• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Тамыз, 2018

«Агробиржа» кәсіпкерліктің өрісін кеңейтеді

434 рет
көрсетілді

Диқан үшін ең қиын мәселе өсірген өнімін тиімді бағаға сату екендігі белгілі. Маркетинг мәселесі әлсіз болғандықтан жоспарланбай егілген өнім нарық сұранысынан көп болған жағдайда шаруаларды сансыратып жібереді. 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Мәселен, кей жылдары пияз өте тиімді болады. Пияз еккендердің мелдектеп пайдаға шыққанын көрген шаруа­лар келер жылы басқа дақылын жиып қойып, пияз егіп, нәтижесінде шығарған шығынының да орнын жаба алмай, шақшадай басы шарадай болып өкініштен сан ұрып қалған жағдайлар бар. Кей жағдайда кетпенін жерге ұрып, қаладан кәсіп іздеп жататындары да кездеседі. Осылайша, қаладағы жұмыссыздардың қатарын толтырады. Үкімет шаруаларды осындай тығырықтан шығарудың жолын үнемі іздестіріп келеді. Өңірлерде де қал-қадірінше жақсы жаңалықтар дүниеге келіп жатыр.

Соның бірі, Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін, тұқымдарды, ауыл шаруашылығы техникаларын, тыңайтқыштарды, химиялық заттарды сатып алуға, сатуға немесе айырбастауға және қызметтерді пайдалануға болатын «Агробиржа» интернет-ресурсы құрылды.

– Азық-түлік тауарлары баға­сының өсуіне ықпал ететін фак­тор­лардың бірі – делдалдардың көп­тігі екені ешкімге жасырын емес. Са­рапшылардың пікірінше, олар 65-85 процентті құрайды. Бұл бұрмаланған баға мен бағаны негізсіз көтеруге алып келеді. Осы мақсатта біз «Агробиржа» ауылшаруашылық өнімдерінің саудасына арналған электронды платформа құрдық. Бұл сатылым нарығын кеңейтуге, сатып алушы мен сатушы ара­сын­дағы тікелей байланысты орна­туға, экспорттық операцияларды арттыруға мүмкіндік береді, – дейді Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бақыт Жаханов.

Қызылорда ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасы респуб­ликада да жақсы қолдау тауып отыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева осындай агробиржа құру тәжірибесін басқа өңірлерге тарату жайын айтады.

Агробиржаның веб-сайтындағы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылады. Бүгінде Қызылорда облысы ет өнімдерін Иран мемлекетіне экспорттауды бастады. Сондықтан парсы тілінде де ақпарат әзірленбек. Әдетте, диқандар мен шаруалардың өндірген өнімін базар жағалаған делдалдар шөп басын сындырмай көтерме бағамен сатып алып кететін. Үстіне өз үстемесін қойып, екі жеп биге шығып келді. Тыңайтқыш, ауыл шаруашылығы техникаларын сату мәселесі де ортада есеп айыратындардың көмегі арқылы жүзеге асырылатын.

«Агробиржа» енді шаруаларға бар керегін тауып беріп қана қоймай, еңбексіз мал табатындардың да жолын кеседі.

 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы