• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қыркүйек, 2018

Атырау облысында өрттен 26 адам құтқарылды

533 рет
көрсетілді

Құлсары қаласындағы №35  тұрғын үйдің терезесінен өрт шықты.

«Бүгін түнгі сағат 01.00-де Құлсары қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчерлік қызметіне Құлсары қаласындағы №35  тұрғын үйдің терезесінен өрт шыққаны жөнінде қоңырау түсті. Жалын 21 шаршы метрді шарпыған. Өрттің салдарынан түтін жоғары қабаттарға тарады. Жиырма алты адам эвакуацияланды, олардың жетеуі балалар», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Құлсары қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері тілсіз жауды сағат түнгі 02.03-те ауыздықтады. Өртке 10 қызметкер және 2 техника  жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.