• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қыркүйек, 2018

ШҚО-дағы Қайнар ауылына қар жауды

1448 рет
көрсетілді

Семей қаласына қарасты Қайнар ауылына қыс басталмай жатып, 15-20 сантиметр көлемінде қар жауды.

Семейден 300 шақырым қашықтықта орналасқан Қайнар ауылының тұрғындары үш күн бойы толассыз жаңбыр жауып, соңы осындай қарға ұласқанын айтады.

«Қар түнімен төпелете жауды. Ауылда күн әлі де суық болып тұр. Көшенің бәрі лайсаң. Езіліп жатыр», - дейді Қайнар ауылының тұрғыны Сайлауғали Ысқақов.

Ал ауыл әкімі Сағын Қапақов жолдардың бәрі ашық, әлеуметтік нысандардың барлығы ашық тұрғанын жеткізді.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласы,

Қайнар ауылы