• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2011

Кеден одағы: сапалық өзгеріс және тиімділік

632 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда Қызылорда өңірінің эконо­ми­калық көрсеткіштеріне талдау жасасақ, бар­­лық бағытта дерлік өсу динамикасы анық­талып отыр. Облыстың сыртқы сауда айна­лы­мы бірінші жартыжылдықта 711,2 млн. дол­ларды құрады. Бұл көрсеткішті 2010 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 167,7 млн. долларға артық. Яғни, өсім 31 пай­ызды құрайды. Экспорт көлемінің өсуіне шикі мұнай экспортының 53, сұйытылған газ экс­портының 54 пайызға көтерілуі тікелей әсер еткенін атап өткен жөн. Осы ретте Мемлекет басшысы «Кеден одағы шағын және орта бизнеске тікелей септігін тигізеді, ішкі жалпы өнімі 2 трлн. доллар болатын 170 млн. адам­­дық ірі нарық ашылады. Осындай нарық­ты табу, ашу қазіргі таңда кез келген бизнес­мен­нің арманы», екенін атап көрсеткен болатын. Қазақстанның индустриялық картасына біздің облыстан жалпы құны 88,2 млрд. теңге­ні құрайтын 27 жоба енгізілді. Алдағы уақыт­та жобалар жүзеге асуымен қарапайым х­а­лық­қа әкелер пайдасы мол болады. Жаңа жұмыс ор­ындары ашылып, әлеуметтік жағдайы шешіледі, қоғамға жақсы әсерін тигізіп, бола­шақ­қа деген қадам нық болады. Бұл жоба­лар­дың тиімділігі сол отандық өнімдер қатарын­да шы­ға­рылған тағам, тауар және шикізатты тек өзі­міздің елге саудаға шығарумен қатар экспорт­қа да жіберуге толық мүмкіндігіміз туады. Тауарлы номенклатура бойынша экспорт тал­дауы көрсеткендей Беларусь Республикасына 6 млн. 8 мың АҚШ доллары болатын мәшине бұйымдары (сұйықтыққа арналған көтергіш­тер) экспортталды. Қызылорда облысынан Ре­сей мен Беларусияға экспорт ретінде негізінен – азық-түлік өнімдері (балық, тұз, күріш, көкөніс, жеміс-жидек) және мұнай мен газ шығарылуда. Жүргізілген талдау жұмыстары импорттық тауарлардың басым көпшілігін облыстың ірі мұнай компаниялары мен оларға сервистік қызмет көрсететін кәсіпорындар пайдаланып отырғанын көрсетуде. (Мысалы: «Торғай Петролеум» АҚ, «ПетроҚазақстан­Құмкөлресорсиз» АҚ, «Саутс ойл» ЖШС және т.б.). Сонымен қатар біздің тауарлардың сапалығы жоғары болған жағдайда, шыға­рыл­ған өнімдерді әрі қарай, яғни алыс шет мемлекеттеріне тасымалданатынына үміт артуға болады. Импорт талдауы көрсеткендей басқа мемлекеттерден сапалы шығарылған шикізат, тағам немесе басқа да өнімдер келуде. Мы­салы Беларусь Республикасынан 491,2 млн. АҚШ доллары көлемінде өнеркәсіп саласы­мен байланысты химиялық өнім, 3,8 млн. АҚШ доллары болатын тоқыма бұйымдары, 1400 млн. АҚШ доллары болатын металдар, 244,3 млн. АҚШ доллары болатын өзге де тауарлар (үй жиһаздары) импортталған. Кеден одағы шағын және орта бизнеске қандай мүмкіндіктер беретініне тоқталып өте­лік. Атап айтқанда, үш елдің тауар өндіру­ші­лері мен тұтынушылары сауда қатынасы кезінде артық құжаттарды рәсімдеуден, кедендік алымдарды төлеуден босатылу сияқты же­ңілдіктер алады, тауарлар емін-еркін жыл­жи­ды. Дегенмен, Кеден одағының нарығы бәсе­кеге қабілетті жоғары тауарларға толы екенін ескеруіміз қажет. Сондықтан да, үш елдің кә­сіпкерлері, алдағы уақытта өз өнімінің са­па­сына баса назар аударуы тиіс. Себебі, Еуропа мен Қытайға дейінгі аумақты алып жатқан бір­тұтас кедендік аумақтың халқы, сапалы да арзан тауарды алуға ынталы екенін айтып жату­дың өзі артық. Бәсекелестіктің нәтиже­сін­де, ең мықтылар ғана ілгері жылжитыны белгілі. Қазіргі таңда облыс кәсіпорындары үшін басты мәселе – Кеден одағының нарығында бә­секеге қабілетті тауарлар шығару болып табылады. Осыған байланысты, кәсіпорындар ИСО сапа менеджменті стандарттарын енгізу­дің қажеттілігін түсініп, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өнімдер шығаруға бейімделуде. Бұл бағытта жергілікті кәсіпкер­ле­рі­міз қолда бар мүмкіндіктерді, шикізатты пай­далана отырып, сырттан келетін тауар­лар­ды өзімізде шығаруға, импорт алмастыруға бейімделуі қажет. Ал, Кеден одағының жұмысынан мынадай нәтижелер күтілуде. Біріншіден, Біртұтас кеден аймағын құру үш елдің әртүрлі бағыттар бойынша кең ау­қымды ынтымақтасу мүмкіндігін арттырады. Ең алдымен бірлескен өндірістер мен коопе­ра­цияларды құрудағы күш-жігерді біріктіреді. Екіншіден, үш мемлекеттің азаматтары шек­арадан өткенде кедендік төлемдерді рә­сім­деусіз, көптеген құжаттарды рәсімдеуді күт­пей-ақ бір-бірімен еркін сауда-саттық жасай алады. Үшіншіден, үш елдің ортақ рыногы 2 трлн. долларды құрайды, яғни, инвестиция үшін тартымды деген сөз. Демек, кәсіпкерлер қосымша ресурстарды тарта алады. Осылай­ша Кеден одағына мүше елдер экономикасы айтарлықтай серпін алып, жаңа жұмыс орын­дары құрылады, халыққа арналған өнімдердің түр-түрі кеңейеді. Төртіншіден, үш елдің рыногындағы бә­се­келестік артады. Бұл тауарлардың сапасы­ның жақсаруына, қолжетімділігіне ықпал етеді. Жаңа жыл мен жаңа онжылдықтың басы ЕурАзЭҚ пен ТМД және басқа да интегра­ция­лық бірлестіктер сияқты экономикалық және саяси кеңістіктердің жаңа үйлесімді құ­рылымдарының қалыптасуына бастау берген оқиғамен байланыстырылып отыр. 2010 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап Беларусь, Қазақ­стан және Ресей арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезе­ңі­не қадам басты. Жаңа одақ Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1994 жылдың наурыз айында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті қабырғасында айтқан тиісті институттық құрылымы бар Еуразиялық кеңістік құру туралы бастамасының жүзеге асуының нәтижесі деп айтуға толық негіз бар. Бұл бастама Елбасының басқа да идея­лары тәріздес, әлемдік тәжірибені зерттеу, тиісті жағдайды мұқият сараптау және эконо­ми­калық мақсаттар негізінде өмірге келді. Қа­зіргі таңда әлемнің Еуропа, Оңтүстік Америка, Оңтүстік және Орталық Африка аймақ­та­рында бірнеше интеграциялық бірлестіктер бар екендігі баршаға мәлім. Саяси жағдайларға байланысты олардың әрқайсысы алуан түрлі қа-ғидалар негізінде қалыптасқан, алайда әрдайым тиімді де пай­далы болды. Сарапшылар Кеден одағының тигізетін оңды әсерін Ресей үшін 400 миллиард долларға, ал Беларусь пен Қазақстан үшін 16-18 миллиард дол­лар көлемінде бағалап отыр. Түптеп келгенде, бұл қадам арқылы Н.Ә. Назарбаев өз еңбектерінің бірінде атап өткендей, халқы 180 миллион адамды қамтитын, яғни ТМД халқының 60 пайызын құрайтын ортақ рынок қа­лыптастыруға жол ашылып отыр. Екі елдің ортақ өндірістік әлеуеті бүгінгі күні 600 млрд. долларға бағаланып, мұнай қоры 90 млрд. баррель, ауыл­ша­руашылық өнімінің ауқымы 112 млрд. долларды құрайды. Кедендік одақ аумағында бүкіл посткеңестік кеңістіктің ішкі жалпы ұлттық өнімі­нің 85 пайызы өндіріледі. Үш елдің ортақ ішкі жалпы ұлттық өнімі 2 триллион доллардан асып, 2015 жыл­ға қарай 15-18 пайыз шамасында өсе­ді деп күтілуде. Осының бәрі Кеден одағына әлемдік беделді интегра­ция­лық ұйымдардың бірі болуына, әл­емдік экономикалық жүйеде маңызды орын алуға мүмкіндік бермек. Ең ба­с­тысы, экономикалық және саяси мақ­саттағы мұндай ірі бірлестіктер ортақ тарихы мен менталитеті және әлі де болса достық әрі туысқандық бай­ла­ныстарын жоғалтпаған халықтары­мыздың әл-ауқатын арттыру, тұрғын­д­арға жайлы өмір сүру жағдайларын жасау үшін құрылып отыр. Әрине, алдымен Кеден одағы, содан кейін Бірыңғай экономикалық ке­ңістік құру – ауқымды әрі күрделі үд­е­ріс. Ол үкіметтер арасындағы ық­пал­дастық пен үйлестіруді күшейтуді, әсіресе одаққа мүше мемлекеттердің кедендік, салық, көлік және басқа да құрылымдарының ықпалдастығын қа­жет етеді. Кеден одағын және жал­пы экономикалық кеңістікті қалып­тас­тыру – бұл үкіметтердің, әсіресе кедендік, салықтық, көліктік және оғ­ан қатысушылардың басқа да меке­ме­лерінің өзара әрекеттесуі мен үйле­сімділігін нығайтуын талап ететін, қиын, көп жоспарлы үдеріс болып табылады. Сол себепті де Кеден одағының комиссиясы құрылды және оның шешімі барлық қатысушыларға міндетті болып табылады. Басқаша айтқанда, жаңадан құрылған халық­ара­лық ұйымға үш елдің әрқай­сы­сының мемлекеттік органдарының жекелеген өкілеттіліктері бағыттал­ды. Аталған қадамның еліміздің Негізгі Заңына сәйкестілігін анықтау үш­і­н Премьер-Министр Қазақстан Рес­публикасының Конституциялық кеңе­сінен алдын ала түсінік беруді сұраған. 2009 жылдың қарашасында Консти­туциялық кеңес Конституция­ның егемендік, унитарлық, басқару түрі мен мемлекеттің территориялық тұтасты­ғы және азамат пен адамдар­дың құ­қығы мен бостандықтары ту­ра­лы ережелері бұрмаланбаған жағ­дай­ларда Қа­зақстан үшін Кеден ода­ғы шеші­мінің міндеттілік сипатқа ие екендігі туралы оң қорытындыларын берді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Беларусь, Қазақстан және Ресей ара­сында қабылданған халықаралық келісім шарттың қағидаларына сәйкес Кедендік одақ үш кедендік терри­то­рия­ларды – біртұтас кедендік аумаққа біріктіруді қарастырады. Бұл үдеріс іс жүзінде 2010 жылдың бірінші шілдесінен бастап қолданысқа кірді. Осы аумақта өндірілген және біртұтас ау­мақта еркін айналымда болатын үш­ін­ші елдерде өндірілген тауарлардың сауда-саттық айналымына кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер алынып тасталады. Үш ел үшінші елдермен бірыңғай кедендік тарифті және тауарлармен сауда-саттықты реттеудің басқа да бірегей шараларын қолданатын болады. Қазіргі таңда Қоғамдастықта ха­лық­аралық қызмет саласында, бірың­ғай көлік кеңістігін қалыптастыруда, ортақ энергетикалық рынокта және келісілген әлеуметтік саясат сала­сын­да стратегиялық бағыттар айқын­дал­ған. Бүгінде әлемде күрделі эконо­ми­калық жағдай қалыптасып отыр. Бір жағынан мемлекеттер тарапынан дағ­дарысқа қарсы қабылданған шаралар жаһандық қаржы апатына жол бермей, өз экономикаларына тигізер зар­даптарын мүмкіндігінше жеңілдету­ге жол ашты. Алдымызда экономи­ка­лық, қаржы, өндірістік және басқару жүйелерін ұйымдастыруда мемлекет­тер­дің қағидаттық жаңа деңгейге өтуіне және туындаған жаңа мәсе­ле­лерді шешуге бағытталған үлкен әрі жауапты жұмыстар тұр. Бұл, яғни еліміздің экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау Президент Жолдауының арқауы болып табы­ла­ды. – “Қазірден бастап біздің кәсіп­кер­лерге пайда болған жаңа мүмкін­дік­терді дұрыс бағалап, жаңа нарыққа шығудың тиімді стратегияларын әзір­леу­мен барынша айналысып, бәсе­ке­ге қабілеттілігін арттыру қажет” – екен­­дігін Елбасы Жолдауында атап өтті. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, тауар айналымның артуын, кедендік кедергілерді азайтуды, шек­ара­дағы бақылаудың санын азайтуды, Ресеймен және Беларусьпен арада бір­лескен ірі кәсіпорындар ашуды көз­дейді. Бір сөзбен түйгенде, сауда мен қызмет көрсету аясы кеңейіп, жақса­рады. Осы орайда Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Нұр­сұл­тан На­зарбаевтың – “Еуразиялық интегра­ци­я­ның ұзақ мерзімді келешегінде балама жоқ” деген сөздерін еске сала кетуді қажет деп есептедім. Себебі, Кеден ода­ғы Бірыңғай экономи­ка­лық кеңіс­тік құрудың негізі болып табылады. Бұл аталған елдердің дамуына жаңа серпін беретіні ешқандай дау туғызбайды. Қуаныш ЫСҚАҚОВ, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары.