• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2011

Сақтандырушыны қалай таңдауға болады

472 рет
көрсетілді

Сақтандырушыны таңдау және онымен сақ­тан­дыру шартын жасау жеңіл сияқты болып кө­рін­генімен, шын мәнінде, мәселе оңай емес. Бір жа­ғынан, Қазақстандағы сақтандыру компаниялары­­ның елеулі саны (ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша – 38) және олардың кең ауқы­м­ды жарнамалық қызметін сапалы сақтандыра оты­рып қорғау қолжетімді әрі қарапайым деген ой ту­ды­­­рады. Бұл ретте сақтандыру ұйымдарының өз қыз­­­­ме­тіне жарнама жүргізудегі белсенділігі түсінік­ті, өйткені өз акционерлерінің мүддесі үшін олар кі­ріс сақта­н­дыру сыйлықақысының мүмкіндігінше ең көп көле­мін алу үшін тұрақты өсіп отырған сақтандыру шарттарын сату көлемін қамтамасыз етуі тиіс. Екінші жағынан, әлеуетті сақтандырушыларды ресми БАҚ-та пайда болып отырған сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензияны тоқтату және/немесе қайтарып алу туралы хабарламалар сақ­тан­дырады. Осыған байланысты, сақтандырушымен сақтандыру шартын жасамас бұрын, сақтандыру төлемдерін төлеуден бас тарту және өз ақшаңызды жоғалтып алу мүмкіндігін азайту мақсатында, оның ішкі тәуекелдерін сапалы бағалау керек. Жұмыс істеп тұрған қазіргі сақтандыру ұйым­да­ры туралы, олардың сақтандыру қызметтері на­ры­ғындағы беделі, қаржылық жай-күйі туралы, сон­дай-ақ қандай да болсын сақтандырудың пайда­лылығын және құнын бағалау туралы барынша көп ақпаратты алуға қабілетті тиісті заң және/немесе талдама қызметтерінің болуына байланысты заңды тұлғаларға жеке тұлғаларға қарағанда осындай ба­ға­лауды жүргізу анағұрлым жеңіл. Жеке тұл­ғалар­дың сақтандыру шарттарын жасау туралы шешім қабылдауы үшін мүмкіндіктері анағұрлым шектеулі. Оларға негізінен сақтандырушылардың жарна­ма­лық материалдары, сақтандыру шарттарын (полистерін) сатуға мүдделі сақтандыру агенттері мен брокерлерінен алынған ақпарат не таныс адам­дардың ұсынымдары қолжетімді. Осыған байланысты, сапалы таңдау жасау үшін төмендегі ақпарат көздерін пайдалану ұсынылып отыр. Біріншіден, ҚР ҰБ Қаржы нарығын және қар­жы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің www.afn.kz ресми сайтында орналастырылатын ақпаратпен танысу. Бұл Интернет-ресурста жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымдары, оларға қатысты қолданылған шектеулі ықпал ету шаралары мен заңнамада көзделген санкциялар, олардың қаржы көрсеткіштері туралы жалпы мәліметтермен таны­суға болады. Сақтандыру ұйымдары қызметінің жұмыс істеу мерзіміне назар аудару маңызды, яғни компания нарықта қандай уақыт аралығында жұмыс істегендігін білу қажет. Сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы то­лық мәлімет алу үшін кәсіби талдаушылар БАҚ-та орналастыратын сақтандыру қызметтері нары­­ғын­­дағы мәліметтерді қосымша пайдалануға болады, әртүрлі форумдарда сақтандыру ұйымдарының жұ­мысы туралы пікірлерді біліп отыру абзал. Алдын ала зерттеу жүргізе отырып, өзіңіз қызығушылық танытқан сақтандыру өнімі бойынша сақтандыру шарттарын кейіннен анықтау үшін, әлеуетті және сізге анағұрлым сәйкес келетін сақтанды­рушы­лар­дың тізімін жасау қажет. Сақтандыру ұйымдарын таңдаумен қатар, ұсы­­ныл­­ған сақтандыру шарттарын мұқият зерделеудің де маңызы зор. Республиканың қолданыстағы заң­на­масына сәйкес сақтандырудың екі: міндетті және ерікті нысаны бар. Міндетті сақтандыру — егер сақ­тандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңна­ма­лық актілермен өзгеше белгіленбесе, шарттары тараптардың келісімдерімен айқындалатын заңн­а­ма­лық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асы­рылатын сақтандыру. 2003 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республи­ка­сы­ның Премьер-Министрі әлеуметтік жағынан ана­ғұрлым маңызды болып табылатын сақтандырудың міндетті түрлерінің оңтайлы тізбесін бекітті. Бұл тізбеге 11 міндетті сақтандыру түрлері кіреді, оның 10-ы қолданыста болып табылады: міндетті әлеу­мет­тік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің аза­мат­тық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтан­дыру, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақ­тандыру. Сондай-ақ тізбеде жеке нотариустардың АҚЖ міндетті сақтандыру; аудиторлар мен ауди­тор­лық ұйымдардың АҚЖ міндетті сақтандыру; тур­агенттер мен туроператорлардың АҚЖ міндетті сақтандыру; қызметкерді өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым жағдай­лардан міндетті сақтандыру; қызметі үшінші тұлға­ларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру; міндетті экологиялық сақтандыру. Ерікті сақтандыру — тараптардың еркіне сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтанды­рудың түрлері, шарттары және тәртібі тараптардың келісімдерімен айқындалады. Сақтандыру шарты жазбаша нысанда: 1) тараптардың сақтандыру шартын жасау; 2) сақтанушының сақтандырушы бір жақты тәртіппен әзірлеген үлгі шарттарға (сақтандыру ере­желеріне) қосылуы (қосылу шарты) және сақ­тандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі жолымен жасалатындығын атап өткен жөн. Міндетті сақтандыру бойынша жазбаша шарт­­тың нысаны республиканың міндетті сақтандыру ту­ралы заңнамалық актілерімен, ал ерікті сақтан­­дыру бойынша – сақтандырушымен не тараптар­­дың келісімімен айқындалады. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақ­тамау оның жарамсыздығына әкеледі. Оған қоса, заңнамада сақтандыру шарты талаптарының мазмұ­нына қойылатын талаптар және сақтандыру шар­тын ресімдеуге және оның мазмұнына қойылатын жалпы талаптар айқындалған. Шарттарда мыналар болуы тиіс: 1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері; 2) сақтанушының (егер ол жеке тұлға болса) тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) және тұр­ғы­лық­ты жері немесе оның атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері (егер ол заңды тұлға болса); 3) сақтандыру объектісін көрсету; 4) сақтандыру жағдайын көрсету; 5) сақтандыру сомасының мөлшері (аннуитеттік сақтандыру шарттарын қоспағанда), сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері; 6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оны төлеу тәртібі мен мерзімдері; 7) шарттың жасалу күні мен қолданылу мерзімі; 8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушы­лар болса, сақтандырылушы мен пайда алушы туралы ақпарат; 9) шарттың (сақтандыру полисінің) нөмірі, сериясы; 10) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі; 11) сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтан­ды­ру үшін) төлеу талаптары мен оның мөлшері; 11-1) сақтанушыны немесе сақтандырылушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабардар ету мерзімдері (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 12) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (егер бар болса), резиденттік белгісін және сақтанушының экономика секторын көрсету (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 13) сақтандыру шартында сақтандырылушы (пай­да алушы) көрсетілген жағдайда салық төлеу­шiнiң тiркеу нөмiрiн (егер бар болса), резиденттiк белгiсiн және егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса, сақтандырылу­шы­ның (пайда алушының) экономика секторын көрсету; 14) сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемі мен сақтандыру сыйлықақысының валюта түрі. Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін. Сондай-ақ, азаматтардың сақтандыру мәселе­лерін­де жеткіліксіз хабардар болуына байланысты тиісінше көңіл бөлмейтін маңызды бірқатар жағ­дай­лар бар және бұл кейіннен сақтанушыны жа­ғым­сыз оқиғаларға және сақтандыру төлемдерінен бас тартуға алып келеді. Мәселен, сақтандыру кезінде ең маңызды құжаттар сақтандыру шарты мен сақтандыру ережесі болып табылады. Үлгі талап­тар­ға қосылу арқылы шарт жасалған жағдайда сақ­тан­дырушы клиентті сақтандыру ережелерімен та­ныстыруға міндетті. Бұл ретте, осы сақтандыру ережесінің көшірмесін сұрап алуға болады. Алайда сақтанушының бар үміті – сақтан­ды­рылған тәуекелдер, сақтанушы мен сақтанды­ру­шы­ның құқықтары мен міндеттері, сақтандыру жағда­йы басталған кездегі іс-қимыл тәртібі, сақтандыру төлемі үшін талап етілетін құжаттар тізбесі, төлем жасау мерзімі мен басқа да талаптар дәл осы құжаттарда болатынын есте ұстаған жөн. Соттық дау-дамайлар туындаған жағдайда дәл осы аталған құжаттардың мәтіндері қарастырылатын болады. Сондықтан, сақтандыру шартына (полиске) қол қояр алдында: • осы құжаттардың мәтіндерімен танысу; • сақтандыру компаниясының өкілінен өздері­нің ережелерін түсіндіруді сұрау табанды түрде ұсынылады. Сақтандыру шартын жасау кезінде мына жағдайларға ерекше көңіл бөлген жөн: 1. Сақтандыру тәуекелдерінің (яғни басталған кез­де сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын тәуе­кел­дердің) тізбесі. Сақтандыру ұйымы құжаттарда жазылған және шарттарда (ережелерде) көрсетілген жағдаяттардан өрбіген тәуекелдер мен сақтандыру жағдайлары бойынша ғана сақтандыру төлемдерін жүзеге асыратынын есте ұстаған жөн; 2. Ерекше жағдайлардың, яғни олар басталған кезде сақтандыру төлемі жасалмайтын оқиғалар­дың (талаптардың) тізбесі. Мысалы, сақтандырушы сақтандыру мәнін жоятын сақтандыру өтемінің ерек­ше жағдайларының тізбесін қалыптастыруы мүмкін, өйткені осындай ерекше жағдайлар кезінде сақтандыру тәуекелдерін іске асыру ықтимал­ды­лығы барынша аз болады; 3. Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақ­та­нушы іс-әрекеттерінің тәртібі (әсіресе сақтан­ды­ру­шының орын алған жағдай туралы хабарлау мерзімдері мен тәртібі маңызды). Сақтанушының орын алған жағдай туралы хабарлау мерзімін бұзуы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздеме болып табылуы мүмкін; 4. Сақтандырушының сақтандыру жағдайы бой­ынша төлем жасау туралы шешім қабылдау мерзімі және сақтандыру жағдайының мән-жайы мен себептерін растайтын құжаттардың тізбесі. Сақтан­ды­рушы «және сақтандырушының талабы бойын­ша басқа да құжаттарды» деген тұжырымды беруі мүмкін. Осындай тұжырымның болуы сақтанды­ру­шыға оның негізінде сақтандыру төлемін кешіктіруге және сақтанушыдан растайтын құжаттардың ау­қымды тізбесін талап етуге мүмкіндік береді. Мін­детті сақтандыру түрлері бойынша сақтанды­ру­шы тиісті заңдарда көзделмеген қосымша құжат­тар­ды талап етуге құқығы жоқ екендігін ескерген жөн. 5. Франшизаның болуы және мөлшері, яғни за­лалдың өтелмейтін (белгілі бір жағдайларда) мөл­ш­е­рі. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес франшиза – сақ­тандырушыны сақтандыру талаптарында көздел­ген, белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеу­ден босату. Франшиза шартты (шегерілмейтін) жә­не шартсыз (шегерілетін) болады. Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден боса­тылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сома шегеріле отырып өтеледі. Франшиза сақтан­ды­ру сомасына қатысты пайыз бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді. Франшизаның мәні сақтанушыға, бір жағынан, ұсақ залалды төлемеуге, екінші жағынан, сақтанушының сақтандырылған мүлікке деген жауапты қызығушылығын тудыру үшін тәуекелдің және сақтандыру жауапкерші­лі­гі­нің бөлігін беруде жатыр. Осыған байланысты фран­шизаның мөлшеріне ерекше көңіл бөлген жөн, өйткені көбінесе сақтандырудың сырттан қарағанда тартымды көрінетін талаптары, мәселен, сақтан­ды­ру сыйлықақысының аз мөлшері, кейіннен фран­ши­за­ның көп мөлшерін белгілеуге байланысты пайда­сыз болып қалуы мүмкін. Осылайша, шарттың (полистің) және сақтан­ды­ру ережесінің аталған ережелерімен таныса оты­рып, әле­уетті сақтанушы өзі үшін барынша қолай­лы сақ­тандыру талаптарын ұсынатын сақтандыру ұйы­мы­на таңдау жасай алады және сақтандыру жағдайы орын алған кезде бірқатар мәселелерді «реттейді». Сонымен бірге, нарықтық ахуалдың (және аза­мат­тарға қатысты емес басқа да жағдайлардың) өз­­­­гер­мелілігін ескере отырып, сақтандыру ұйымын таң­­­дауға алдын ала мұқият талдау жасау сақтандыру тө­­­лемін алмау тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді. Иман Аль-Кейси, Қаржы қадағалау комитеті Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру басқармасының бастығы. ––––––––––––– RSS        Білім – сақтандырушыны таңдау кезінде жақсы сақтандыру. Сақтандыру компаниясын таңдауда қалай қателеспеуге болады TW         Сақтандыру үшін – істі білген жөн