• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2011

ҮНДЕУ

290 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы»

Заңының 25-2 бабының тәртібі бойынша

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2012 жылдың 15 және 16 қаңтарына тағайын­дал­ған Парламент Мәжілісіне және Қазақ­стан Респуб­ликасы­ның мәслихат­тарына сайлауға бай­ланысты прокуратура орган­да­ры конституциялық өкілеттік­те­ріне сәйкес барлық сайлау про­цесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғар­ғы қадағалауды жүзеге асыра­тынын мәлімдейді. Қазақстан Республикасының «Қа­­зақстан Республикасындағы сай­лау туралы» Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конститу­циялық заң) сай 2011 жылдың 16 желтоқсаны мен 2012 жылдың 13 қаңтары ара­лығында кандидаттармен, партия­лық тізімдерін ұсынған саяси пар­тиялармен сай­лау алдындағы үгіт жүр­гізіледі. Осыған байланысты, заңды­лықты қамтамасыз етіп, заң бұ­зу­шылықтардың алдын алу, сон­дай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету, адам мен аза­мат­тың құқықтары мен бостан­дық­тарын қорғау мақса­тында сайлау процесіне қатысу­шылар­дың назарын сайлау алдын­дағы шараларға қатысты келесі заң­нама нормаларына аударамыз. Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының 32-бабына сәйкес Қа­зақстан Республикасының аза­мат­­тары бейбiт әрi қарусыз жи­налуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұ­руға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауiпсiздiк, қоғамдық тәртiп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құ­қықтары мен бостандықтарын қор­ғау мүдделерi үшiн заңмен шектелуi мүмкiн. Конституциялық заңның 27-ба­бы 3-тармағының 2-тармақ­ша­сына сай сайлау алдындағы үгiт сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушы­лармен (таңдаушы­лар­мен) кезде­су­лердi, сайлау алдын­дағы жария пікір таластар мен пiкiр алы­суларды, митингiлердi, шеру­лер­дi, демонстрацияларды және заң­намада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдын­дағы іс-шараларды), сондай-ақ кан­дидаттардың және олардың сенім бiлдiрген адамда­ры­ның сайлау­шылармен (таңдау­шылармен) жеке кездесулерін өт­кізу жолымен жүзеге асыры­луы мүмкін. Жариялы сайлау алдындағы шаралар кезінде, соның ішінде сайлау алдындағы жиналыс және сайлау­шы­лармен кездесу кезінде форма­лары жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар болып табылатын қоғам­дық, топтық немесе жеке мүдде­лерді білдіру орын алады. Бейбiт жиналыстар, митин­гiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Рес­публикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 «Қазақстан Республикасында бейбiт жина­лыс­тар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңымен реттеледі. Бұл заң қоғамдық тәртіпті, тұр­ғындардың денсаулықтары мен өмір­лерінің қауіпсіздігін қамта­масыз етуге, азаматтардың құ­қық­тары мен бостандықтарын сақтауға бағытта­луына байла­ныс­ты, жаппай жария шаралар алдын ала ескертіп, жергілікті атқару органдарының рұқ­саты­мен арнайы белгіленген жер­лерде көлiктiң, өзге де инфрақұ­рылым объектiлерiнiң қалыпты жұ­мыс iстеуiне нұқсан келтіретін бө­геттерді жоя отырып өт­кізілуі тиіс. Жоғарыдағылардың негізінде Бас прокуратура сайлау процесіне қатысушылардың назарына жабық ғимараттардан тыс жерлердегі Конс­титуциялық заңның 27-бабы 3-тар­мағының 2-тармақ­ша­сында көрсе­тілген жариялы сайлау алдындағы шаралар Қа­зақстан Республика­сы­ның «Қа­зақ­стан Республика­сында бейбiт жиналыстар, митин­гiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңымен белгіленген тәр­тіпте өткізілуі тиіс екендігін жеткізеді. Белгіленген жиналыстар, ми­тингiлер, шерулер, пикеттер жә­не демонстрациялар ұйымдасты­ру мен өткізу тәртібін бұзу заң­намалық актілермен көзделген жауапкершілікке әкеліп соқты­рады. Сайлау алдындағы шара­лар­ды ұйымдастыру және өткізу кезінде Конституциялық заңның 6-тарауына сәйкес партиялық тізімдер негізінде сайланатын Пар­­ламент Мәжілісінің депутат­та­рын және Қазақстан Рес­пуб­лика­сының мәслихат депутта­рын сайлау, соның ішінде сайлау ал­дындағы үгіт жүргізу екі көзден қар­жыландыратындығын ескеру қажет: 1) сайлау комиссияларымен рес­публикалық бюджет қаража­тынан мемлекеттік қаржылан­дыру; 2) кандидаттардың сайлау қор­лары қаражатынан мемлекеттік емес қаржыландыру. Конституциялық заңның 34-ба­бына сәйкес кандидаттардың сай­­лау алдындағы үгіті сайлау қорлары қа­ра­жаттарынан қар­жылан­дыры­ла­ды. Сайлау қорын құрайтын ақша қара­жаты кандидат, партиялық тiзiм тiр­кел­ген­нен кейiн тиiстi сайлау комис­сия­сы банк мекемелерiнде аша­тын арнаулы уақытша шоттарға тү­сiрiле­дi. Сайлау қорларынан тыс сайлау науқанын қаржыландыру немесе кандидаттарға басқа мате­риал­дық көмек көрсету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен кандидаттарға, саяси партия­лар­ға олардың сайлау алды қыз­метіне байланысты олар­дың жазбаша келісімінсіз қызмет көрсе­туге тыйым салынады. Мұн­дай әрекеттер Қазақстан Республи­ка­сының Әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы кодексінің 108-1, 109-1 баптарымен көзделген әкім­шілік құқық бұзушылық­тардың құрамын құрайды. Бас прокуратура барлық сайлау процесіне қатысушыларды Қа­зақ­стан Республикасының жап­пай жа­риялы шараларды өткізу тәртібі ту­ралы заңнаманы мүл­тіксіз сақ­тауға, азаматтардың жә­не заңды тұл­ға­лардың құқық­тары мен бос­тандықтарының, сондай-ақ қоғам­ның мүдделе­рінің бұзылуына жол бермеуге шақырады.  

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

Астана қаласы,

2011 жылғы 17 желтоқсан.