• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Тәрбие 30 Шілде, 2018

Туған жер жайлы толғаныс

681 рет
көрсетілді

Бейнелеу өнер мұражайында қойылған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актеры Асылболат Смағұловтың «Туған жер» атты жеке көрмесін қызы­қ­тау­шы­лар қатары қалың болды. «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы шеңберінде ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің бі­рін­ші орынбасары Айдарбек Сапаров, Мемлекеттік қызмет сала­сындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов қатысты.

А.Смағұлов Құрманғазы атын­дағы консерваторияны бі­­тіріп, драма актері маман­ды­ғын алып шықаннан кейін ең­бек жолын Торғай облысында бас­тап, кейін Астанадағы Қ.Қуаныш­баев атындағы драма театрында жалғастырған. «Қыз Жібек» спектаклінде Беке­жан рөлін сомдағаны үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ата­ғына ие болған. Тбилисиде өткен халықаралық жастар те­атр­лары фестивалінің дипло­ман­ты атанған.

Орта Азия мен Қазақстан театрларының ха­лық­аралық байқауының Гран-приін жеңіп алған. «Ап­иын», «Ұмытпа мені», «Кө­ш­­­пенділер», «Біржан сал», «Елім-ай» «Қазақ хандығы» фи­льм­де­рінде басты және қосалқы рөл­­дерді бейнелеген. Белгілі те­атр сыншысы Әшірбек Сығай «Мұз­балақ қарақшы, қаражүрек кәз­зап Бекежанды сәл-пәл сүй­кімділікке сүйрелеген, оның сұс­ты жүзіне аз-кем қан жү­гір­ткен алаш актері Асыл­бо­лат Смағұлов болды» десе, Қазақ­станның халық жа­зу­шы­сы Сәкен Жүнісов «Қыз Жібек­те­гі» «Асылболат-Бекежан» – қазақ театры сахнасындағы үлкен құбылыс» екенін атап көрсеткен.

Көрменің ашылу рәсімінде Айдарбек Сейпілұлы кәсіби актерге облыс әкімінің құрмет гра­мотасын салтанатты түрде та­быс етіп, шығармашылық жо­лының табысты жалғаса беруіне ті­лектестік білдірді. Жан досы Ә.Бәйменов «сегіз қыр­лы, бір сырлы» тұлғаның ақын­дық, сазгерлік, әншілік, мү­­сін­шілік, суретшілік қа­бі­лет­­тері жайлы кеңінен әңгі­ме­леп берді.

Қылқалам құдіреті арқылы су­рет­шілік талантын таныта­ біл­ген жерлесіміз көрмеге 40-тан астам кескіндеме және гра­­фика жұмыстарын ұсынды. Түр­­лі жанрдағы суреттер, жан­рлық композициялар, портреттер, пейзаждар да өзіндік орын­да­лу­ы­мен ерекшеленеді.

– Бала кезімнен сурет салуға өте әуес болдым. Қабырғаларға Вас­нецовтың «Үш батырын», бас­қа суреттерді салып қоя­тын­мын. Жас ұлғая келе шын­дап айналыса баста­дым. Су­реттерім – жан дүниемнің айнасы іспет­тес. Қай-қайсысында болсын туған жерге деген балалық са­ғы­нышым мен перзенттік тол­­ғанысымды сурет тілінде «сөй­­летуге» ұмтылдым, – дейді Асыл­болат Смағұлов.

Шынында да «Уақыт», «Ана», «Шырмауық, жалған дү­­ние», «Асау күрең», «Қалың­дық» тағы басқа картиналардың кә­­сі­би суретшінің туындыларынан еш айырмасы жоқ. Қорқыт, Ақан сері, Баян Сұлу, Қыз Жі­бек, Бекежан портреттері де өзін­дік даралығымен сипатталады.

Ол бейнелеу өнері мұра­жай­ына бірнеше туындысын сыйға тартты.

 Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы