құжат дайындалды. Ал 2009 жылдың 14 желтоқсаны күні осы мәселеге бай­ланысты өткізіл­ген тағы бір халық­аралық кон­ферен­цияда елімізде азаптаудың алдын алу механизмдері бойынша заңдарды дайындаушы жұмыс тобы құрылды. Дастан КЕНЖАЛИН. МАРАПАТ ӨЗ ИЕЛЕРІН ТАПТЫ Кеше Кеңес әскерлерінің Ауған­­стан жерінен шығарылуына 21 жыл толуына орай “Нұр Отан” ХДП жергілікті ұйымдары сол соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгер­лердің құрметіне қойыл­ған еліміз қалаларындағы ескерт­кіштерге гүл шоқтарын қою, еске алу акция­ларын өткізді. Соның бірі партия­ның Астана қаласын­дағы Орталық аппараты офисінде болған шара. Ол “Нұр Отан” ХДП мен Ау­ған соғысы ардагерлері одағының және Қазақ­стандағы Ресей Феде­рациясы елші­лігінің бірлесуімен ұйымдастырыл­ған “Марапат өз иесін тапты ” атты республикалық акция. Оның мақ­саты атынан көрі­ніп тұрған­дай, жауын­гер-интер­нацио­на­лис­тердің Ауған­стан­дағы борышын өтеген кезінде түрлі себеп­терге байланысты олар­ға беріл­мей қалған тиісті награ­даларды кеш те болса тапсыру-тын. Марапаттау рәсіміне “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орын­басары Нұрлан Нығматулин, Қазақ­стан­дағы Ресей Федерация­сының Төтенше және өкілетті елшісі Ми­хаил Бочарников, осы елшіліктің әскери атташесі, гене­рал-лейтенант Николай Покась және республика­мыздағы Ауған соғысы ардагерлері одағы­ның өкілдері қатысты. Рәсім кезінде “Ерлігі үшін” ме­далімен Берік Сабыров пен Тұмар­­бек Мұрынбаев, “Жауын­герлік ерлігі үшін” медалімен Ер­ғазы Тұрақбаев, Сергей Шиляев, Амангелді Лекеров, Темірбек Қойлыбаев, Анатолий Юрин сынды отандастарымыз   марапатталды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Суретте: салтанатты  әсімнен көрініс ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың өзі жобасымен танысып мақұлдаған, қолдау көрсеткен, өткен жылы аты да, заты да өзгеріп бас корпусы пайдалануға берілген Ш.Есенов атындағы Каспий мем­лекеттік технология­лар және инжиниринг универси­теті бүгін­дері Каспий аймағына белгілі бола бас­тады. Яғни, облыс­тың ғана емес, теңіз маңайын­дағы мемле­кет­терге ортақ оқу орнына айналуда. Университет Ресейдегі, АҚШ-тағы, Қытай, Түркия, Германия, Польша, Корея, т.б. елдердегі әріп­тес­терімен өзара байланыстар жөнінде келісім-шарттар жасаған. Кескін-келбеті, тыныс-тіршілігі – бәрі де жаңа заманға сай қалып­тасуда. Ол жай ғана оқу орны емес. Облысты, елімізді ең­селен­діре түсе­тін “Жер-Теңіз-Аспан” мега­жобасының бір құрам­дас бөлшегі ретінде көрі­нуде. Бұл жайлы аталмыш оқу орнында төрт жылдан бері тұрақ­ты, нәтижелі жұмыс жасай­тын қамқорлық кеңесінің кеңейтіл­ген отырысында әңгіме өрбіді. Онда кеңес төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшер­баев оқу орнының жаңаша аталуы, жаңа бас ғимараттың салынуы Елбасының тікелей тап­сырмасы, қамқорлық пен қолдауы­ның нәтижесі екендігін атап көрсет­ті. Және де бұл жұмыс­тардың ой­дағы­дай жүзеге асуына іскерлік танытып, күш-жігер жұмсап жүрген ректор  Әбдімүтәліп Әб­жап­паровтың еңбегі ерекше екен­дігіне тоқталды. Осы басқосуда ал­пыстың асуына абы­рой­мен шыққан қай­раткер азамат­тың атына Парла­мент палата­ларының төраға­лары мен Премьер-Ми­нистрдің орын­ба­сары, облыс, қала әкімдері құттық­­тау­лары оқылды. Акаде­миктер Қ.Саға­диев, Е.Шай­хут­динов, көр­шілес мемле­кеттерден келген әріп­тестері ыстық лебіздер білдірді. Сый-сыяпат жасап, құрмет көрсетті. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау