• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Медицина 01 Шілде, 2018

Астанада туған сәбилерге домбыра сыйға берілді

424 рет
көрсетілді

Елордада 1 шілдеге қараған түні дүниеге келген сәбилерге домбыра сыйланды, деп хабарлайды қалалық денсаулық басқармасы.

«№1 Перинаталды орталықта бүгін сағат 00:15-те дүниеге келген 4100 келі ұл балаға казақтың ұлттық аспабы тарту етілді. Сонымен қатар, №2 Перинаталды орталықта сағат 00:20-да туған қыз бала да өзінің алғашқы домбырасын қабылдап алды. Үшінші қалалық Перинаталды орталықта да жаңа туған екі сәбидің аналарына ұлтымыздың қасиетті аспабы сыйға берілді», - делінген басқарманың хабарламасында.

Аталған акцияның мақсаты - қазақтың ұлттық аспабы домбыраны насихаттау арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жандандыру болатын.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатында шілденің алғашқы жексенбісін - Ұлттық домбыра күні деп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Аталған құжатқа сәйкес бүгін Қазақстан жұртшылығы Ұлттық домбыра күнін алғаш рет атап өтуде.