Ыстықкөлдің Қыршын жайлауындағы этноқалашықта Дүниежүлік көшпенділер ойындарының аясында өтіп жатқан суырып салма ақындардың айтысы аяқталды.
Осымен 12-ші рет өтіп жатқан қазақ-қырғыз айтысына Қазақстаннан және Қырғызстаннан сегіз-сегізден 16 ақын қатысты.
Айтыстың ережесі бойынша жүлделі орындар екі тарапқа дербес жеке-жеке белгіленген. Бас бәйгені (200 мың сом, 1 миллион теңгеге жақын) қазақ тараптан Мақсат Ақанов алды. Бірінші орынды Айбек Қалиев (150 мың сом), екіншіні Аспанбек Шығатаев, үшінші орнды Біржан Байтуев иеледі.
Қырғыз тараптан: бас бәйге Асылбек Маратовқа бұйырды. Біріншіні Баян Акматов, екіншіні Кубат Тукешов, үшіншіні Азамат Болғанбаев еншіледі.
Басқа ақындар – қазақ тараптан: Бөрібай Оразымбетов, Қажымұқан Абзалов, Жарқынбек Наушабеков және Нұрлан Есенқұлов; қырғыз тараптан: Амантай Құтманалиев, Идирис Айтибаев, Изат айдаркулова және Жылдызбек Төрөканов Грамоталармен және әрқайсысы қызықтырушы 30 мың сомдық ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Назарбек Байжігітов,
Қырғыз Республикасы,
Шолпаната қаласы