iPhone XS, iPhone XS Max және iPhone үш жаңа смартфон компания ұйымдастыратын күзгі презентацияда ел назарына ұсынылады. Macerkorf порталының мәліметі бойынша iPhone 9-дың бағасы кем дегенде 799 еуро тұрса, iPhone XS – 909 еуро, iPhone XS Plus-тың бағасы 1149 еуро тұратын болады.
Сондай-ақ Apple 515 ГБ модельді таныстырады деп күтіледі. Алайда оның бағасының қанша болатыны белгісіз. Шығып қойған iPhone смартфондарының бағасы өзгереді. Порталдың мәліметі бойынша iPhone 8, iPhone 8 Plus және iPhone X-тың бағалары да жаңа телефон сияқты 799 еуро, 909 еуро, 1149 еуро тұратын болады.