АҚШ-тың Флорида штатындағы ВВС базасы аймағында жеңілмоторлы Beechcraft B60 ұшағы құлады, деп хабарлайды life.ru.
WJHG телеарнасының хабарлауынша, ұшақ Огайо штатынан ұшып шығып, Эглин әскери базасына жақын жердегі орманды алқапқа құлаған. Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Ұшақтың құлау салдарынан 4 адам қаза тапты.