• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Тамыз, 2018

Маңғыстау облысында бүгінде 61 ауылдың 34-і талшықты-оптикаға қо­сылған

398 рет
көрсетілді

Елімізді заман талабына сай жаңғыртудың бір бағыты – цифр­ландыру. Бұл бағытта кешенді жұмыстар тұтас ел көлемінде қар­қынды жүргізілуде.

Маңғыстау облысында бүгінде 61 ауылдың 34-і талшықты-оптикаға қо­сылған. Ал облыс мектептерінің 55%-і мен медициналық меке­мелердің 8%-і 10 Мбит/с-тан астам жылдамдықпен жұмыс істейтін жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланады. Жұмысты одан әрі жандандыру мақсатында облыстық әкімдік пен «Қазақтелеком» АҚ арасында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Жол картасы» құжатына қол қойылды.

 Құжаттың негізгі бағыттарының бірі – ауылдық елді мекендерде халықтың интернет желісіне жо­­ғары жылдамдықта қатынауы арқы­лы ел экономикасының бар­­лық саласын цифрландыру қыз­­мет­тері сервистерінің бірың­ғай дең­гейін қамтамасыз ететін инфо­­ком­муникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысу және серіктес болу. «Жол картасына» сәйкес 2018-2019 жылдар аралығында 16 ауылға, оның ішінде МЖС жобасы бойынша 6 ауылға ТОБЖ салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ауылдық елді мекендерде LTE 800 технологиясы бойынша 4G жаңа буынының сымсыз қатынау желісін салу жоспарланды. Талшықты-оптикалық желіні кеңейту барлық ауыл тұрғындарын цифрлық қызметтермен, КЖҚ және ұтқыр байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ мем­лекеттік мекемелерді бірың­ғай кор­поративтік желіге біріктіріп, «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасының мақсатты көрсет­кіш­терін орындауға мүмкіндік береді. Екіжақты бірлескен іс-шара­лармен шешілетін өзекті міндет­тердің бірі – облыстың барлық бі­лім беру және денсаулық сақтау ны­сан­дарының интернет желісіне жо­ғары жылдамдықта қатынауын қам­тамасыз ету. 2018 жылдың соңына дейін Маңғыстау облысының барлық 134 мектебі мен 111 медициналық мекемесін жо­ғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл арқылы білім беру және денсаулық сақтау саласында цифрландыру жобаларын жүзеге асыруды жеделдетуге қол жеткізілмек.

«Қазақтелеком» ұсынған келесі жоба – «Smart Sity» қанатқақты жобасы. Тұрғын үйлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге арналған инновациялық өнім нақты уақыт режимінде үйде болып жатқан жағдайларды бақылауға, оқыс жағдайлар туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Ақтау қаласының 15 шағын­ау­данындағы № 35 үй «Қазақтелеком» АҚ қосқан күзет және өрт қауіп­сіз­дігінің зияткерлік тетіктері бар Қазақстандағы ең алғашқы «Ақыл­ды үй» болды. «Ақылды үйдің» сымсыз бейнекамера, қозғалыс, есіктің ашылу тетіктері қосылған өзінің бақылаушысы бар. Детекторлар қозғалысты, есік немесе терезенің ашылғандығын, бір нәрсенің жанып жатқандығын лезде бағдарлайды, ал бейнекамера оқиғаны тіркеп, суретті есеп жібереді. Туындаған қиындық туралы үй иесіне смартфонға орнатылған ұтқыр қосымша арқылы жедел хабар беріледі. Атап өту керек, пәтер иелерінің жабдықты сатып алуының қажеті жоқ, өтінім бойынша «Қазақтелеком» АҚ жаб­дықты өздері әкеліп, орнатады, құ­рас­тыру уақыты 40 минуттан аспайды.

 «Ақылды үй» пәтердің кешенді қорғалуын қамтамасыз етуге мүм­кіндік береді. Тұрғындар енді қаскүнемдердің үйге кіруі немесе үй иесінің болмаған кезінде болатын апат туралы алаңдамайтын болады. Жүйе ұялы телефонға хабарлама жіберіп, кез келген қиындық туралы лезде ескертеді, пәтерде нақты не болып жатқандығын және көмек шақырудың қаншалықты қажет екендігін ұтқыр қосымша арқылы кіріп, көре алады. Сондай-ақ №35-үйдің тұрғындары қазақ­стан­дықтар арасында кеңінен қол­да­нылатын «Бұлтты бейнебақылау» қызметіне қосыла алады. «Бұлт­ты бейнебақылау» қызметі тұр­ғындарға өз үйінің жанында және подъезде болып жатқан оқиғаларды нақты уақыт режимінде ұялы телефон құрылғысы немесе дербес компьютерінің көмегімен бақылауға мүмкіндік береді. Сурет сапасының өте жоғары болуы подъез­ге кірген адамның бет-бейнесін дәл айыруға мүмкіндік береді және архивтегі бейнежазбаларға оңай қол жеткізеді, жазбалар 7 күнге дейін сақталады. Подъезге бірыңғай бейнебақылау желісіне қосылған екі бейнекамера орнатылады, олар подъездерге кіре беріс пен олардың алдындағы аула алаңдарын түсіреді.

Бұл бағыттағы жоба аясында «Қазақтелеком» АҚ ағымдағы жы­лы Ақтау қаласы мен Жаңаөзен қа­ла­сында 250 үйге 1650 бейнекамера орнатып, көпқабатты тұрғын үй секторының 62 мыңнан астам тұр­ғынын «Бұлтты бейнебақылау» қыз­метіне қатынауын қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында «Қа­зақ­телеком» АҚ-ның тағы бір жаңа өнімі – «Ақылды ТКШ» қызметі таныстырылды. Пәтерлер мен үйлерге күн сайын тұтынылған судың, газдың, электр энергиясының немесе жылудың саны туралы ресурстық компанияға хабарлар беріп отыратын ақылды құралдар орнатылады. «Ақылды ТКШ» ресурстардың нақты қанша пайдаланылғандығы, түрлі апатты жағдайлар немесе ұрлық кезіндегі шығынның қанша екендігі туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Бұл өнім ресурстық компаниялардың «күрделі» орындарды анықтауына және оларды жөндеу жұмыстарын жоспарлау мүмкіндігімен қалпына келтіруіне ықпал етеді.

– Бүгінде өңірде жүзеге асырылатын маңызды жобалардың бірі – Бейнеу және Қарақияқ аудандарын цифрлы қызметтермен қамтамасыз ететін «Цифрлы аудандар» жобасы. Біздің тарапымыздан бұл жобаны жүзеге асыру үшін интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерінің деңгейін 100 үйге шаққанда республикалық орташа деңгей 29%-тен 60%-ке дейін қамтамасыз етуге күш са­луға бағытталатын болады, дейді «Қа­зақ­телеком» АҚ Басқарма төрағасы Қ. Есекеев.

 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы